Қазақстандағы мұнай өңдеу сапасын арттыру жолдары

0
4756

Әлемге мақтаулы Қазақ еліміздің зайырлы жылдарында ауыз толтырып
айтарлықтай жеткен ерең жемісі көп екені сөзсіз. Шаршы сантараптан
экономика, мәдени, саяси жағынанда биік шоқтыққа ұмтылған еліміздің
барша елдер арасында ерекше маңызға ие екендігі сөзсіз. Мен талқыламақ
тақырыбым — тағдырдың сыйы, қазба байлығымыз мұнай легінде болмақ.
Бағдарлы экономикалық өсу нәтижесінде соңғы жылдары Қазақстан
Республикасында жалпы әлемдік деңгейге ұқсас — мұнай өнімдерін
тұтынудың артуы және тұтынатын мұнай өнімдерінің түр-түрін өзгерту, отын
сапасына қойылатын талаптарды күшейту сияқты үрдіс қалыптасуда.

Қазіргі уақытта Қазақстан елімізде үш мұнай өңдеу зауыты жұмыс
істеуде — Атырау мұнай өңдеу зауыты , Павлодар мұнай-химия зауыты және
Шымкент мұнай өңдеу зауыты. Жоғары жиынтық қуатқа, мұнай өңдеу
кешенділігіне қарамастан, қазақстандық өндірістің ағымдағы берер
қорытындысы үздік мұнай өңдеу кәсіпорындарының ұқсас көрсеткіштерінен
едәуір артта қалуда.Қазақстан Республикасының мұнай өндірудің едәуір
көлеміне ие болуымен және Кешенді жоспарды іске асыру кезеңінде өндіру
көлемін ұлғайту жоспарланумен қатар көрсетілген қазіргі заманғы үрдістер
ағымдағы жағдайды талдау қажеттілігіне және Қазақстан
Республикасындағы мұнай өңдеу саласын дамытуға бағытталған
Бағдарламаны әзірлеуге байланысты болмақ.

Кешенді жоспарда Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу
зауыттарының мақсаттары мен міндеттері және де алдыда күтілетін
нәтижелер мен іске асыру тетіктері айрықша нақтылықпен белгіленген.

Атырау Мұнай өңдеу зауытында Қазақстанның Батыс өңірі кен
орындарының құрамында парафині жоғары ауыр мұнайды өңдейді. Өткен
жүз жылдықтың 60-жылдарының ортасынан бастап 80-жылдардың ортасына
дейінгі кезеңде мұнай өңдеу жөніндегі барлық технологиялық
қондырғыларды ауқымды техникалық қайта жарақтау жүзеге асырылды, бұл
қуатты жылына 4,9 миллион тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік берді.
Атырау зауытында технологиялық мүмкіндіктері шектеулі және мұнайды
терең өңдеуді және мұнай өнімдерін ЕУРО-3,4 стандарттарына толық
сәйкестікте өндіруді жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді. Негізгі  мұнай
өнімдері өндірісінің құрылымындағы мазут пен вакуумды газойлды шығару

үлесі, осы өнімдерді өңдеу процестерінің болмауы себебінен жоғары. Өңдеу
тереңдігі 62 %-ды құрайды.

Шымкент Мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы пайдалануға берілген. Зауыттың
мұнай өңдеу жөніндегі жобалық қуаты жылына 6 миллион тоннаны құрайды.
2000 жылы дизотынды және керосинді гидротазалау секциясына қайта
жаңарту жүргізілді. Қазіргі уақытта зауыттың белгіленген қуаты жылына
5,25 миллион тоннаны құрайды. Мұнай өңдеу тереңдігін және мотор отынын
өндіру көлемін арттыру мақсатында 1998 жылы қуаты жылына 1,8 миллион
тонна болатын мазуттың каталитикалық крекинг қондырғысының құрылысы
басталған болатын, ол қаржыландырудың болмауы себебінен тоқтатылды
және аяқталмай қалды.

Өнімді жаңа стандарттар бойынша шығаруды қамтамасыз ету үшін
қазіргі уақытта жаңа технологиялық қондырғылар салу, катализаторларды
ауыстыру және мұнай өнімдерін көріктендіретін қолданыстағы қондырғылар-
дистилляттарды гидротазалау, изомеризациялау, бензол мен хош
иістендіргіш көмірсутегін бөліп алу, сутегі өндіру, күкірт өндіру
қондырғыларын қайта жаңарту қажет.     Үш мұнай өңдеу зауыттарын
дамыту мен жаңғырту жобалары бойынша инвестициялардың жалпы сомасы
3,4 миллард АҚШ долларынан артық, бұл мұнай өңдеудің көп қаржыны
талап ететіндігін сипаттайды. Инвестициялар мөлшері заемдық
қаржыландыруды тартуды көздейді, бұл кредиттердің қол жеткізімділігі
шектелген және кредиттер құны артқан жағдайларда жобалардың
экономикалық көрсеткіштерін нашарлатады және инвестициялардың
қайтарылу мерзімдерін арттырады. Осы Кешенді жоспардың мақсаты —
Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді
ескере отырып және бос қаржы ресурстары бар болған кезде қазақстандық
даму қорларынан қаржыландыруды тарту және мұнай өңдеу саласын
дамытудың мемлекеттік ынталандыру шараларын әзірлеу қойылған
мақсаттарға қол жеткізуге ықпалын тигізетін болады. Алдағы уақытта осы
мұнай өңдеу зауыттарында алға қойған аяқталмай, тежеліп қалған кешенді
жоспарлы еске асса ғана, біздің елдің мұнай деңгейінің сапасы бірыңғай даму
иесі болмақ ..!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ