Саңырауқұлақ туралы түсінік. Балабақшаның ортаңғы тобына арналған технологиялық карта

0
2131
Иллюстрация: Freepik.com

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі: Жабыстыру                                         

Мақсаты :  Балаларға саңырауқұлақ туралы түсінік беру. Шаршыдан , төртбұрыштан әр түрлі формалар қиюды үйрету .

Құрал- жабдықтары: Саңырауқұлақтың суреті ,қайшы ,желім

Билиньгвальды компонент: Саңырауқұлақ – грибы

Іс — әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
  Мотивациялық-қозғаушылық Балалар бәріміз бізге қонаққа келген апайлармен амандасайық.

Білер қазақ баласы,                                   Сәлем сөздің анасы.                                Жасы үлкенді сыйлаған,                           Өсер елдің баласы.                            Тәрбиелі баламыз,                              Жетілген ой-санамыз.
Жасы үлкенге ізетпен,                              Біздер сәлем береміз!

Амандасады
Ұйымдастырушылық -ізденістік Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын, ал сендер шешуін тапсаңдар,онда біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы табылады.

Тіреумен тіреп ақырын,
Көтеріп тұр шатырын.                                 Бұл не?                                                             — Алдымен саңырауқұлақпен танысып өтейік.

Осы кезде саз әуенімен екі саңырауқұлақ билеп кіреді де балалармен амандасады.

Саңырауқұлақтар туралы
иллюстрациялық суреттерді көрсетеді.

Тәрбиеші ормандағы саңырауқұлақ түрлерімен таныстырады.

 

Қараңдаршы балалар,суретте көп саңырауқұлақтар бар.

Бұлар түлкішек,ақ саңырауқұлақ,шыбыпжұт деп аталады.

Саңырауқұлақтар жеуге жарамды және улы болып екіге бөлінеді.Біздің жақтағы саңырауқұлақтар улы саңырауқұлақтар,оларды жеуге болмайды.

Кәне кім саңырауқұлақтардың түрі,түсі туталы әңгімелеп береді.                 Жұмыс барысы:

Енді осы алдымыздағы ақ қағаздағы саңырауқұлақтарды жақсылап қиып аламыз , соданкейін қолымызға қылқаламды алып желімге батырып саңырауқұлағымыздың артына жағамыз да оны жасыл қатырғы қағаздың ортасына жапсырамыз.

 

Енді қолымызға қылқаламды алып желімге батырып аламызда саңырауқұлақтың бастарына жағамыз .Содан кейін қарақұмықты алп саңырауқұлақтың бастарына сеуіп , үстінен басып жапсырамыз

Енді қылқаламды алып желімге батырып саңырауқұлақтың денелеріне  жағамыз да күрішті алып үстіне себемізде оны жақсылап қолмен бастырып жапсырамыз .

Т.Сонымен бізде саңырауқұлақтың астыңғы жағы қалды , оған біз қолымызға қылқаламды аламызда желімге батырып жағамыз, сосын қарақұмықты астыңғы жағына сеуіп  ,түсіп қалмасын деп үстінен басып жапсырамыз .

Жарайсыңдар балалар

Сергіту жаттығуы:

Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.                    Кездесті, міне, керегі,                           Екеуі қайың астынан,
Біреуі терек астынан,
Қанша болды есепте,
Сал тоқылған себетке.

Дидактикалық ойыны: «Керісінше айт» Мақсаты: Қарама-қарсы мағыналы сөздермен жауап бере білуге үйрету.

Көрнекілік: доп Барысы: Балаға допты беріп қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруді сұрайды. Мысалы: «таң» десе, бала «кеш» деп жауап берді.

Саңырауқұлақ 

 

 

Тыңдайды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Саңырау-
құлақтың екі түрімен танысады .

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ақ қағаздағы саңырауқұлақты қиып алады да қолдарына қылқаламды
алып желімге батырып , саңырау-
құлақты айналдырып артқы жағына жағады.
Саңырау-
құлақты жасыл қатырғының ортасына орналастырып жапсырады.

 

 

 

 

Балалар қылқаламды
желімге батыры саңырау-
құлақтардың басына жағып , қарақұмықты жақсылап жапсырады .

 

 

 

 

 

Балалар жұмыстарын аяқтайды.

 

 

 

 

 

Сергіту сәтін қайталайды

Рефлексиялық- түзетушілік Балалар жұмыстарынан көрме жасап балаларды мадақтап,оқу іс-әрекетін қорытындылау.Сау болыңдар! 

 

Сау болыңыз

 

Күтілетін нәтиже:

Саңырауқұлақты қиып жабыстыра алады, суреті арқылы қарап түсінеді.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ