Қазақстанда мекендейтін ұлт өкілдерінің бәріне достық қарым-қатынасқа, өз халқына, еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне тәрбиелеу.

0
3303
Достық\n

Тақырыбы: Достық

Мақсаты: Қазақстанда мекендейтін ұлт өкілдерінің бәріне достық қарым-қатынасқа, өз халқына, еліне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезіміне тәрбиелеу. Адамгершілік жақсы қасиеттерге: достыққа, татулыққа, қамқорлыққа, сыйластыққа, қайырымдылыққа, бауырмал болып өсуге баулу.

Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, ұран сөздер, мақал-мәтелдер, өлең жолдары, буклет, ұлт өкілдерінің суреттері, шарлар, суреттер көрмесі

Барысы:

 Балалар әдемі әуен ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойымен сапқа тұрып, жалаушалармен жаттығу орындайды.

Мұғалім: — Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Бүгінгі «Достық» тақырыбына арналған ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!

 «Біз өмірдің гүліміз» әні орындалады. (Ақгүл, Шынар, Жоламан)

 Осы кезде Алдар Көсе келеді.

Алдар Көсе:

— Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерде бүгін ертеңгілік болып жатыр деп естіп, соған әдейілеп сендерге сұрақ қойғалы келдім.

Балалар, сендер қандай Республикада тұрасыңдар?

Елордамыз қай қала?

Президентіміз кім?

Нышандарды кім атап бере алады?       (Балалардың жауабы)

Мұғалім:

— Құрметті Алдар Көсе, біздің балаларымыз білімді ғана емес, өнерлі де, сізде бізбен өнерлерін тамашалаңыз.

— Балалар! Әр елде сол елдің негізгі халқы белгілі бір ұлт тұрады, ал біздің Қазақстанның негізгі халқы да , қожасы да – қазақ халқы. Ана тілі – қазақ тілі. Мемлекеттік тілімізде – қазақ тілі. Сендердің болашақтарың айқын бақытты болмақ. Оған кепіл Қазақстандағы халықтар достығы. Қазақстанда 150-ден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрады. Олар: қазақтар, орыстар, татарлар, ұйғырлар, немістер, шешендер, т.б. Әр халықтың өз салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы,

тілі, діні бар. Бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан барлық ұлттарды бір-ақ нәрсе  біріктіреді – Отанға деген сүйіспеншілік. Келесі кезекті оқушыларға береміз.

 Рүстем:     Анамыздай тілеуі ақ,

Отан – бізде біреу-ақ!

                   Ол біздің Қазақстан!

                   Алтай-Жайық арасы –

Жарты әлемдей даласы

Ол біздің Қазақстан!

   Шынар:  Кенге толы қойнауы,

Төлге толы жайлауы

Ол біздің Қазақстан!

Жастан сүйіп кәусар ән

Тәтті күйді аңсаған

Ол біздің Қазақстан!

Бибінұр: Нышандарым елдігімнің белгісі

Білу керек баладағы ең кіші

Нышандарым әнұран, ту, елтаңба

Нышандарды жатқа білген жөн.

Ақгүл:     Зеңгір аспан көгілдір,

Алтын күні төрінде

Тамылжытып төгіп тұр,

Шаттық сыйлар көңілге.

Күлдиша: Көк аспанда көгілдір,

Алтын күні төрінде

Тамылжытып төгіп тұр,

Шаттық сыйлар көңілге.

Жоламан:  Көк байрақтың бетінде

Қыран бүркіт қанатты

Сол қырандай еркіндеп

Бала өседі талапты.

Бибінұр:     Ақ, қарамыз, сарымыз –

Тату, доспыз, бәріміз

Достық жайлы ән салып,

Шырқатайық, кәне, біз!

Ирина:       Сары, ақпыз, қарамыз

Бәріміз де баламыз

Бір ауылда тұрамыз

Бір мектепке барамыз.

Аяулым:    Ақ, қара деп бөлмейміз

Бір жыл туған төлдейміз.

Туысқанбыз татумыз,

Биіктерге өрлейміз.

Ляйля:       Біз – балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз – бейбіт күн

Ашық болсын кең аспан.

Дамир:       Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытта

Бала біткен дос бауыр

Болмасын еш тосқауыл.

Ақгүл:       Біз тілейміз бар бөбек

Бақытты өмір сүргенін

Туған елге еркелеп,

Қуанғанын күлгенін.

Күлдиша:  Сусынымыз қанады

Өнер білім нәрімен

Әлемдегі баланың

Дос боламыз бәрімен.

Айжан:      Нұрға бөлеп әлемді,

Атты мамыр ақ таңы

Қуандырды әр елді

Күннің шырақ жаққаны.

Ақнұр:       Арайлы таң күнінен

Төгіліп тұр күн бүгін

Құттықтайды ел бір-бірін,

Бейбіт көктем гүлімен.

Ерлан:       Жүзімізге қараңыз

Бал күлкілі баламыз.

Бізге қымбат күншуақ

Бізге қымбат анамыз.

Рүстем:     Бұл құшағы тым ыстық

Мектебіміз бастапқы!

Бұнда тұңғыш туыстық,

Бұнда тұңғыш дос таптық!

Жоламан:  Бұл екінші үйіміз

Бір туғанбыз бәріміз

Біз – осы үйдің гүліміз,

Біз – осы үйдің сәніміз.

Жұпар:      Ән саламыз күнде біз

Қыздырынып күнге біз

Балдай тәтті достармыз,

Біз қашанда біргеміз.

Шынар:     Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,

Гүл-бәйшешек еш уақытта солмасын.

Ақ көгершін аспанымда қалықтап,

Барлық халық бейбіт күнді қолдасын!

Ән  «Әрқашан күн сөнбесін»   (хормен)

Хормен:    Мықты болса іргеміз,

Бәрімізде біргеміз

Сонда құт пен береке

                   (Шеңберге тұрып, аттарын атау)

Біз достармыз, достармыз!  (Қолдарынан ұстау)

— Балалар, сендер бір-бірлеріңнің қолдарыңның жылуын сезіндіңдер ме, ендеше сол жылуымызбен қонақтарымызбен де бөлісейік.  (алақан үрлеу)

 —  «Дос болсаң берік бол, досыңа серік бол», — деп халқымыз айтқандай, келесі кезекті көрініске береміз. Көрініс «Екі дос» (Рүстем, Жоламан,Шынар, Ерлан)

  — «Аста – тұз,

Адамда – дос тәтті» деген даналардан қалған сөз бар екен, балалар. Ендеше дос туралы, жақсылық-жамандық туралы мақал-мәтелдер айталық.

(Мақал-мәтел айтысы)

— «Бірлік болмай, тірлік болмас.» (Күлдиша)

— «Бір дос көлеңке

Басыңды күн шалса

Іздеп таба алмайсың.» (Шынар)

— «Досыңның көзінде болғанша,

көңілінде бол.» (Айжан)

— «Досы көппен сыйлас,

Досы азбан сырлас.» (Жоламан)

— «Жаман аттан аяғым артық,

Жаман жолдастан таяғым артық.» (Рүстем)

«Дос көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.» (Бибінұр)

— «Жүз сом ақшаң болғанша,

Жүз досың болсын.» (Ақнұр)

— «Жолдасы жаманды жау алар.» (Ерлан)

— «Дос жылатып айтады,

Дұшпан күлдіріп айтады.» (Жұпар)

— «Жақсы адамда – жаттық жоқ.» (Ақгүл)

— «Күлме досқа, келер басқа.» (Ирина)

Мұғалім: Ойым бар бір ойын бастамақ,

                 Аты оның «Сақина тастамақ»

                 Шеңбер болып отыра қалыңдар,

                 Болмасын асығу, аптығу.

Қазақтың ұлттық ойыны «Сақина тастамақ».

Хормен: Толысып өскен санамыз,

                     Көңілді біз баламыз.

                     Шығарған өз халқымыз,

                     Шырқап әнге саламыз.

Ән  «Айгөлек»          (Хормен орындау)

Мұғалім: — Бишімізде өнер көп,

Би билейді мәнерлеп,

Қазақтың биін көріңдер,

Айжан қыз билеп береді.     (Қазақ биі)

 «Бала тілі – бал»     Көрініс    «Әжесі мен немерелері»

Қорытындылау     Мұғалім: — Балалар, аспанда не ыстық?

Хормен:   Аспанда күн ыстық.

Мұғалім: -Ал жерде кім ыстық?

Хормен:    Әке мен шешеміз,

Сүйікті тым ыстық.

Жасасын туыстық,

Достық пен тыныштық!

— Балалар, «Өнерлі бала сүйкімді» дегендей сендер бүгін өз өнерлеріңді көрсете білдіңдер. Және де  «Ақылды бала іс тындырар, ақылсыз бала тіс сындырар» — демекші келешекте ақылды, өнерпаз болып ер жетіп, көп еңбек етіңдер. Мына өлең жолдарын сендерге арнаймын:

Ұландарым бұтақтарым, бүрлерімсің.

     Қыздарым мәуелерім гүлдерімсің.

     Жақсы болсаң жап-жарық күндерімсің,

     Жаман болсаң қап-қара түндерімсің.                                      соңы

      

Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектебі

Динбаева Алуа Кабидулловна     

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЙЫНДЫҚ СЫНЫП


ПІКІР ҚАЛДЫРУ