Қазақ хандығы қалай құрылды?

0
5430
Гомотетия және оның қасиеттері

Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру

Мектеп:

Сынып:3 Пән:Дүниетану

Ортақ тақырып: Атақты тұлғалар

Бөлімше: Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар

Күні: Қатысқандар саны:      Қатыспағандар саны:
Тақырып: Қазақ хандығы қалай құрылды?
Оқыту мақсаты 3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру.
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) Барлық оқушылар:

  • Қазақ хандығының қайда және қашан құрылғанын біледі;
  • қалай және неліктен құрылғанын біледі.

Көптеген оқушылар:

  • шығармашылық формада Керей мен Жәнібек сұлтандардың Әбілқайыр ханнан бөліну себептерін көрсетеді;
  • бір сұлтанның атынан көшпелілерге арнап үндеу құрастырады;
  • жағдайдың ары қарай қалай дамитынына болжам жасайды.

Кейбір оқушылар: Қазақ хандығының құрылуы туралы бейнебаянның сценарийін құрастырады.

Тілдік мақсат

Оқушылар Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіреді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Керей, Жәнібек, Қазақ хандығы.

Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер.

Қазақ хандығын Керей мен Жәнібек сұлтандар құрды.

Қазақ хандығы Жетісудың батысында Шу өзені мен Талас өзенінің алабында құрылды.

Талқыланатын мәселелер:

Неліктен Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілқайыр ханнан бөлінеміз деп шешті?

Олар қайда бағыт алды?Оларды жат жерде қандай кездесу күтіп тұрды?

Қазақ хандығы қашан және қайда құрылды?

Қазақ хандығының аумағы қалай ұлғайды?

Жазылым:

Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы жазбаша әңгіме құрастыр. Осы оқиғаға қатысты өз ойыңды білдір.

Алдыңғы білімдер Түркілер және олардың өмір сүру салты. Менің арғы бабаларым – қыпшақтар.
Сабақ жоспары
Сабақтың кезеңдері Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Шаттық шенбері. Топқа бөліну

Барлығымыз табиғатты сүйеміз,
Үлкендердің сөзін ойға түйеміз.
Денсаулықты әрқашан да сақтаймыз,
Бейбіт өмір баршамызға тілейміз!

Ұрпақтар сабақтастығын «Ағашқа» төменнен жоғары қарай орналастыр. Оқушылардан жеті аталарын сұрау.

(Тек ата, түп ата, баба, арғы ата, ата, әке, бала)

Дискриптор:

  • ұрпақтың жалғасын табады.
  • Жеті атасын атайды.

«Бастағы қалпақ» әдісі арқылы алдыңғы білімді еске түсіру. (Музыка әуенімен бастағы қалпақпен алмасады, әуен тоқтағанда қалпақ кімде қалса сол оқушы сұрақтарға жауап береді)

  • Ерте замандардан адамдар қандай болып бөлінді?

 

  • Олар қандай кәсіппен айналысты?
  • Түркі тайпаларының ішіндегі ең көбі кімдер болды?
  • Қыпшақтар тағамдарына нені қолданды?
  • Егер сен қыпшақ отбасына қонаққа барсаң, олар саған қандай ас мәзірін ұсынкы мүмкін?
  • Қазіргі кезде біз тарыны қолданамыз ба? Тағам түрін ата.

КБ: Бағдаршам

Дискриптор:

  • Қыпшақтардың өмір сүру салтын біледі
  • Қазақтармен байланысын ажыратады.

Шаттық шеңбер

Ағаш суреті

Қалпақ

C:\Users\123\Downloads\372169_654001923.jpg

Ой қозғау

Жаңа сабақ

(Т) Мұғалім: «Салыстыр» тапсырмасын таратады

– Балалар, алдарыңда суреттерге қарап қазақтар мен қыпшақтардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын атаңдар.

ҚБ: Бағдаршам

Дискриптор:

-суреттке қарап айырмашылығы мен ұқсастықтарын табады.

-қыпшақтар біздің бабамыз екенін біледі.

Мұғалім: Ой қозғау . Хан туралы не білеміз?

Оқушылар: -Хан ол елді басқарушы.

Хан-ол батыр, қолбасшы.

Хан-ол текті адам.т.б. жауаптар.

(Ж) Сабақтың соңында нені білуіміз, нені үйренуіміз керек?

Мұғалім: Оқушыларға К,Ж,Қ әріптерін таратып 3-топқа бөлді.

Оқушылар:Өз алған әріптерімен топтарының қандай атау алғанын атап, оның қай жылдары таққа отырғанын атады.

Оқулықпен жұмыс. Әр топ өз бөліктерін оқып танысты.

Мұғалім :-Олай болса интерактивті тақтаға назар аударайық. (Оқушыларға видео көрсетті)

Дискриптор:

  • Қазақ хандығының құрылу себептерін білді;

-Қазақ хандығы алғашында қай территорияны алғанын білді;- «Қазақ» сөзінің баламасын білді,

-Ұлы тұлғалармен танысты;

А4 парағы, маркерлер

Әріптер, Топ атаулары

Оқулық

Bilim.lend сайты

видеотаныстырылым

С абақ ортасы

Мұғалім : Картадан Керек мен Жәнібек ханның алғаш құрылған кезіндегі аумағын, шартты белгілермен таныстырды. Қасымхан тұсындағы аумақты көрсетті.

(Ж.ж) Қазақ хандығы алғаш рет құрылған аймақты қоршап сыз. Парталаыңмен жұмысыңды орында.

Кб: бағдаршам әдісі

Дискриптор:

  • Картадан территорияны белгілейді
  • Парталасымен анықтайды.

 

Карта , дәптер

Сергіту сәті:

Мұғалім: Балалар 1 оқушының «Мен қазақпын» әнін орындатқызды

Мұғалім: «Дөңгелек стол» әдісі арқылы әр топ өз топтарымен берілген мәтін мен видеодан көргендерін бір оқушы бір сөйлем жазса, келесі жалғастырып жазады.

КБ: Басбармақ

Дискриптор:

-Өз мәтіндерінен түсінгендерін жазады;

— Сөйлемнің байланысын сақтайды;

-Мәтін мазмұнын ашады.

Ән

Ламинатталған А4 парағы маркерлер

Парақтар таратылады

(ҚБ) «Шағын тест» стратегиясы. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылғандығы жайлы білімдерін тексермек үшін мұғалім бір бет парақта шағын тестті орындауды ұсынады (орындалу уақыты – 5 минут):

  1. Қазақ хандығы қашан құрылды?

А) 1435 жылы; В) 1455 жылы; С) 1465 жылы.

  1. Қазақ хандығы қай жерде құрылды?

А) Шу мен Талас өзендерінің арасында;

В) Еділ мен Жайықтың арасында;

С) Сырдария өзенінің алқабында.

  1. Қазақ хандығын қандай сұлтандар құрды:

А) Қасым мен Бұрындық;

В) Керей мен Жәнібек;

С) Тәуекел мен Есім.

  1. Жәнібек пен Керей қай ханнан бөлек шығып, ірге аударды:

А) Жәңгір; В) Тақыр; С) Әбілқайыр.

  1. Қазақ хандығы Қазақстанның қай бөлігінде құрылды:

А) Батыс; В) Солтүстік; С) Оңтүстік шығыс (Жетісу).

Рефлексия

«Нысана» әдісі бойынша. Мұғалім оқушыларға Нысанадағы сандарға өз аттарын жазуды ұсынады.

2.Өте қызықты.

3.Мен үшін жаңалық

4.Бәрі түсінікті

5.Белсенді қатыстым

Кері байланыс «Нысана»

Стикерлер

C:\Users\User\Desktop\img17.jpg

Үй тапсырмасы С. Қазақ хандығы қалай құрылғандығы жайлы әңгіме құрастыр. Осы оқиғаға қатысты өз ойыңды білдіруге тырыс. Дәптер

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ