Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (21-25 мәтін)

0
4600
Иллюстрация: Freepik.com

21- мәтін

Бүгін күн бұлтты, тымырсық еді. Күншалғанның биік бастарына шөккен бұлттар сейілмей қонақтап жатып алды. «Басынан биік таудың мұнар кетпес» деген осы. Күншалған аласа болса, басына ақиық бүркіт ұя салмас еді, бура бұлттар қонақтамас еді. Биікке — қыран да, бұлт та, сөз де үйір. Такаппар тау ештеңені елемей маңғаз тұр. Аласармайды. Аласармасын! Егер Күншалған аласа болса, бұғы, марал, арқар, құлжа, тауешкі мекен етпес еді.

Екі бала қымызға бөртіп әңгіме шертіп отырғанда, қозылар қойжуалы белеңге шығып кетіпті. Белдің ар жағы қалың орман. Орманға уақ мал бір кірсе, табу да, орманнан айдап шығу да қиын. Сол орманда қоңыр аю мекендейді. Балаларға қорқыныш та сол. Тау етегіндегі тайларына мінген Сапар мен Жапар қозыларға қарай тұра жарысты. Күрең қасқа тай мінген Жапарды қарагер тайлы Сапар қуып жетті. Екі тай қатарласып қыратқа шауып шықты. Қозыларды кері қайтарды.

1. Мәтіндегі: « Күншалған аласа болса, басына ақиық бүркіт ұя салмас еді, бура бұлттар қонақтамас еді.» деген сөйлемнің мәнісі

A) Күншалғанның өте биік тау екендігін

B) Бүркіттің ұясын тек биікке ғана салатынын

C) Күншалғанның басын үнемі бұлттар басып тұратынын

D) Бүркіттердің үнемі сол шыңға ғана ұя салатынын

E) Аласа шыңның басын бұлт баспайтынын

2. « Биікке — қыран да, бұлт та, сөз де үйір»деген сөйлемдегі автордың айтпақ болған ойы

A) Үлкеннен өнеге, Кішіден ізет.

B) Көргені жақсы көш бастар.

C) Ұлық болсаң, кішік бол.

D) Биіктікке биік қана шығар.

E) Тексізді төрге шығарма.

22-мәтін

Қалың қар жауған қыстың бір күні, Арман қолына күрек алып, есік алдын тазалауға кіріседі. Көрші үй жаққа қарап еді, үйге барар жолы жасалынып дап-дайын болып тұрғанын көрді. Ертеңіне қайта қар жауады. Арман көршісінен қалыспайын деп, бұл жолы әдеттегіден жарты сағатқа ерте тұрады. Далаға шығып қараса, көрші үйдің есік алды баяғыдай тазаланып қойылыпты.

Үшінші күні болса, қар кешегіден де көп жауған. Бірақ бұл жолы да, Арман жолды тазалау үшін ертерек тұрса да, көршісінің үйіне жол тазаланылып қойылғанын көреді. Көршісімен кездескен сәтте, Арман тура сұрайды: «Сен есік алдындағы қарды қалай ғана тазалап үлгересің? Әр көргенімде үнемі тап-таза болып тұрады», – дейді. Көршісі оған: «Жолды қардан ешқашан тазалаған емеспін. Келіп-кететін достарымның көптігінен болса керек, жол өздігінен-өзі тазаланып, осылай болады», – дейді.

1. Арманның көршісінің ауласына қарауының себебі

A) Көреалмаушылықтан

B) Іштарлықтан

C) Еліктегеннен

D) Жауапкершіліктен

E) Бәсекелестіктен

2. Мәтіннің екінші бөлігін қорытындылайтын даналық ой

A) Досы жоқпен — сырлас, досы көппен — сыйлас.

B) Жас күнде кімді көрсең — бәрі дос

C) Дос таппаған ер азар — басшы бақпаған ел азар.

D) Дос адам маңайынды жұмақ етер.

E) Айырылысар дос ердің артқы қасын сұрайды.

23-мәтін

Бір жігіт данышпан қарияға келіп қанша талпынып талаптанса да, қаржыдан қысылып, дүниеге жарымай жүргенін баяндапты. – Сірә, менің маңдайыма осындай таршылығы мол тағдыр жазылған шығар.. – Талпынып талаптанған адамның табысқа жетпеуі мүмкін емес, сенің қателігің соны түсінбеуде жатыр,- дейді қария.

Сонан соң данышпан жігітті өзен жағасына алып келіп, өзімен бірге суға алып түсіпті. Адам бойламайтын терең жеріне алып келіп, басынан ұстап, төменге басыпты. Алғашқыда шыдап көруге тырысқан жігіт, болмай бара жатқан соң, жоғары шығуға ұмтылыпты. Шалдың қолынан босанып шыға алмағасын, қатты бұлқынып, су бетіне басын зорға шығарып ауа жұтыпты. Сонда данышпан қария: міне, сенің талпынысың осындай болғанда ғана, таршылықтың тұсауынан босай аласың, – депті.

1.Жігіттің табысқа жетуіне кедергі болған

A) Еңбегінің жеткіліксіздігі

B) Талпынысының жоқтығы

C) Ақшасының жоқтығы

D) Таршылықтың қыспағы

E) Қолдаудығ болмауы

2. Мәтін мазмұнына лайықты ой

A) Әуелі бойыңда талант болсын, Талантыңа талабың қанат болсын.

B) Білімдіден шыққан сөз — талаптыға болсын кез.

C) Талпынған табысқа жетеді.

D) Талабы жоқ жас — Қанаты жоқ құс.

E) Талап — тұлпар, Білім — сұңқар.

24- мәтін

Төрт құрбақа өзеннің жағасымен ағып келе жатқан ағаштың үстінде отырды. Бір уақытта ағаш өзеннің ағысымен жүзе бастады. Құрбақалар суда жүзіп бара жатқандарына риза, ағаштың қайда барып тірелетінін қызыға күтуде. Бір кезде құрбақалардан біреуі: «Бұл ағаш ғажап екен. Үлкен кеме сияқты жүзіп бара жатыр. Бұрын мұндай ағаш көрген емеспін»- дейді.

Екінші құрбақа: «Жоо, досым! Ағаш басқа да ағаштар сияқты әрекетсіз. Өзеннің ағымы арқасында ғана ағаш жүзіп тұр. Ағаштың үстінде отырған біздер де солай»- дейді.

Сөз кезегін үшінші құрбақа алады: «Ағаш та, өзен де қимылсыз. Өзгеріп тұрған біздің ойларымыз ғана. Өйткені ой болмаса, ештеңе де орнынан қозғай алмас».Осы кезде үш құрбақа қайсы дұрыс айтты деп дауласады. Ешбір ортақ шешімге келе алмаған құрбақалар төртінші құрбақаға бұрылып, пікірін сұрайды.

Төртінші құрбақа: «Бәрің дұрыс, ешбірің өтірік айтқан жоқ. Ағаш, су мен ой бірге қозғалуда»- дейді. Құрбақалардың үшеуі де мұндай жауапқа ашуланады. Өйткені ешқайсысы өзін дұрыс, қалған екі құрбақаның толығымен дұрыс емес екенін қимайды. Сосын үш құрбақа бірігіп, төртінші құрбақаны ағаштан өзенге итеріп тастайды.

1.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Ашуланшақ құрбақалар

B) Төрт құрбақа

C) Құрбақалардың дауы

D) Үш құрбақаның әрекеті

E) Судағы ағаш

2.Үш құрбақаның төртінші құрбақаны суға итеріп жіберуінің себебі

A) Іштарлықтан

B) Көрсеқызарлықтан

C) Бірбеткейліктен

D) Менмендіктен

E) Өркөкіректіктен

25-мәтін

Ертеде бір қаланың пәк әрі әділ қазысы жалғыз қызын иманды біреуге тұрмысқа бермек болады. Қызын талай байлар айттырады, бірақ олар қазының көңілінен шыға қоймайды. Бір күні қазы дем алу үшін бау-бақшасына барып жайғасады. Бақша күтушісіне жүзім әкелуін өтінеді. Ол бір шоқ жүзімді жуып, қазыға ұсынады. Қазы жүзімді ауызына сала бере, артынан іле-шала жерге түкіріп тастайды да: – Неге жүзімнің тәттісін алып келмегенсің? – деп сұрайды. Сонда бағбан: – Қайсы жүзімді әкел десеңіз, соны әкелейін, ал олардың қайсысы тәтті екенін білмеймін. Қазы таңғалып: – Екі жылдан бері жүзімдерді өсіріп, баптап келесің. Оның дәмін әлі күнге ажырата алмай жүрмісің? – Сіз мені жұмысқа аларда жүзімдерді күтесің деген едіңіз. Ал дәмін татып тұр деп айтқан жоқсыз. Сондықтан осы уақытқа дейін бір жүзімді де аузыма салып көрген емеспін, – депті Таңғалған қазы әйелімен ақылдасып: – Біз іздеп жүрген күйеу бала алыста емес, дәл біздің шаңырағымыздың астында екен. Қызымызды осы жігітке берейік – деп, қыздарын адал бағбанға тұрмысқа береді.

1. Бақша күтушісіне қызын беруінің мәнісі

A) Қызы бақша күтушісіне ғашық болады.

B) Бақша күтушісінің адалдығына тәнті болады

C) Бақшы күтушісі өз ісіне жақсы қарайды.

D) Байларға қызын бергісі келмейді.

E) Қызымен шамалас жас болған соң келіседі.

2.Мәтін мазмұнына лайықты сөйлем

A) Жүзімнің дәмі тым тәтті болады.

B) Қызын байға бергісі келеді.

C) Жүзім толық піспеген еді.

D) Байлар көңілінен шықпайды.

E) Әйелімен ақылдаспай шешеді.

3. «Барымташылар» деген сөзге сәйкес келетін ой

A) Рұқсатсыз өзге ауылдың малын айдап әкететін адамдар

B) Ауыл-ауылға түскен қарақшылар

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ