Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (16-20 мәтін)

0
5031
Иллюстрация: Freepik.com

16-мәтін

Мысырдағы пирамидалар барлық замандарда да адамдардың қызығушылығын тудырғаны мәлім. Ал бұл қызықты сәулеттің тарихы болса өте көне дәуірлерге созылуда.

Шумерлердің зиккураттары Мысыр пирамидаларының алғаш үлгілері ме еді? Мысыр ескіден, тарихтан бұрынғы замандарда Месопотамиядан әсерленгендігі мәлім, осы тұрғыдан да мұндай сәулет байланыстарының болуы әбден мүмкін. Мексика жерлерінің оңтүстігіндегі Мая мәдениетінде де осы пирамидаларға ұқсас сәулетті ғимараттар, яғни Мая ғибадатханалары бар. Бұлардың да Мысыр пирамидаларына, бәлкім көбірек Шумерлердкіне ұқсас жақтары бар. Мәшһүр археолог Тор Хидерхал бірнеше жыл бұрын Ра атты кеме жасатып, Александриядан Мексикаға қарай сапарға шығады. Мақсаты Мысырлықтардың Америкаға дейін бара алғандығын дәлелдеу еді. Бір жағынан Шумерлердің де, Мысыр мәдениетінің алғаш құрылымында дінбасылардың әрі Америкадағы Маялардың аталарымызбен, яғни прото түрктермен байланысы болғандығы тақырыптары бар…

1. Мысыр пирамидаларының адамдардың қызығушылығын тудыруының себебі

A) Әдемі салынғандықтан
B) Тылсым құпияға толы болғандықтан
C) Өте биік болғандықтан
D) Көне болғандықтан
E) Мысырда ғана болғандықтан

2. Мәтінді жеткізудегі тәсіл түрі

A) Ақпарат
B) Пайымдау
C) Суреттеу
D) Сипаттау
E) Баяндау

17-мәтін

«Американы алғаш ашқан Колумб» деп жазылып келсе, таяуда осы қателік түзетілді. Ғалымдардың зерттеуінше, Американы алғаш ашқандар арабтар екен. Атап айтқанда, Абдул-Рахим және Абдулла ибн Малик бастаған теңізшілер екен. Араб теңізшілерінің біразы сол күйі Америкада қалып қойған. Америкада қазір өмір сүріп жатқан үндіс-алгонкиндер — осы араб теңізшілерінің жергілікті үндістермен араласып-құраласуының нәтижесінде өмірге келген тікелей ұрпақтары. Ғалымдар қазір оқулықтан Колумбты алып тастап, оның орнына Абдул-Рахим мен Абдулла ибн Маликтің атын жазды. Яғни, тарихи әділеттілік қалпына келді.

Бірақ… Саясаттың жүрмейтін, араласпайтын жері жоқ қой, кейбір АҚШ саясатшылары «Араб терроршыларымен күресіп жатқан кезеңде Американы арабтарға ашқызып койғанымыз қалай болар екен?» деп қарсылық білдіріпті…

1. Мәтіннің екінші бөліміндегі айтылған ой

A) Саясат қателігінің салдары
B) Терроршылар әрекетінің көрінісі
C) Арабтар күресінің нәтижесі
D) АҚШ саясатшыларының қаупі
E) Тарихи әділеттік туралы

2. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Американың ашылуы
B) Араб теңізшілері
C) Тарихи әділеттілік
D) АҚШ саясатшылары
E) Араб терроршылары

18-мәтін

Бұны әңгіме дейсіз бе, әлде шағын естелік дейсіз бе оны өзіңіз біліңіз. Анық білетінім, қолыма қалам алғызып отырған сағыныш. Балалық шаққа деген, қазіргі уақытта Балқаш қаласында ұстаздық қызмет атқаратын әпкеме деген сағыныш. Біздің Қарағанды төңірегнінде өзінен үлкен қыз баланы апа деп те айта береді. Жалпыға түсінікті болу үшін жазып жатқаным ғой.

Әпкем екеуміздің қызығымыз көп. Алғаш әріп үйретіп, есеп амалдарын шығару жолдарын үйреткенінде мен 5 жастамын. Газеттерді судыратып оқитын дәрежеге жеткізді. Үйге келген қонақтарға көлдей «Лениншіл жасты» оқып берем. Не жазылғанын түсініп жатқан мен жоқ, мақтауға марқайып жүре беремін. Әріп үйренгенім өзіме сор болды. Әпкем енді «Жарты сағатта қыс туралы өлең шығар,жаз туралы өлең шығар»деп қинайтын болды. Аңда-санда қалам алып, қағазға өлең жолдарын түсіріп жататынымыз да сол әпкеміздің арқасы. Әпкем бала кезінен ұйымдастырушылық қырынан таныла білді. Біздің шағын Талдыбұлақ ауылының шеткері үш үйінің балаларын жиып, мереке сайын концерттік бағдарлама дайындайтын. Үй арасындағы бағаналарға жарнама ілгенді мен сол кезде әпкемнен көргем.

1. Автордың қолына қалам алып естелік жазуының себебі

A) Әпкесіне деген сағыныш
B) Балалықты аңсау
C) Есейгенді мойындау
D) Өзгелерге үлгі болу үшін
E) Әңгімеге арқау болу үшін

2. Мәтіннің екінші бөліміне сай даналық ой

A) Әпкенің үйі -кең жайлау.
B) Туыс туыс болса туыс,
Туыс болмаса панасыз қуыс.
C) Ағайын барыңда аузыңды жалайды,
Жоғыңда желкеңнен қарайды.
D) Бауыр шырын, бас тәтті,
Ағайынмен ішкен ас тәтті.
E) Туа жаман жоқ,
Жүре жаман бар.

19-мәтін

Абылай хан жоңғарларға қарсы бір жорықта алдын барлау үшін, мың адамды екіге бөліп, бір тобын Қарабұжыр Қанжығалы Жанатайға, екіншісін сол рудан шыққан ақсақал Бөгенбайға бастатып, ілгері жіберіпті. Екеуі де ханның ержүрек, сенімді батырлары екен. Батырлар ұзақ уақыт бойы орала қоймаған соң, Абылай уайымдап, өзінің көріпкел жырауы Бұқардан: «Менің жігіттеріме не болды екен, оралмауына не себеп?» — деп сұрапты. Сонда Бұқар айтыпты: «Жанатай Талқы арқылы барады, ал Бөгенбай Құлжан батыр секілді қиыннан жол тауып өтеді. Ал енді Хан-Баба болса, көп ұзамай қайтып келер. Талқының асуы қысыңқы әрі қауіпті» — депті. Абылай ішінен Жанатайдың зор қауіпке душар болғанын сезді. Жырау сөзін жалғастырып: «Жанатай бұзып-жарып өтіп, ұлысын олжалайды. Жанатай әкелген аққұба қызды Абылай сұлтан алады» — дейді. Абылайдың айтуынша, сол жолғы болжалдың орындалуынан соң, төбесі көкке жеткендей зор қуанышқа бөленсе керек……

1. Абылайдың мың адамды екіге бөлуінің себебі

A) Екі жақтан шығу үшін
B) Әр руды жеке жіберу үшін
C) Осы тактиканы дұрыс деп тапқаны үшін
D)Жорықтың алдын барлау үшін
E) Жасағының күшін бақылау үшін

2. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Абылайдың қуанышы
B) Бұқардың болжамы
C) Екіге бөлінген жасақ
D) Олжалы батырлар
E) Батырлар жеңісі

20-мәтін

Терезеден тауға қарап Бекнұр ұзақ отырды. Мазасы жоқ. Ойы шашыраңқы. Көз алдына ұстазы Меруерттің бейнесі келе берді. Ғажап адам. Ұстаз болсаң — осындай бол! Не деп еді? – Сендер елдің болашағысыңдар! «Мен жастарға сенемін!» деп айтқан Мағжан аталарыңдай мен де сендерге сенемін,- деп нық айтты емес пе? Меруерт апай солай айтқанда, Бекнұрдың сол жақ кеудесі шымыр етіп, бойын бір ыстық леп шарпып өткен. Сенімін ақтауы керек, қалайда. «Сеніңіз!» деп саңқ етті Бекнұр. Айтты да, өз дауысынан өзі селк етті. Дәл қазір қасында ешкім жоқ болса да, ол өзінен-өзі ұялып қалды. Тағы да қағазға үңілді. Ұстазы бүгінгі сабақта оқушыларға еркін тақырыпта көлемді шығарма жазып келуді тапсырған. Осы көркем шығарма арқылы оқушыларының көркем әдебиетке бейімділігін, дүниетанымын, қабілет, парасатын анықтап алатындығын

да айтқан. Бекнұрдың ғана емес, бүкіл оқушылардың бәрі Меруерт апайдың көзіне түскісі келетіні анық. Ендеше, іздену керек осал шығарма жазуға болмайды, оқығанда жұрт елең етіп, ұстазы арқасынан қағып, басынан сипауы керек.

Қолына қаламын ұстаған Бекнұр бөлмені кезіп, терезеден тауға қарай берді…

1.Бекнұрдың терезеге қарап ұзақ отыруының себебі

A) Шығарма жазу алдындағы толғаныстан
B) Меруерт апайдың сөзі есінен кетпегендіктен
C) Даладағы табиғатқа күйінгендіктен
D) Шашыраған ойын жинайын деген оймен
E) Шығарма жазу қиынға түскендіктен

2. Бекнұрдың толғанысына қарап, Меруерт ұстаздың қандай ерекшелігін байқаймыз?

A) Бірбеткейлігін
B) Білімділігін
C) Ұлтжандылығын
D) Біліктілігін
E) Ұстамдылығын

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ