Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру тарихынан

0
6016
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Қазақстандағы ауыл шаруашылығын ұжымдастыру тарихынан

Қазақстанда ХХ ғасырдың 20- жылдарының аяғы мен 30 жылдардың басында БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің кезекті іс-ірекеттері ауылшаруашылық саласында «Ауылдағы партияның саясаты — бай- кулактарды тап ретінде жою және ұжымдастыру деген ұранымен басталды.

Көшпелі шаруашылық мәдени қызметтің күрделі түрі ретінде, өзінің әлеуметтік ұйымдастырылуымен және көп деңгейлі жүйелі байланыстар кешені мен отырықшылық негізіндегі кеңестендіру үдерісіне дайын болмады. Соған қарамастан астық дайындау науқанында көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығына пайланылатын жерлерді тартып алу арқылы іске асыру ұсынылды. 1931 жылы қыркүйекте БК(б)П Қазақ өлкелік мал шаруашылықты аудандарға міндеттер жүктелді: «ұжымдастыруды барынша жеделдету» және ТОЗ-ды айналып өтіп,қазақ ауылына колхоз құрылысының негізгі түрі ретіндегі ауыл шаруашылығы артелдеріни енгізу. Колхоз құрылысын құрудағы қысым көрсету, қауіп төндіру, үркітіп- қорқыту, тәркілеу әдістерін қолдану «едәуір» нәтижелерін берді. Егер республика бойынша 1930 жылы колхоздар саны 7 мыңды құраса, оның 2мыңнан астамы жайылымдық жерлерде орналасты. 1931 жылдың 1 маусымына қарай, мал өсіретін шаруа қожалықтарында оның жалпы саны 44,1 пайызы ұжымдастырылды.

Осылайша жаппай күштеп отырықшыландыру үдерісі Қазақстанның халық шаруашылығын бұзу арқылы өндірісті ұйымдастыру қағидаларын «жайылымдарға қысым жасау, жайылымдардың қаңырап бос қалуы, қуаңшылықтың кеңінен өрістеуі) түбегейлі өзгертіп жіберді.

Мұрағаттық құжаттар 1929-1933ж ашаршылық пен сталиндік ұжымдастыру арасындағы сабақтастықты дәлелдейтін бұлтартпас айғақ. Дәл оның КСРО-да белең алуы 1932-1933 жылдардағы азық-түлік дағдарысын шарықтау шегіне жеткізді. 1929 жылдың аяғы мен 1930 жылдың басындағы жаппай ұжымдастыру кезінде аймақтардағы ашаршылық жән оның салдарынан өлім жетімнің көбейгені тіркелген. Оған 1929 жылы ауылдық жерлерде күштеп астық дайындау себепші болды. Олар елді индустрияландыруды жүзге асыруға негіздер іздеген сталиндік басшылық бағытының тікелей нәтижесі еді.

Ауыл шаруашылығы саласындағы болъшевиктік тәжірбие сәтсіз аяқталды, идеялық басшылары болса оның қайғылы салдары үшін бүкіл жауапкершілікті кеңестік бидіктің ең көп жапа шегіп, ұрып-соғу мен қуғынға ұшыраған шаруалардың мойнына арта салды.

Қазақстандағы 30-жылдары орын алған «Ұлы аштықтың қырғыны» жайлы айтқанда, 1919-1922 жылдары болған ашаршылық болған ашаршылықты ұмытпаған жөн болар. 1919-1922 жылдары орын алған ашаршылықта бір миллионнан астам қазақ аштан өлген. Бұл шамамен сол кездегі қазақтың санының 20-22 пайызын құрайды. Қазақстандағы 1919-1922 жылдары аштықтың бұл себебі елдің бір қатар аймақтарында орын алған егіннің шықпай қалуы болды. Бұл саясат Кеңес өкіметінің 1918 жылдың 13 мамырынан бастап бастаған азық-түлік диктатурасына сайма-сай келген еді.

Қазақ даласының тарихындағы ең жантүршігерлік аштық 1931-1933 жылдары болды. Баяндамада, 1931-1933 жылдары қазақ халқының жаппай ашаршылыққа ұшырауының себептері неде; Ашаршылықтан қазақ халқы қандай зардап шекті; Ашаршылық құрбандарын ұмытпау үшін не істеу керек? — деген сұрақтарға жауап беруге тырыстық.Осы ашаршылық тарихы бізде қаншалықты жүйелі түрде зерттелді?

Қазақстандағы халықтың ашығуына байланысты тарихи әдебиетте әр түрлі көзқарастар орын алып келеді. Шетелдік зерттеушілер мұның басты себептерінің бірі ретінде осы жылдары болған табиғи құрғақшылықты және оның нәтижесінде орын алған жұтты алға тартады. Айта кететін бір нәрсе осы жылдары егіннің шықпай қалуы және жұттың орын алуы туралы көзқарастың бастауында Ф.И.Голощекиннің өзі тұр. Ол қазақ даласында орын алған ашаршылықтың басты себебін осыдан іздеген болатын [1, 605-іс, 70-7п..]

1920 жылдары большевиктік билік елдегі бүлікшілікті еңсеру және индустрияландыру саясатын жүргізуге қажеттіи резервті жанталасып іздей бастады. Олардың пікірінше, Қазақстан азық-түлік қорын толықтыруға үлкен мүмкіншілік еді: 1927 жылдың желтоқсанында БК(б)П ХҮсъезінде шаруашылықты дамыту мәселесі қаралып,атышулы ұжымдастыру науқаны дүниеге келді.1928 жылы 5 тамызда Қазақстанда ұжымдастыру бағытын жүргізу өзекті болғандықтан науқанды ұйымдастыру және басқару комиссиясы құрылды. РСФСР-дің басқа аудандарына қарағанда, Қазақстандағы ұжымдастыру саясатының негізгі ерекшеліктері болды. Бірінішіден, республикада ұжымдастыру саясаты жергілікті халықтың дәстүрлі шаруашылығына ауыр соққы болған «отырықшыландыру» саясатымен қатаң жүргізілді.

Екіншіден, Қазақстанды зорлап отырықшыландыру Ф.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңекерісінің бағытымен сәйкестендірілді.Оның Қазақстанда өткізілген алғашқы іс шарасы 1928 жылдың күзінде өткізген малды кәмпескелеу болды. Кәмпескеге 700 шаруа шаруашылығы ілініп, оларды 150 мал басы (ірі қара мал басына айналдырғанда) тәркіленді. Мал өсірумен айналысқан халық отырықшылыққа бірден көндіге алмады. Оның үстіне байлардың мал-мүлкін жаппай тәркілеп, өздерін жер аудару саясаты белсенділердің асыра сілтеуімен ушығып, елдің берекесін кетірді. «Байды тап ретінде жою» дегенді сылтау етіп, белсенділер орта шаруалардың мал мүлкін тәркіледі, зор апатқа ұшыратты. Сонында алған малға есеп жүргізілмеді, жауапкершілік болмады. Мұның өзі малды сойып, қырып жіберуге әкеліп соқтырды.

Мал жоқ жерде , тамақ та, тіршілік те жоқ. Қазақтар тұратын аудандар жаппай қырыла бастады.Тарихшы А.Н.Алексеенконың айтуынша, әртүрлі есептеулер мен түзетулерге сүйенгенде 1930 жылы қазақ халқының қырылуы 1млн 840 мың адам немесе қазақтан 47,3 пайызын құрайды. Бәрінен ең көп қырылған республиканың шығысының қазақтары болды. Бұл жақта 319,4 мың адам немесе 1930жылы халықтың 64,5 пайызын құрады. Бұл аймақтың халқы көрші елдерге Ресей мен Қытайға жаппай ауып көше бастады. Солтүстік Қазақстан аймағы қазақтардың жартыссынан көбісі- 410,1мыңнан, немесе52,3 пайызынан айрылды.Аздау өлім Орталық Қазақстанда-22,5мың немесе осы аймақтың 15,6 пайызы орын алды.

Отырықшыландыру барысында негізінен адамдарды емес, «Малды отырықшыландыруға» аса көңіл бөлді. Сондықтан да алым тұрғын үйлерден емес, мал қараларға салынды. Ф.Голощекиннің логикасы бойынша бұрын өз аяғымен еркін жайылған малдарды қорада қамап ұстау жағдайда көшпелі немесе жартылай көшпелі қазақ шаруасы амалсыздан мал қораларының жанына қоныстануға, оған отырықшылануға мәжбүр болатын еді.

Бірақ мұндай әрекет дәстүрлі мал шаруашлығын күйретіп қана қоймай, малдың арасында жқпалы ауруларыдың жандана түсуіне жол ашты.

Мал шаруашылығы қазақтар үшін халық шаруашылығының басты жемісі болып табылатын еді. 1925 жылдың өзінде-ақ республика халқының 75 пайызы мал шаруашылығымен айналысып, ол халық шаруашылығындағым барлық өнімнің 50 пайызынберді. Қазақтардың 90 пайызы мал шаруашылығымен айналысып, яғни мал шаруашылығы Қазақстан үшін ұлттық мәселе де болып табылатын еді.1928 жылы қазақ байларын тәркілеу қарсаңында мал шаруашылығы ауыл шаруашылығындағы жалпы өнімнің 66,6 пайызын, ал тауарлы өнімнің 70,5 пайызын берген болатын[2.247б]

1930 жылы қазақтар қожалықтарын жоспарлы түрде жаппай отырықшыландыру және бай ауылдарды тапи роетінде жою науқандары мал басының күрт құлдырауына жол ашты. 1930 жылдың көктемінде Ораз Иса бастаған мемлекеттік комиссия мал басының 30 пайызға кемігенін анықтады. 1929-1930 жылдары бай кулактар малының 40пайызына жуығы колхоз-совхоздардың тартып алуы, мал басының кемуіне тікелей себепкер болды. Нәтижесінде Қазақстандағы мал басы 1929 және 1933 жылдар арлығында 16 есеге азайып кетті.Жалпы алғанда Қазақстанда 40миллионға жуық малдан 1933 жылдың ақпан айында 4 мллн бас ғана мал қалды.

Ұзақ жылдар бойы құпияда сақталып келген, қазақ халқының зұлматты жылдардағы тарихын сипаттайтын мұрағат құжаттары бүгінгі таңда құпиясыздандырылып мұрағаттын ашық қорлары қатарына қосылды. Ашаршылық жылдар тарихын зерттеуге қажетті бірден-бір дерек көзі болып табылатын бұл құжаттар өз зерттеушілерін табады деген сенімдеміз.

1932 жылы 7 тамызда халық арасында «бес масақ заңы» атауымен қалған « Социолистік меншікті қорғау туралы заң» жарияланады. Колхоз менщігін талан-таражға салғакны үшін, әсіресе алқапқа жасырын егін бастырғандарға ату жазасына дейін жазалау туралы шаралар қоланылды.

Қорыта айтқанда Қазақстандағы қасірет қазақ халқының тарихында мәңгілік орын алды, сонымен қатар, ұжымдастыру тарихы болашақта жан-жақты, тиянақты зерттеуді қажет етеді және отандық тарих ғылымының алдына жаңа міндеттер қояды. Ашаршылық жылдары Қазақстанда 2 миллион 200мыңнан астам қазақ қырылды. Қазақстардың босқынға ұшырағандарының саны 1миллионға жуық. Ал Отанға оралғандарының жартысын ғана құрайды. Сондықтан мәубет жылдарының ащы сабақтарын ұмытпай, миллиондаған ашаршылық құрбандарына тағзым ету бүгінгі ұрпақтың парызы.

Сайлауова Жамиля Қайратқызы
Қызылорда қаласы, Үш тілде оқытатын мамандандырылған сыныптары бар дарынды балаларға арналған “Мұрагер” мектебінің тарих пәні мұғалімі

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ