Қазақстан — достық пен татулықтың мекені (мерекелік кеш)

0
4628

Мақсаты:

1. Қазақ тіл өнерін, шешендік  пен тапқырлықты қазақ тарихындағы тіл шұрайын тану, үлгі алу.

  1. Мемлекеттік тілдің зады мәртебесін көтеру, өзге ұлттың өкілдерінің  қазақ  тілін білуге құштарлығын арттыру.
  2. Жастарды өз ана тілін құрметтеуге, тіл байлығын дамытуға, ана тілімізді мақтан тұтатындай тұлға  тәрбиелеу.

Өткізілу түрі: Мерекелік кеш

Көрнекілігі:  Шарлар,гүлдер, cлайд,бейнеролик, көрме

  1. Қазақтың қыран сияқты қос қанаты бар: бірі-халық тілі, екіншісі-орыстілі.Ғ.Мүсірепов
  1.  Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы. Ш.Айтматов
  1. Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды,тарихымызды ұмыту. Б.Момышұлы.
  1. Сақтар болсаң халқыңды-тиілді сақта,

Баға жетпес мұра жоқ тілден басқа!

Тілден өзге жиһаздың бәрін түгел

Базарлайсың қалтаңда ақшаң жатса. Ә.Сәрсенбаев.

Өткізілу барысы:

  1.  Қонақтарды қарсы алу — 8. 30
  2. Қазақы дастарханым ұлттық жәрмеңке -10. 30
  3. Білімді мыңды жығар ұлттық ойын,сұрақ мақал-мәтелдер жарысы 12. 10
  4. Қазақстан-достық пен татулықтың мекені мерекелік бағдарламаҚонақтарды қарсы алу.

1- жүргізуші: Қайырлы таң ұстаздар мен білімгерлер!

Барлықтарыңызды Қазақстан халықтарының тілдері мерекесімен  шын жүректен құттықтаймыз! Тілдер мерекесіне арналған«Қазақстан-достық пен татулықтың мекені» атты мерекелік бағдарламаны ұйымдастырып жатқан қазақ ауылына қош келдіңіздер.

2- жүргізуші:

Қазақстан Республикасын мекен еткен 150 дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастықта, бір үйдің баласындай тату — тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат — мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт — дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды.

Сондай — ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдығы үшін ерекше бағалайды, бастысы — өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

1- жүргізуші:

Достықты, ынтымақты дәріптейтін «Қазақстан халықтарының Ассамблеясы- қазақстанның саяси жүйесінің маңызды бір белгісіне айналды. Ол барлық  этностардың  мүдделерін  бір арнаға  тоғыстырады,ұлттың тегіне қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжытпай сақталуын қамтамасыз етеді»,-деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев.

Ұлы достықтың тарихына көз жіберсек, сонау қазақ үшін сын сағаттарда патша жарлығымен кіндік кескен жерінен, Отанынан айырылып, қазақтың басына түскен қуғын- сүргін олардың да басына  түсіп,  бірі айдалып,  бірі  пана іздеп  келгендер- орыс, украин, татар, башқұрт,  кәріс, дүңген,  ұйғыр, поляк, неміс т.б.  ұлт өкілдері.

2 жүргізуші:

Қазақстанның түкпір- түкпірінен орын алды. Қазақ халқымен бір үзім нанды  бөліп жеп, бір кесе айранды бөліп ішті, міне, сол кезде ортақ мақсат, ортақ кәсіп патша өкіметінің зорлық- зомбылығы оларды бір-біріне жақындастыра түсті.

Біздің Қазақстанда 150-дан астам ұлт өкілдері  тұрады. Бәріміз татумыз. Оның себебі: қазақ халқы қонақжай, көпшіл, мейірімді. Бұл халықтың табиғаты  дүниедегі  ешбір  ел-жұртқа ұқсамайды. Оның  тұрмыс-тіршілігі, салт- дәстүрі, әдет- ғұрпы сан алуан  қырлы да сырлы. Сондықтан қазаққа туа  біткен интернационалист. Қазір шын мәнінде халықтар отбасы болып отыр.

Еліміздегі халықтар достығы, татулығы жасасын! Бар ұлттың баласы, етеңгі ел болашағы сендердің қолдарыңда. Әр кез достықты дәріптейік. Осы елде, осы жерде туып өскен барлық ұлттың Қазақстан ортақ үйі екенін естен шығармайық!

1- жүргізуші:     

Қазақстан әлемдегі саяси тұрақтылығы бекем елдердің бірі. Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудың көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Ұмтылу жолы өте ауыр. Қанына, бойына, санасына мықты рухты күшті сіңірген қазақ еліне бұл зілді болмауы тиіс. Осы тұрғыда мемлекеттің бірден-бір алға қойып мақтанар айнасы – этносаралық татуластық.

Жер шарының картасына көз салсақ, қазақ жерінің ұлан байтақ атырапты алып жатқанын көреміз. Қазақ елінің көңілі де дәл сондай, кең, дархан. Соның арқасында, Қазақстан жерінде 130-дан аса ұлт өкілдері татулықта өмір сүріп келеді. Бізбен көршілес кей елдердегі, тіпті алыстағы көптеген мемлекеттер өз ішінде дау-дамай туғызып, жанжалдасып, қанды шайқасқа дейін баратындары жайлы құлағымыз естіп, көріміз көрген. Соларға біздің «Жұмылғанда жұдырық, ашылғанда алақан» болып отырғанымыз үлкен сабақ болып жатқан шығар деген ой түйіп, «осы күнімізге де шүкір, тәуба»,- деп қоямыз.

2 -жүргізуші:

Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған. Ұлтаралық татулықты нығайтуға Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың өкілі келешек ұрпағымыз үшін этносаралық достықтың, конфессияаралық түсіністіктің қаймағы бұзылмауына еңбек етіп, атсалысады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстандағы тұрақтылықты сақтаудың алғы шарты ретінде бірінші экономиканы өркендетудің қажеттілігін алға қойған. Сол себепті, «Алдымен экономикаға» қағидасын ұстана отырып, экономиканың әр саласында білек сыбана қызмет істеп жүрген барлық этностың басын қосып, Қазақстан халқы Ассамблеясын құруы – өзге халықтарға үлгі-өнеге бола білді.

1- жүргізуші:

Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті – достықты нығайту ғана емес, оған қоса әр ұлттың тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Елбасымыздың телеранттылық ұстанымына сәйкес өзге ұлт өкілдері де қазақ тілін, тарихын, мәдениетін, дәстүрін жете білуі керек.

Дегенмен, олар өз ұлтының құндылықтырын еркін меңгеріп өсіп келеді. Қиын-қыстау заманда қазақ елін паналап, қамқорлығын, жақсылығын, кеңпейілділігін, адамгершілігін, қонақжайлылығын көрген өзге этнос өкілдері қазақ халқын жоғары бағалап, құрметтейді. Өзге ұлт өкілдері қоныстанған аймақтарда, сол ұлттың тілінде балабақша, мектеп көптеген ұйымдар өз міндеттерін атқарады. Өз тілдерінде еркін сөйлеп, өз ойларымен биік шыңдарды бағындырып жүргендері де бар. Бұл қазақ елінің жомарттығының айқын дәлелі.

2-жүргізуші

2012 жылғы 14 ақпанда Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев : «Жаһандану дәуірі көп ұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт бірге үлес қосты. Ендеше, Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ.

Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт.»,- деп айтып өткен.Тәуелсіз елімізде, этносаралық татулықтың, достықтың, конфессияаралық бірліктің де берік негізі қаланды. Ендігі біздің мақсатымыз – елдегі  тұрақтылықты сақтап, экономикалық өркендеуді дамыта отырып, өз  Отанымыздың ертеңгі кемелді келешегі үшін, баянды болашағы үшін адал  қызмет ету.

3.Білімді мыңды жығар ұлттық ойын,сұрақ мақал-мәтелдер жарысы

 1 — жүргізуші:

Қанша жұрт тілін үйренсең,

Соғұрлы ана тілің шат.

Үйреніп жирен жиренсең,

Өнерді дейді білу шарт,-

2- жүргізуші:

Дей алмас қайдан әкелді,

Бар тілден үйрен білімді.

Ұмытсаңдағы бөтенді,

Ұмытпа ана тіліңді.

Өз тілің өркен өскенің,

Ананың берген ақ сүті,

Мақтаның ұлттық ол сенің.

демекші: өз тілін, ұлтын мақтан тұтатын білімгерлеріміздің білім

деңгейлерін саралап көрсек.

1- жүргізуші : Ендеше сұрақтарға назар аударамыз. Дұрыс жауапты

білетін білімгерлер жауап береміз.

  1. Нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған салт-дәстүр қалай аталады? (Шілдехана)

2.Үрлеп ойнайтын аспап қалай аталады? (сыбызғы)

  1. Үш ішекті домбыра қалай аталады? (шертер)

4. Күй атасы ( Құрманғазы)

5.Қазақ тілі қандай тілдер тобына жатады? (түркі тілдер тобына)

  1. Туыстығы жағынан қазақ тіліне ең жақын тілдер?(қарақалпақ, ноғай,өзбек, татар, қырғыз тілдері)
  1. Қазақтың ұлттық ат спорты ойындарын атаңыз? ( қыз қуу, аударыспақ, теңге ілу, көкпар, бәйге, жамбы ату) 
  2. Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?(150-ден астам ұлт ) 
  3. Қазақтың ұлттық тағамдары (ет,қазы, қарта,қуырдақ, айран,

көже, бауырсақ, құрт ,ірімшік, т.б)

10. Қыздардың тұрмысқа шығарда киетін ұлттық бас киімі (сәукеле)

11. Жаңа түскен келінді барған елімен таныстыру әні (Беташар)

12. Қыздарға арналған сәндік зергерлік бұйымдар( сырға, жүзік, моншақ,білезік т.б.)

13. Қымызға арналып ағаштан жасалған,ауыз жағы тарлау келетін піспегі бар ыдыс қалай аталады? ( күбі)

  1. Тіл туралы кім көп мақал-мәтел айта алады? 
  2. Ақындардың тіл туралы өлеңдерін айтып бере аламыз ба? 
  3. Қазақтың қандай сал-дәстүрлерін білеміз?
  4.  Қазақ халқында келін түсіру салты өте маңызды. Сондықтан ақылдаса отырып қазақтың салт- дәстүрі бойынша «қыз көріп» немесе «жар таңдайды». Бұл ертеден келе жатқан дәстүр. Ол қыз айттыруға баратын өкіл. Қыздың әке-шешесімен сөйлесіп, бойжеткенге құда түсіп, «қыз айттыру» дәстүрін орындайды. Бұл дәстүр қалай аталады. (Бұл дәстүр «Жаушы жіберу» деп аталады)
  5. Қазақ халқында кеңінен тараған әдет-ғұрыпты ойындарының бірі болып саналады.Оны жастар ұйымдастырады.Үлкендер жолаушылап кеткен жағдайда жастардың жиналып бас қосатын кездері.Ата-енелері үйлерінде болмаған кезде кыз-келіншектер мен келін, абысындар жиналып өткізеді.Жиналғандар үлкендер жоқ жерде өздерін еркін сезініп, ойындар ойнап, ән айтып, би билеп уақыттарын әңгіме- думан құрып өткізеді.Бұл қандай әдет-ғұрып ойыны.   (Бұл әдет-ғұрып «Бастаңғы» деп аталады)
  6.  Қайтадан қыз алысып, қыз берісіп құдалықты жалғастыру салты.Қазақ халқында қазіргі кезде кездесетін салт.Бір кездері құдандалы болған адамдар құдалықтарын ұзақ жалғастыру үшін қыз берісіп, қыз алысады. Бірақ ата-аналары ақылдасып және екі жастың келісімі бойынша жасалатын салт. Бұл салт қалай аталады.  (Бұл салт «Сүйек жаңғырту» деп аталады)
  7. Ертеде өлімге немесе ауыр жазаға кесілген адамға кешірім, бостандық немесе жеңілдік сұрайтын дәстүр болған.Бұл негізінен адам басын өлімнен, өте ауыр жазадан аман алып қалу үшін жасалған.Мұны беделді, сөзі өтетін адамдар ғана сұрай алған.Сұрап алған адам да өз жолынан жығылмай тиісті адамның құнын, шығынын өтеп, екі елді бітімге келтіру жолына шақырған. Бұл дәстүр қалай аталады. (Бұл дәстүр «Сауға» деп аталады)

1 жүргізуші: Қайырлы  күн  әріптестер қадірлі білімгерлер! Сіздерді Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

2 жүргізуші: — Республикамызда 22 қыркүйек дәстүрлі түрде Қазақстан  Республикасының халықтарының тілдер күні ретінде тойланады.  Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстанның болашағы-

қазақ тілінде» деп бекер айтпаған. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алып, әр салада кеңінен қолдану барысында нақты іс шаралар қабылдануда. Бүгінгі өткізіп отырған игі шараларымыз да осы мәселенің жалғасы іспеттес. Қазақстан халықтарының  тілдері мерекесіне арналған «Қазақстан –достық пен татулықтың мекені»  атты кешімізді бастауға рұқсат етіңіз.

( Қазақ биі )

1- жүргізуші:— Біздің түпкі мақсатымыз мемлекеттік тілді және Қазақстан халықтарының тілдерін барынша насихаттау қадір-қасиетін әспеттеу.

 2 — жүргізуші: «Тілдің тазалығын сақтаушы академия да емес, грамматика да емес, білімдар да емес, тілді таза қалпында сақтайтын халықтың рухы»,- дейді белгілі сыншы В.Белинский.

 1- жүргізуші: Сауатты сөйлей білу, тіл тазалығын сақтау-әрбір сөйлеушінің қатаң есінде болар қағида.Тіл тазалығы-тек өзге тілмен шұбарламау ғана емес,әр сөзді орнымен қолдана білуде. «Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ» соның ішінде мемлекеттік-тіл өз құдіреттілігін дәлелдеп келеді.

2 — жүргізуші:  Ал халайық тұрмайық,

Әндетейік жырлайық.

Ортамызды ашайық,

Думандатып би билеп.

Қаражорға биімен,

Інжу-маржан шашайық.

Қаражорға биі

1 — жүргізуші: «Қазақстан халықтарының тілдері күні жалпыхалықтық мереке ретінде еліміздің рухани ұстанымын нығайтып, азаматтарды татулық пен бірлік идеялары төңірегінде топтастыруға, өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм мен жалпы адамзаттық ынтымақтастыққа тәрбиелеуге қызмет етуі тиіс» -деп Елбасы Н.Ә. Назарбаев тіл туралы талап-міндеттерінде атап көрсеткеніндей біз бүгін Тіл мерекесін тойлап жатырмыз.

2 — жүргізуші: Әр халықтың өз ана тілі бар. Өз тілдері өздері үшін қасиетті ана сүтімен дарыған төл тілдері.Бірақ бүгінгі таңда мемлекетіміздің Тәуелсіздік алуына байланысты еліміздің әнұраны мен елтаңбасы, туы мен мемлекеттік тілі орнықты.Соған орай барлық басқа ұлт өкілдері мен қазақ азаматтары мемлекеттік тіл-қазақ тілін меңгеруге зейін қойып, қазіргі уақытта заман талабы ретінде тілді еркін меңгеруді мақсат етіп отыр.

1- жүргізуші: Қазақстан Республикасының Президенті Н .Ә.Назарбаев 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында былай дейді: «Біз ұлтына және діни наным-сенімдеріне қарамастан,әрбір қазақстандыққа салт-дәстүр,мәдениет пен дінді таңдауға ерік беретін еркін әрі ерікті қоғамның негіздерін нығайтуға тиіспіз.»Осы жолдауды басшылыққа ала отырып, Қазақстанда тұратын 130-дан астам ұлт өкілдері мемлекетіміздің, өсіп өркендеуіне бір кісідей үлес қосуда.

Қанекей тілім сөйлеші мәнерлеп өлең оқу

 1- жүргізуші:

Армысың ардақты анам-қазақ тілім,

Бір өзіңнен тараған өнер,білім.

Құтты болсын, бүгінгі тіл мейрамы

Жарқын болсын әрқашан келер күнің.

2 — жүргізуші:

Ана тілмен шықсын да жастар тілі,

Келешекке сол болсын бастар тілі,

Алдыменен өз тілін жақсы сөйлеп,

Содан кейін үйренсін басқа тілді.

Сөз зергерлері мен өнер саңлақтарының айтқан аталы сөздері

 2-жүргізуші: Қазақ тілі-өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл.Оған қысылып-қымтырылып, еріннің ұшынан шүлдірлеп сөйлеу мүлде жат.Қазақ қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады.Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім,іштей үйлескен ырғақ болады.Кейде қазақ болып туғаның үшін әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің

1 — жүргізуші:

Ардақтап анасын, құрметтеп данасын

Бауырға басқанбыз баршаның баласын.

Татулық, достықтың киелі бесігі

Мейірбан Ұлы Отан қазақтың даласы

дей отыра кезекті  Ернардың орындауындағы әсем әнге береміз.

  2 — жүргізуші: Ең жақсы бала-ана тілін құрметтеген ұл мен қыз. Бұл тіл-сені басқа тілді меңгеруіңе бөгет болмайды,қайта сені адамгершілікке жетелейді.Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіңе себепкер-сол ана тілің.    Ұлттық ойын                   

1- жүргізуші:  Ана тілінің бүге –шігесіне терең иірімдеріне бойлай білу-саналы  азамат болғысы келетін  әр адамның бірінші парызы. Өзге тілді меңгеруіңе кезек содан кейін берілмек.Ана тілінің байлығын пайдалана алмаған адам-пақыр, күлкіге ұшырайтын жан. Ендеше ана тілімізді қастерлеп, қадірлеуіміз керек.

2 — жүргізуші:

Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй,- деп Абай атамыз айтқандай ендігі кезекте Абай атамыздың Көзімнің қарасы әнімен Меркібай Гүлнұрды ортаға шақырамыз.

2 — жүргізуші: Еліміз егемендік алғалы ана тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болып, қолданыс өрісі кеңейді.Белгілі бір тілдің мемлекеттік мәртебеге ие болуы оңай бола қалатын іс емес.

1- жүргізуші: Себебі,ол тіл мемлекеттің иесі болып отырған халықтың мүддесінен шығып,барлық саладағы мұқтаждықты өтей алатын дәрежеде болуы шарт дей келе, әрбір Қазақстан Республикасының азаматы ана тілімізге жанашырлық танытып, қадірлей білсек, нұр үстіне нұр болар еді.Ендеше, ана тіліміздің мәртебесін бірге көтерейік ағайын.

2 -жүргізуші: Осымен «Қазақстан халықтарының тілдері күні» мерекесіне орай өткізілген «Қазақстан –достық пен татулықтың мекені» атты мерекелік кешіміз аяқталды.Көріскенше күн нұрлы, аспанымыз ашық болсын!

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар:

  1. Тәуелсіз Қазақстаным
  2. Қазақстан авторлары қоғамы
  3. Түркия мен Қазақстан арасындағы білім және ғылым жөніндегі пікір алмасу

ПІКІР ҚАЛДЫРУ