Қашаған Күржіманұлы: Оразалы байға

0
12054
ОРАЗАЛЫ БАЙҒА АЙТҚАНЫ
Қашағанның Оразалы деген бай ағайыны болыпты. Ол
ақынға қараспаған екен. Сонда ақын байды шенеп былай
депті:
Оразалы байым бар,
Тозған тоқпақ бастанған,
Қазанқабын жастанған.
Шарыққа бауды тағуын,
Кіш-кіштеп қойды бағуын,
Қой шетіне төсеніп
Түйенің шоқпыт жабуын,
Қойды қорғап қасқырдан,
Қолына таяқ алуын,
Қырық күн шілде ішінде,
Қара ұннан көже ашытып,
Балқара деп қануын –
Қарашы, біздің шіркін бай
Шаруаның құлқын табуын!
Құдықтың аузын күзетіп,
Ор, дересін түзетіп,
Бет терісін түлетіп,
Төбесінен күн өтіп,
Шыбын жанын пида етіп,
Шаруаға жанды жүдетіп
Жүргенде, кетпесе игі еді
Біздің аршыланға тіл өтіп.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ