Түркістан облысы Арыс қаласында төтенше жағдай орын алғандығынан хабардарсыздар. Елдің басына түскен ауыртпалықты ел болып жеңуге барлық адамдар атсалысуда.
Біздің мекемеміз SKILLS ACADEMY ЖШС (Martebe.kz, Qaztest.kz, Ozattar.kz сайттары) Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек үшін бір күндік табысын аудармақ.
Қиын жағдайда қалған Арыс тұрғындарына көмек көрсету – біздің азаматтық парызымыз!
Қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпіріндегі белсенділер Арыс тұрғындарына көмектесу үшін гуманитарлық көмек жинауға кірісті.
Алматы қаласында екі нүктесінде көмек қабылдау пункті ашылды. Фейсбук әлеуметтік желісінде Республика қозғалысы қаржылай көмек жинауда.
Таратылған хабарламада гигиена заттары, консервілер, жарма, су, балалар киімі, ормала, жамылғылар, көрпелер қажет делінген.
Жинақ пункті Абылай хан көшесі, 79 мекенжайы бойынша ашылды. Бұл пункт тәулік бойы ашық тұр. 8 747 129 39 69 телефондары арқылы хабарласуға болады.
Сонымен қатар, «Мен — алматылықпын» қозғалысының белсенділері де ашып отыр. Олардың қайырымдылық нүктесі Altyn Arystan ұшу мектебінде Жандосов көшесі, 55/3, (7 701 985 06 08) мекенжайында орналасқан.
Алла разы болсын Сіздерге!!! Әмин