Ең семіз палуандар қай елде?

0
2685

 — Жапонияда. Себебі, күншығыс елінде дене салмақтары 267  килоға дейін жететін сумо күресімен айналысатын палуандар ғұмыр кешеді. Сумо кемінде 2000 жылдан бері  белгілі және өзінің қатаң ережелері мен рәсімдері бар күрес түрі. Бұл күрестің негізгі мақсаты қарсыласты дөңгелек алаңнан итеріп шығарып жіберу болғандықтан, тым семіз болудың  артықшылығы бар. Грек-рим күресінде палуанға қарсыласын санынан төмен қарай ұстауға немесе  аяқтарын қолдануға болмайы.

Ал, бұл спорт түрінде бәрі керісінше жүзеге асады. Онда белдесуге шыққан қарсыласының кез келген жерінен шап беріп ұстап, ұрып жығуға әбден болады. Жалпы, Сумо күресінде барлық тәсілдерге рұқсат берілген.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ