«…дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?

0
6744

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына қатысып, бағыңды сына!

Атымтай Жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:

– Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.

Жомарт айтты дейдi:

– Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.

Әңгіменің тақырыбына қарап «Жомарт» — адамға тән қасиет, «Атымтай» — адамның есімі деп ойлауымыз мүмкін. Алайда Атымтай Жомарт – түрлі халық фольклорында кездесетін, әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер. Оның нақты қай жылдары өмір сүргені белгісіз, алайда ғалымдар арасында VI ғасырда өмір сүрген деген болжам бар. Аталған кейіпкер Шығыс халықтары фольклорында хикаяттық, қиял-ғажайып ертегі, тұрмыс-салт ертегі сынды үш түрлі сипатталады. Жоғарыда жазылған Ыбырай Алтынсарин әңгімесі оның өмірі мен жомарт болу себебін нақты баяндайтындықтан, осының алғашқысына жатады. Бұл әңгіме жас өрендерді еңбекке баулып, маңдай термен табылған нанның тәтті болатындығын баяндайды.

Жомарт сөзі парсы тілінен алынған, «жуван» — жас, жігіт, «мард» — адам деген мағынаны білдіреді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ