Түрлі түсті доптар (балабақша жоспары)

0
2788
Дене шынықтыру

Білім  беру  саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Мақсаты: 4 негізгі  түстерді(қызыл,көк,сары,жасыл) ажыратуды  жетілдіру.Заттарды  пішіні,түсі бойынша  топтастыруды үйрету.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу,көрсету,сұрақ-жауап

Көрнекі құралдар: түрлі түсті шарлар,пішіндер,үлестірмелі материалдар,манка ұнтағы.

Сөздік  жұмыс: Қызыл,көк,жасыл,сары.

Мотивациялық  қозғаушылық: Тақтаға әр түрлі шарлар ілінеді,түрлі түсті доптар қойылады.

Балалардың  ойынға деген қызығушылықтары арта түседі.

Шаттық шеңбер:

Қане,қане  тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Қолымызды ұстайық,

Күн сәулесін жасайық.

-Қане,балалар бір-біріміздің қолымыздан ұстап,күн жасайықшы.Күн жарқырап  шыққан  кезде  біздерге  шуағын шашады.

-«Ғажайып сәт» (күннің келуі)

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!

Мен сендерге тапқырлар әлемінен келдім.Сендерді ақылды,тапқыр деп естідім.Өзіммен бірге шарлар ала келдім.Бұл шарлар жай шарлар емес,сиқырлы шарлар.Шарларды табыс етейін.(шығып кетеді)

Ұйымдастыру-іздестіру.

-Мына доптың  түсі қандай?

-Көк шарды көрсету.

-Күннің түсі қандай?

-Сары  шарды көрсету.

-Дұрыс,себебі күннің көзі сары.

 

-Мына гүлдің түсі қандай?

-Қызыл шарды көрсетеді.

-Мына доптың түсі қандай?

-Жасыл шарды көрсетеді.

-Дұрыс,себебі табиғат көктемде оянып,жер беті жасыл түске боялады.

Балалар біз түстерді білдік,енді бізге  күннің  табыс еткен шарлары несімен сиқырлы екен, соны білгілерің келе ме?

Ол үшін шарларды бір-бірден жарып көрейік.Кәне,кім маған көмекке келеді.

Ойын: «Судағы бассейн»

Манка ұнтағының ішінде жасырылған пішіндерді тауып,топтастырады.

Сергіту сәті:

Қызыл,сары,көк түсті.

Міне шарлар көп түпті.

Қане қайсысын таңдайсың,

түсін біліп алғайсың.

Ойын: «Кім жылдам»

Балаларды ортаға шығарып,музыка әуенімен шарларды түстеріне қарай топтастырып,себетке жинатқызу.

Ойын: «Пирамида»

Пирамиданы жинамас бұрын,ең алдымен үлкеніне кішісіне қарай жинаймыз.

Балалар апаймен бірге жинайды.(музыка әуенімен)

Рефлексивті-түзетушілік: Балалар,сендерге оқу-іс әрекеті ұнады ма?

Сендерге күннің көзі өзінің сыйлығын беріп кетті.Күн сияқты күлімдеп жүрсін деп кішкентай сары түске боялған күн шуақтарын табыстауын сұрады.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ