Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңі

0
1892

Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Жап-жақсы жырды кейде біз түзеумен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Біреуді сынап адам ғып, мақтаумен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Жүйкеге бола дәрі ішіп, бауырды жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ,
Аштықпен емдеп ауруды, тоқтықпен жүрміз бұзып ап.
Өмірдің өзі жұмбақ бір, өмірдің өзі қызық-ақ!..

ПІКІР ҚАЛДЫРУ