Махамбет Өтемісұлы өлеңдері

1
23708

ҚАРА НАР КЕРЕК БІЗДІҢ БҰЛ ІСКЕ

Толарсақтан саз кешіп,

Тоқтамай тартып шығарға

Қас үлектен туған қайтіп

Қара нар керек біздің бұл іске.

Қабырғасын қаусатып,

Бір — біріндеп сөксе де,

Қабағын шытпас ер керек

Біздің бүйткен бұл іске.

Маң-маң басқан сары атан

Маңғыстап шығар өріске.

Бұрынғыдай қарыны

Қона алмадық қонысқа,

Келе алмадық келіс.

Жағалай қонып қонысқа,

Тағы жақын келдік орысқа.

Ат басына соқтырып,

Ата-енені сөктіріп,

Нәлет болсын, жігіттер,

Біздің осы жүрген жүріске

Тағыда таңдап су ішкен,

Тарпаңдай тізесін бүгіп от жеген,

Тағы сынды мырза едік,

Тағы да келдік тар жерге.

Таңдансақ тағы болар ма,

Тәңірінің салған бұл іске.

*****

Қызғыш құс

Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,
Қанатың қатты, мойның бос.
Исатайдан айрылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау, қызғыш құс, қызғыш құс!
Ел қорғаны мен едім.
Мен де айрылдым елімнен;
Көл қорғаны сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан қызғыш құс!
Сені көлден айырған —
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған —
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып — айтпай немене,
Құсарлықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!

****

ЕҢСЕЛІГІМ ЕКІ ЕЛІ

Еңселігім екі елі,

Егіз қоян шекелі,

Жараған теке мүшелі,

Жауырыны жазық, мойны ұзын

Оқ тартарға қолы ұзын,

Дұшпанына келгенде

Тартынбай сөйлер асылмын.

Құла бір сұлу ат мінген,

Құйрық, жалын шарт түйген,

Құм сағыздай созылған,

Дулығалы бас кескен,

Ту түбінен ту алған,

Жауды көріп қуанған,

Мен Өтемістің баласы

Махамбет атты батырмын!


1 ПІКІР

  1. Ой спасибоооо, бүкіл интеренетті аралап шықтым. Сізде ғана таптым. Дəл эссеге керек өлеңдер. Рахмееееет)))

ПІКІР ҚАЛДЫРУ