Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (91-95 мәтін)

0
17429
Иллюстрация: Freepik.com

101- мәтін
Томирис

Мидия, Лидия, Вавилония және Египетті басып алған парсы патшасы Кир ендігі кезекте өзіне көмектескен сақ жеріне көзін алартады. Кең далада емін-еркін жүріп өскен сақтардың күш-қуатын білетін Кир массагеттер жерін айламен өз қарамағына өткізуді қарастырады.

Бұл кезде сақ патшасы қайтыс болып, елді оның жесірі Томирис басқарып тұрған еді. Осы сәтті жақсы пайдаланғысы келген Кир елшісі арқылы Томириске құда түсіп, әйел қылып алғысы келетінін білдіреді. Бірақ Томирис Кир өзіне емес, массагеттер патшалығына құда түсіп отырғанын түсініп, оның ұсынысынан бас тартады.

Тарихи аңыздарға қарағанда, Кир Томиристің жауабына қанағаттанбай, әскерлеріне жарлық беріп, соғысқа дайындала бастайды. Жауынгерлеріне қажетті азық-түлік, қару-жарақ өткізу үшін Аракс (қазіргі Арыс немесе Сыр өзені болуы мүмкін. — А.Ә.) өзеніне көпір салуға құрылысшыларына әмір береді. Өзенге көпір салынып, жеріне қауіп төнгенін сезген сақ патшасы:

— Мидия патшасы! Сен өз патшалығыңды билеп алсаң да жетеді. Біздің жерге көзіңді тікпе. Соғыспай-ақ қояйық. Ал бұл айтқанға көнбесең, көпір салып әуре болмай-ақ қой. Егер сақ жерінде соғысқың келсе, біз үш күндік жерге шегінейік. Сендер еш алаңсыз өзеннен өтіп алыңдар. Оған да көнгің келмесе, онда сендер үш күндік жерге шегініңдер, біз сендердің жерлеріңе өтіп, сонда соғысайық, — деп елші арқылы сәлем айтады.

Уәзірлерімен ақылдаса келе Кир сақ жерінде соғысуды қалайды. Томирис айтқан уәдесі бойынша үш күндік жерге шегініп, парсы әскерлеріне Аракс өзенінен өтуге мүмкіндік береді. Бірнеше күндерден кейін парсылар мен сақтардың барлаушы топтары кездесіп, қиян-кескі арпалыс басталады. Қайшыласқан айқаста Томиристің ұлы Спаргапис бастаған сақ жауынгерлері жеңіске жетеді. Бірақ бұл уақытша жеңіс еді. Спаргапистің ержүрек сарбаздары парсы әскерлерінің аз ғана тобымен қақтығысқан болатын.

Алғашқы жеңісті тойлап отырған Спаргапис әскерінің үстіне Кирдың негізгі қолы келіп, көбін қырып жіберіп, біразын тұтқынға алады. Тұтқындардың арасында Спаргапис те бар еді. Мұны естіген Томирис шұғыл түрде Кирга елші жіберіп:

— Мидия патшасы! Сен мына болмашы жеңісіңе мақтанба! Сендер ашық айқастан қашқақтап, менің ұлымды айламен алдыңдар. Кир, енді сен менің ақылымды тыңда. Тұтқынға түскен ұлымды кайтар да, аман-есеніңде еліңе қайт. Бұған құлақ аспасаң, Тәңірімнің атынан ант етемін, қанша қомағай болсаң да мен сені қанға тұншықтырамын, -деп өз сәлемін жеткізеді.

Кир Томиристің сөзіне мән бермейді. Парсы патшасының жарлығымен алдына алып келінген сақ ханзадасы қынабындағы қанжарын өзінің жүрегіне қадайды. Парсылардың мазағына тапталғысы келмеген Спаргапис ажалдан намысты жоғары қояды.

Баласының мерт болғанын естіген Томирис парсыларға қарсы жорығын бастайды. Екі жақтың да жауынгерлері шегінбестен ұзақ уақыт соғысады. Ақырында сақтар жеңіп, парсы әскерінің тас-талқанын шығарады. Жан алып, жан беріскен осы қақтығыста Кир патшаның өзі де бақилық болады. Парсы патшасының мәйітін тапқызып, басын алдырған Томирис: «Сен менің ұлымды зұлымдықпен мерт етіп, мені тірідей өлтірдің. Сондықтан да сені қанға тұншықтыруға ант берген едім. Енді сол қанды тойғаныңша іш», — деп, кесілген басты қанға толы торсыққа салуды әмір етеді. Сақтардың әйел патшасы өз антын еш бұзбастан орындаған екен. (441 сөз)

  1. Мәтіннің мазмұнына сай тақырыпты таңдаңыз

A) Сақ патшалығы

B) Кир патшасы

C) Мидия патшасы

D) Томирис патшайым    

E) Парсы патшалығы

2. Мәтіннің түрін анықтаңыз        

A) Пайымдау

B) Зерттеу

C) Ақпарат беру   

D) Суреттеу

E) Сипаттау

3. Спаргапистің әрекетіне сай келетін мақал- мәтелді белгілеңіз

A) Ер жоқта ергежейлі есінер

B) Қару күшті емес, қару ұстаған күшті

C) Қарабет боп қашқаннан, Қайрат көрсетіп өлген артық

D) Ер бақыттың қонғанын білмейді

E) Ер мойнында қыл арқан шірімес

4. Спаргапис бастаған сақ жауынгерлерінің жеңісі неге уақытша жеңіс еді?

A) қарылып қалады

B) тұтқынға алынады

C) қоршауда қалады

D) аз ғана болады

E) сатқындық жасалады

5. Томирис парсыларға қарсы жорықты неге бастайды?

A) сертінде тұру үшін

B) баласы үшін

C) жерін қайтару үшін

D) тұтқындарды қайтару үшін

E) қанға тұншықтыру үшін

6. Мәтіндегі оқиғаның жанры қандай?

A) ертегі

B) батырлық жыр

C) тарихи оқиға

D) аңыз        

E) тарихи аңыз

7. Кир патшасы мен Сақ патшалығы арасындағы соғыс қай жерде болған?

A) Оңтүстік Қазақстан

B) Солтүстік Қазақстан

C) Орталық қазақстан

D) Шығыс Қазақстан

E) Батыс Қазақстан

8. Мәтін мазмұнын қорытындылайтын мақал- мәтелді көрсетіңіз

A) Жауға жалынба, досқа тарылма.

B) Екі сөзді ер емес.

C) Елің үшін аянба, ерлігіңе сын

D) Батырлық ерлікке бастар.         

E) Батыр майданда шынығады.

102- мәтін

1.Қазақтың абыройын жер жаһанға көтерген Қажымұқан балуан Семей қаласында ел құрметіне бөленіп жүргенде бір отырыста мынандай сұрақ қойылыпты:

– Осы біздің қазақта дәл өзіңіздей күшті бар ма? Болды ма, кезікті ме?

Сонда Қажекең:

– Бар ғой, менен де күштілер болған. Балуан Шолақ ағамызды барлығың білесіңдер. Дәл осы қалада да бір мықтыға жолыққаным бар, – деп әңгімесін бастапты. – Осындағы бір азамат жалғыз өзімді қонаққа шақырды. Көбіне елге сыйлы азаматтар, әншілер мен өнерпаздар бірге ілесіп жүретін. Шақырғандар барлығымызды қоса шақыратын да, отырыстың өзі көңілді, қызықты өтетін. Шақырған үйдің мол дастарқанының төрінде жалғыз мен. Үй иесі сөзге сараң, әлденеге алаңдаулы. Бір уақытта пар ат жеккен пәуеске сартылдата, қатты екпіндетіп келіп, есік алдына тоқтай қалды. Одан дембелше келген жігіт түсіп: «Ассалаумағалейкум!» деп сәлем бере кіріп келді. Бір тізерлеп отыра қалып, нан ауыз тиді де, маған қарап:

– Қажы аға! Уақытым аз, асығыспын. Сізді қонаққа шақыра келдім. Осы қазір жүріңізші! – деп түрегелді. Атып тұрып, ере жөнелдім. Пәуескеге отырып, Ертіске келдік. Бір қайықшы қайығымен тосып тұр екен. Қайыққа отырдық. Содан өзен ортасындағы Түйемойнақ аралына алып келді. Аралда бір жігіт тайқазанға ет асып жатыр екен. Дастарқан жайып, тамақты түсіріп болған соң, мені әкелген жігіт қайықшы екеуі кетіп қалды.

2.Аралда әлгі жігіт екеуміз ғана. Тамақ ішіп болдық. Сонда ғана әлгі бауырдың шақырған себебін түсіндіргені.

– Аға, арманым елдің даңқын көтерген сізді бір көру, қонақ етіп, құрмет көрсету еді. Алла бұл тілегімді қабыл етті. Енді сізден бір өтінішім, мені бір сынап көріңізші. Өйткені, өз күшімді сынайтын адамды жолықтыра алмай жүрмін, – дегені.

– Қалай, күресіп пе? – деп сұрадым.

– Ие.

Аралда екеумізден басқа ешкім жоқ болса да, ағаштардың арасындағы тасалау жердегі алаңқайға ертіп барып:

– Жол сіздікі, жасыңыз үлкен, — деп аяғын алшақтау қойып тұра қалды.

Әлгіні олай-бұлай итерем, тартам. Тартып тұрып, итеріп қалам. Итеріп тұрып, тартып қалам. Тамырын тереңге жіберген емен секілді, былқ етпейді. Тұрған орнынан қозғалта алмай-ақ қойдым, қақиған мойны да иілмейді.

– Ал енді өзің көр, — деп кезекті бердім. Сол-ақ екен ол бір қолымен иығымнан қапсыра ұстады да, шыр айналдырып, дедектете жөнелді. Бір уақытта екінші қолымен қоса ұстады да, жерден көтере айналдырды. Дүниежүзінің қаншама мықтыларымен күрессем де, еш уақытта мұндай күйге түспеген едім. Әлгі жігіттің қолында орамалдай желпілдеп, айнала ұшып жүрмін. Бір уақытта тік көтеріп алды да, жерге екі аяғыммен дік еткізіп қоя қойды. Сосын басын иіп, тізесін бүгіп, еңкейе тағзым етіп:

– Кешіріңіз, аға, жауырыныңыз жерге тимесін! – деді.

Күші асып тұр, тағы аға деп сыйлап, жықпай тұр. Басын иіп тұр. Ешкімді маңайына жолатпағаны да менің абырой- даңқыма сызат түспесін деген сақтығы екен.

Мен қазақ болып туғаныма, үлкенді сыйлаған әдет-ғұрпыма, оны білетін інілер барына қуанып, жүрегім елжіреп, иілген басын көтеріп, құшақтап алдым. Көзімнен жас та шығып кетті. Осындай ініні көтеріп, бағын ашсам, армансыз болатындаймын.

– Жүр, бауырым, менімен бірге. Дүниежүзінде саған тең келер ешкім жоқ. Өзім аралатам, үнемі жаныңда болам. Дүниежүзінің балуандарын енді сен жығасың. Жүр, менімен бірге! — дедім. Сөзіме, көңіліме риза болып тұр, бірақ басын шайқайды. Өмір бойы көре алмай жүрген туысын тапқандай, елжіреп ағалай береді.   (482 сөз)

  1. Мәтін мазмұнына лайық тақырыпты көрсетіңіз

A) Қажымұқан балуан

B) Беймәлім қазақ балуаны

C) Аралдағы екеу

D) Балуандар күресі  

E) Семей қаласында

2. — Кешіріңіз, аға, жауырыныңыз жерге тимесін!- деген сөйлемнің мәнісі неде деп ойлайсыздар?

A) Үлкенді сыйлағандықтан

B) Қорыққандықтан

C) Ағасы болғандықтан

D) Іні болғандықтан

E) Кіші болғандықтан

3. Орамалдай желпілдеп тіркесінің мазмұнын ашатын сөзді көрсетіңіз

A) жоғарыға көтерілді деген мағынада

B) балуанның бойы ұзын деген мағынада

C) жеп- жеңіл мағынасында

D) қолын оңды- солды сермеді деген мағынада

E) жерге құлатпайын деген мағынада

4.Жігіт Қажымұқанды неге оңаша шақырды?  

A) жеке қонақ қылу үшін

B) ешкім көрмесін деп

C) өзін сынап көру үшін

D) балуанды сынап көру үшін

E) жұрт көзіне түспеу үшін

5. «Бір тізерлеп отыра қалып, нан ауыз тиді» сөйлеміне сай мақал- мәтелді белгілеңіз

A) Қонақасы – тәңір ақысы.

B) Қонақты сөзбен тойдыра алмайсың.

C) Көңіл кең болса, үйдің тарлығы білінбес.

D) Құтты қонақ келсе, қой егіз табады.

E) Қуыс үйден құр шықпа.

6. Мәтіннің үшінші бөлігінде не туралы айтылады?

A) Аға адасса іні із кеседі.

B) Ағаны көріп іні өсер,
Апаны көріп сіңлі өсер.

C) Асыл аға, алғыр іні.

D) Ел ағасыз болмас,
көл жағасыз болмас.      

E) Ағаның үйі ақ жайлау.

7. Мәтіннің түрін анықтаңыз

A) Ақпарат беру

B) Сипаттау

C) Пайымдау

D) Зерттеу

E) Әңгімелеу

8. Тайқазан сөзінің мағынасын ашатын сөйлем

A) Үлкен той болғанда тайдың етін бірден асу үшін пайдаланған 

B) Бір ту биенің етін берден асу үшін қолданған

C) 70 шелек су сиятын үлкен қазан

D) Түркістандағы үлкен қазан        

E) А.Иассауи кесенесіндегі алтыннан жасалған қазан

103- мәтін

Адамның қолынан қырылған алыптар

XVIII  ғасырдың соңында Жаңа Зеландияда моа алып құстарын кездестіруге болатын еді, бүгінгі күні олар жойылып кеткен түрлердің тізіміне енгізілген, алайда энтузиасттар екі ірі аралдың шалғайдағы қуыстарынан осы бірегей қауырсындыларды кездестіруге әлі де үміттенеді. Бір кездері, адамдар келгенге дейін, Жаңа Зеландия нағыз құстардың «қорығы» болған, бұл жерде сүтқоректілер (жарқанатты есепке алмағанда) болмаған, қауырсындылар патшалығы дәуірлеген және көбейіп тұрған, олардың ең ірі өкілдері – моа құстары үшін тек алып қыран ғана үлкен қауіп төндіретін.

Алып моалардан басқа салмағы 20 кг-нан аспайтын өлшемі бойынша кішірек түрлері де болды. Моаның ең ірілерінің биіктігі 3,5 — 4  метрге жететін және шамамен салмағы 250 кг-дай тартатын. Сонымен бірге аналығы аталығынан екі есе ауыр болатын.

«Әрине, мұндай ұша алмайтын және тістемейтін жеуге жарамды құнарлы «тауықтар», соншалықты таудай мол еттің екі аяқты иегерлері, аралды алғаш ашушылардың құрметіне маори атауын алған, Полинезия аралынан қоныс аударғандар үшін оңай әрі дәмді табыс болған. Моалардың жойылуына аралға полинезиялық қоныс аударушылар алып келген иттер мен егеуқұйрықтар да бірталай үлес қосқан. Ғалымдардың бағамдауы бойынша, моаларды қырып-жою кезеңі ІХ ғасырдан XIV ғасырға дейін созылған.

ХІХ ғасырдың екінші ширегінде еуропалық ғалымдар экзотикалық құсқа соншалықты қызығушылық тудырды. Моалардың қаңқаларды аралдарда өте көп болатын, ал тірі нұсқасы көзге түспейтін. Аман қалған құстарды табуға тырысып, ғалымдар аралдардың оңаша ең шалғай бұрыштарына бірқатар экспедициялар ұйымдастырады. Зерттеушілердің ынтасы маорилердің Бакапунака тауының құзар басында аман қалған бір моа тығылып жүр екен деген аңызын одан әрі өршітіп жіберді. Өкінішке орай, тауда ешкім тығылмаған, бір де бір тірі құс табылмады. Моаларды алғаш зерттеуші палеонтолог Ричард Оуэн болды, дәл осы адам 1839 жылы Жаңа Зеландиядан табылған алып сүйек, қандай да бір аңның емес, құстың сүйегі екенін дәлелдеген. Ғалым өз өмірінің 45 жылын моаларды зерттеуге арнаған. Оның өтініші бойынша, натуралист Уолтер Мэнтелл 1847 жылдан 1850 жылға дейін оған алып құстың шамамен мыңға тарта сүйегі мен олардың жұмыртқаларының қабығының қалдығын жинап берген. Оуэн әртүрлі моалардың түрлерін сипаттаған және мұражайларға алып құстың бірнеше қаңқасын жинап берген. ХІХ ғасырдың ортасында Кромвельге жақын жерден моаның ең үлкен жұмыртқасы табылған: оның ұзындығы 30 см-ге, ал диаметрі – 20 см-ге тең болған. Моаларды зерттеу қазіргі уақытта да жалғасуда. Мысалы, жуырда ғалымдар моалардың популяцияларында аналықтары аталықтарынан бес есе көп болғандығын анықтады. Бұл құстардың өздеріне тән аналық дәуірі, ғалымдардың пайымдауынша, аналықтарына аталықтарына қарағанда әлдеқайда ірі болған, агрессивті аумақтық саясат жүргізе отырып, соңғысын барынша азыққа бай қатысушымен ығыстырып отырған.

2009 жылы жойылып кеткен алып құстың түсін құрастырып шығуға жол жеткізгендерін жариялады. Ғалымдардың қолында 2,5 мың жылдық жасы бар қауырсын бар болатын, олардың ДНҚ-сын зерттей отырып, ғалымдар моалардың төрт түрінде реңсіз қоңыр қауырсын болғанын, тек кейбір жеке дарабастарында ғана қауырсындарының ұшы ақ болғанын анықтаған. Ғалымдардың есептеуінше, қоңыр түстің нәзік сарғыш реңкті қауырсындары моалар үшін алыпХааст қыранынан жасырыну үшін өте жақсы бүркеме болған. Дәл осы қыран құс моалардың жалғыз жауы және әлемдегі ең ірі қыран құс болатын. (454 сөз)

  1. Мәтін мазмұнына лайық тақырыпты көрсетіңіз

A) Мао алып құстары

B) Полинезия аралындағы құстар

C) Маолардың қаңқалары

D) Ғалымдардың зерттеулері    

E) Адамның қолынан қырылған алыптар

2. Маоларды қырып- жою қанша уақытқа созылған?        

A) бес мың жыл

B) үш ғасыр

C) алты мың жыл

D) төрт ғасыр

E) төрт жүз елу жыл

3. Мәтіннің екінші бөліміндегі ойдың бірінші бөлімге қатысы қандай?

A) Алып құстарды сипаттайды.

B) Алып құстардың салмағын көрсетеді.

C) Алып құстарды әңгімелейді.

D) Алып құстар туралы пайымдау береді.

E) Алып құстарды суреттейді.

4. Маолардың жауы не болған?

A) Екі аяқтылар

B) Иттер

C) Ең ірі қыран құс

D) Егеуқұйрықтар

E) Адамдар

5. Мәтіннің мазмұнына сай мақал- мәтелді көрсетіңіз

A) Құс баласы қырымға қарайды.

Қаршыға ілген қазға сын.

B) Қыран құстың баласы ұшса келмес ұяға.

C) Қара құс басып жейді,

Сұңқар құс шашып жейді.

D) Мейірімділік — жүректен

E) Табиғат- адамның досы

6. Мәтін мазмұнына алшақ сөйлемдер

1.Хааст қыраны мао құстарына қамқор болған.

2.Адамдар мао құстарына қамқорлық жасайды.

3. Мао құстары қазір кең тараған.

A) біріншісі дұрыс

B) екіншісі дұрыс

С)үшіншісі дұрыс

D) үшеуі де бұрыс        

E) үшеуі де дұрыс.

7. Палеонтолог маманы нені зерттейді?

A) Қызыл кітапқа енгендерді

B) Алып құстарды

C) Ежелгі құстарды

D) Жойылып кеткен құстарды

E) Ерекше құстарды

8. Мәтіннің жазылу стилін көрсетіңіз

A) Ресми стиль

B) Іс қағаздар стилі

C) Көркем әдебиет стилі

D) Публицистикалық стиль        

E) Ғылыми стиль

104- мәтін

1.Үндістан – өзінің мыңжылдық тарихында өне бойына қызықты оқиғалар мен таңдай қақтырар дүниелерді жинай білген ғаламат ел. Себебі, Ежелгі Үндістан адамзат дамуын елестетуге болмайтын бүгінгі заманауи ғылымдардың көпшілігінің негізін қалады. Үндістан Республикасы Оңтүстік Азияда орналасқан, жер көлемі бойынша жетінші орынды, халық саны бойынша екінші орынды иемденіп отыр. Үндістандағы атақты Тәж-Махал, Амритсардағы алтын сарай, Махабодхи, Аджантаның үңгір ішіндегі ғибадатханалары, Эллора ғибадатханасы, Делидегі және Агре жеріндегі қызыл форт туристердің сүйікті орындарына айналған.

2.Үндістан халқы 17 негізгі тілде сөйлеседі және мұнан бөлек байырғы тұрғындар мен заманауи тұрғындарға таныс 844 диалект бар. Соңғы 10 000 жылда Үндістан ешбір елдің аумағына басып кірмеген. Осындан 5000 жыл бұрын жер шарындағы адамдардың басым көпшілігі көшпелілікпен айналысып, орманда өмір сүргенде Үндістан тұрғындары Харапптық өркениетті ойлап табады. «Үндістан» атауы Инд аталатын өзенге байланысты берілген. Бұл өзен ең алғашқы қоныстанушыларды бауырына басқан көрінеді. Кейде өзен «Шинду» деп те атала береді. Үндістан шахматтың, алгебраның, геометрияның, көптеген математиканың, гауһар тастардың, сандардың, йоганың отаны саналады. Үндістанда басқа елдерге қарағанда почта жәшіктері әлдеқайда көп екен.

3. Үндістандаға ең үлкен жұмыс беруші – Үндістан теміржолдары. Ол жерде шамамен 1 млн.-нан астам адам жұмыс істейді. Әлемдегі ең алғашқы университет б.з.д. 700 жылдары Үндістанда салынған. Онда 10,5 мыңнан астам студенттер келіп, алпыстан көп пәндерді оқыған екен. Ал Наланда аталатын IV ғасырда соғылған тағы бір университет білім беру саласында үлкен жетістіктерге жетті. Адамзат тарихындағы тұңғыш медицина мектебі – Аюр-веда осыдан 2500 жыл бұрын Үндістанда ашылды. Әлемдегі ең үлкен Бейли көпірі (Гималай) Үндістан аймағында 1982 жылы соғылды. Заң бойынша, Үндістанға үнді валютасын (рупии) әкелуге және әкетуге болмайды.  Үндістандағы қала көшелерінде сиырлар еркін жүре алады. Олар сиырды сәттілік нышаны ретінде қабылдап, қасиет тұтады.

4.Үндістанға барар алдында сіз бен біздің келісім ретінде жасайтын «бас изеу» ишарамыз оларда керісінше жасалатындығын біліп алған жөн. Біздің «бас шайқауымыз» оларды келісімді білдіреді. Үндістер сөйлескенді бастарын өте көп қимылдатады. Мұны екі тұрғынның бір-біріне қарап отырып айтқан әңгімесінен байқауға болады. Оларда еркек пен еркек арасындағы достық өте жақсы қалыптасқан. Олар көшеде бір-бірімен құшақтасып, қол ұстасып жүре береді. Бастапқыда көзге оғаш көрінгенімен, кейінірек, мұндай достықтың ешқандай жамандықпен байланысы жоқ екенін мойындайсыз.

5.Үндістан асханасы өте дәмді әрі сондай ащы келеді. Даяшыдан бұрышсыз тағам сұрағанның өзінде, ащы тағамды қанағат тұтуға тура келеді. Олардағы ең танымал тағам – Meals (әртүрлі дәмдеуіштер қосылған күріш банан жапырағына салынып беріледі). Үндістанда ананас, папайя, банан және мандариндер өте танымал. Алманың бағасы өте жоғары. Үндістанда таңғы ас, түскі ас және кешкі ас уақытпен бөлінген. Таңғы асқа берілетін тағамдарды кешкі асқа әкелдіре алмайсыз. Түске ас 12-15 аралығында, сонан кейін сағат 19:00-ге дейін барлық дәмханалар жабылады.

1.Мәтіннің жазылу стилін белгілеңіз

A) Публицистикалық

B) Көркем әдебиет

C) Ауызекі сөйлеу

D) Ғылыми  

E) Ресми іс қағаз

2. Мәтін мазмұнына алшақ сөйлемдерді көрсетіңіз

1.Пошта жәшіктері әлдеқайда аз орналасқан.

2.Үнді ақшасы көп елдерге шығады.

3.Жер көлемі бойынша жетінші орында.

4.Үндістан асханасы ащы болады.

Үндістан халқы 17 тілде сөйлейді.

A) Бірінші мен екінші

B) Екінші мен бесінші

C) Үшінші мен төртінші

D) Бірінші мен төртінші

E) Үшінші мен бесінші

3. Заң бойынша, Үндістанға үнді валютасын (рупии) әкелуге және әкетуге болмайды, себебі?  

A) Ақша елде қалу үшін

B) Өзге елдерде жүрмегені үшін

C) Үндістан ақшасының өзге елде құнсыз болғаны үшін

D) Ақша айналымға жай түсетіні үшін

E) Өзге елдермен сауда- саттық нашар болғаны үшін

4. Үндістандағы негізгі көлік түрі?

A) Пойыз

B) Су көлігі

C) Ұшақ

D) Жеңіл машина

E) Жүк машинасы

5. Үндістанда 844 диалект қалай қалыптасқан деп ойлайсыз?

A) Тұрғындар тілінің тез шұбарлануынан

B) Көптілділік жақсы дамығаннан

C) Басқа тұрғындардың көптеп келуінен

D) Тұрғындар тілінің нақты болмауынан

E) Жергілікті халықтардың көптеп қоныс аударуынан

6. Инд өзенінің ерекшелігі неде?

A) Суы мол болғандықтан

B) Алып егістерді суаратындықтан

С)  Үндістан халқын бауырына басқан

D) Үндістан атауы берілгендіктен        

E) Алғаш қоныстанушыларды бауырына басқан

7. Үндістанның үлкен жетістігін атаңыз

A) Білім саласында

B) Темір жол торабы

C) Ерекше асханасы

D) Бірнеше тілдің дамығаны

E) Атақты ғимараттардың көптігі

8. Мәтіннің мазмұнына лайық ойды көрсетіңіз

A) Әр елдің салты басқа   

B) Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте

C) Жеті жұрттың тілін біл…

D) Білім инемен құдық қазғандай.         

E) Бірлік бар жерде тірлік бар

105- мәтін

1.Бір заманда енді үйленген бір жас жігіт ілім үйрену ынтасымен ауылдан кетеді. Ұзақ сапардан кейін қалаға жетіп, медресе іздеп жүргенінде, жұмысшы іздеп жүрген бір бай кісімен кездеседі. Бай кісі жоғары ақы ұсынғандықтан, ниетін өзгертіп, оның жанында жұмыс істей бастайды. Жиырма жыл оның қасында жұмыс істеп, үш мың дирхам ақша жинайды. Сөйтіп, ауылына қайтуға шешім қабылдайды.

2.Жолда түнеген жерінде біреу «Менде сондай бір насихат бар, мұны алған адам дүниеде де, ахиретте де рахат өмір сүреді» дейді. Әлгі адам «Үйден ілім үйрену үшін кеткен едім, ілім үйрене алмадым, ең болмағанда осы насихатты алайын, қалған екі мың дирхам маған жетеді» деп, оған мың дирхам беріп, орнына «Қаза мен тағдырда не бар болса, сол орындалады! Тағдырдағыдан басқасы болмайды» насихатын алады. Сапарын жалғастырады. Басқа бір түнейтін жерде тағы да осындай біреуге кезігеді. Ол да «Менде сондай бір насихат бар, мұны алған адам дүниеде де, ахиретте де рахат өмір сүреді, бірақ құны мың дирхам» деп айқайлап тұрады. Әлгі адам «Мың дирхам ақшама да мұны алайын, қалған мың дирхам маған жетеді» деп, мың дирхам төлеп, орнына «Жүрек кімді жақсы көрсе, сол сұлу!» насихатын алады. Жолын жалғастырып бара жатқанда басқа бір түнейтін жерде тағы біреуді кездестіреді. Бұл кісі де «Менде сондай бір насихат бар, мұны алған адам дүниеде де, ахиретте де рахат өмір сүреді, бірақ құны мың дирхам» деп айқайлап тұрады. Адам бұл жолы өз-өзімен күресе бастайды. Бір жағынан ілім үйренбегенінің ауыртпалығы, бір жағынан қалған соңғы ақшасы! Ақыр соңында ілім үйрену ынтасы ауыр басып, «Тағы жұмыс істеп ақша табармын» деп мың дирхамын оған береді, орнына «Өзің ұнатпайтын, түсініксіз жағдайға тап болғаныңда асықпа!» деген насихатты алады.

3.Сапарын жалғастырады. Жолда топталған адамдарға кезігеді. Жандарына жақындағанда олар: «Мына құдықтың ішінде бір жынды бар, қасында бір қыз бар. Ауылымыздың суын тоқтатты. Ішіне кім түссе де бәрін өлтіріп жатыр. Бізді бұл қиыншылықтан құтқарған адамға мына ыдыстағы алтындарды береміз» дейді.

4.Адамның ойына бірінші «Қаза мен тағдырда не бар болса, сол орындалады! Тағдырдағыдан басқасы болмайды» деген насихат келеді. Құдыққа түседі. Жынды «Саған бір сұрақ қоямын, жауап берсең суды ашамын. Мына қыз сұлу ма, әлде мына құрбақа ма?» деп сұрайды. Екінші насихат ойына келеді, «Жүрек кімді жақсы көрсе, сол сұлу» деп жауап береді. Жынды «Жарайсың! Осы кезге дейін бәрі қыз сұлу деді, олар білмеді, сен таптың» дейді. Жынды құрбақаны жақсы көргендіктен, бұл жауапты ұнатады, сөйтіп суды ашады. Ал әлгі адам алдыңғы ақшасынан да көп болған алтындарды алып ауылына қайтады.

5.Үйінің терезесінен қарағанында, ішінде әйелінің жанында бір жас жігіттің қалжыңдасып тұрғанын көреді. Бірден пышағын қынынан суырып тұрғанда үшінші «Асықпа!» деген насихат есіне түседі. Пышағын жасырып, есікті тоқылдатады. Жұбайы есікті ашып жанындағы жас жігітке «Қара балам, әкең келді!» деп қуанады.

1.Мәтіннің жазылу стилін белгілеңіз

A) Публицистикалық

B) Көркем әдебиет

C) Ауызекі сөйлеу

D) Ғылыми  

E) Ресми іс қағаз

2.Мәтіннің төртінші бөлімінің мәтінге қатысы қандай? 

A) Алған ілімнің қажетке жарағанын көретеді.

B) Жігіттің ақылдылығын көрсетеді.

C) Еңбекпен табылған бақыттың тәттілігін көрсетеді.

D) Өмірде жақсылық пен жамандықө қатар екендігін көретеді.

E) Жігіттің асқан сабырын көрсетеді.

3. Мәтіннің түрін белгілеңіз   

A) Әңгімелеу

B) Суреттеу

C) Пайымдау

D) Сипаттау

E) Зерттеу

4.Ахирет сөзінің баламасын көрсетіңіз    

A) Өлер алдында

B) Өмірге келгенде

C) О дүние

D) Мына дүние

E) Көрге түскенде

5 . Тағдырдағыдан басқасы болмайды деген ойдың мәнін ашыңыз

A) Өміріңнің жақсы болуы

B) Әр адамның өз тағдыры бар

C) Өміріңді өзің жасайсың

D) Тағдырыңды өзгерте аласың

E) Өз тағдырың өз қолыңда

6. .Жындыны сабасына түсірген қандай сөз?

A) «Өзің ұнатпайтын, түсініксіз жағдайға тап болғаныңда асықпа!»

B) «Қаза мен тағдырда не бар болса, сол орындалады!
С)  «Тағдырдағыдан басқасы болмайды»

D) «Жүрек кімді жақсы көрсе, сол сұлу»        

E) «Мұны алған адам дүниеде де, ахиретте де рахат өмір сүреді »

7. Мәтіннің соңғы бөлігіндегі ойға сай келетін нақылды көрсетіңіз.

A) Асықпаған арбамен қоянды қуып жетеді.

B) Сенім- бәрінен биік тұрады.

C) Асығыс түбі- өкініш

D) Сабыр түбі- сары алтын.

E) Сабырлылық- көркем мінез.

8. Мәтін мазмұнын қорытындылайтын ойды белгілеңіз   

A) Көп білгеннен емес, көп көргеннен сұра.

B) Сабырлы адам жеңіске жетер.

C) Жылтырағанның бәрі алтын емес.

D) Білім мұратқа жеткізер.        

E) Білімдіге дүние жарық.

Ұқсас материалдар: 

  1. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  2. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  3. Көркем троптар, олардың түрлері
  4. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  5. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  6. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  7. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  8. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (62-65 мәтін)
  9. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  10. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  11. Әдебиеттің тектері мен түрлері
  12. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  13. Лирикалық тек, лирикалық жанрлар
  14. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  15. Драмалық тек, драмалық бейнелеу
  16. Әдеби ағымдар туралы түсінік
  17. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (16-20 мәтін)

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ