Менің отбасым (ән-күй сабағы)

0
2335
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Менің отбасым

Мақсаты: Балаларға арналған әндерді орындауға үйрету. Анық ырғақты жүріспен марштың сипатын бере алуға үйрету. Музыка сипатын қимыл арқылы беруге жаттықтыру. Дыбыс жоғарылығын есту және ырғақтық дағдыларын қалыптастыру. Музыка арқылы отбасы мүшелеріне деген құрмет пен сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: видеопроектор,композитор суреті

Репертуар:

Ән тыңдау: «Мама» П.И.Чайковский;

Ән салу:«Етікші атай» ;

Муз- ырғақты қимыл:«Барабаншылар» Э.Парлов;

Д/ойын: «Ойлан тап»; «Көңілді алақандар мен аяқтар»;

Барысы:

І.Ұйымдастыру.

Музыка әуенімен балалар залға кіреді.Жарты шеңбер жасап тұрады. Музыкалық сәлемдесу.

Муз.жетек:

Отбaсы– ол біз,отбасы – бұл мен,

Отбaсы – ол менің әкем мен анам,

Oтбасы– ол менің сүйікті бауырым,

Oтбасы – бұл қымбатты екі әжем.

Отбасы – ол тәтем мен ағам,

Отбаcы – ол тентек қарындасым,

Отбасы – ол бақыт және туған үйім.

ІІ.Негізгі бөлім.

Муз. жет. Қане саусақтарымызды көрсетіп ойын ойнайық.(балалар саусақтарын көрсетіп айтады)

«Бес саусағым» саусақ ойынын ойнату.

Муз. жет. Сонымен бұл отбасыда кімдер тұрады екен?Ал,отбасында ең күшті,ең мықты кім? /балалардың жауабы/ Әрине,ол біздің әкелеріміз.Ал,оларды неліктен мықты,күшті деп ойлайсыңдар?Себебі,олар әскер қатарында қызмет етіп,солдат болып Отан қорғаған.Ертең біздің топтың ұлдары да өскенде әкелер сияқты солдат болып Қазақстанды қорғайтын жігіттер болады. Қазір,біз де солдаттар сияқты маршпен жүреміз, мұқият тыңдаңдар,себебі музыка өзгереді,соған қарай қимыл да өзгереді.

Жаттығу «Барабаншылар» Э. Парлов

Муз. жет. Жарайсыңдар,балалар! Ал енді орындығымызға дейін маршпен жүріп барайық.  /Балалар маршпен орындарына отырады./

Муз. жет. Отбасы мүшелерін тағы бір рет есімізге түсірейікші. /балалардың жауабы/

Енді мына суретке қарайықшы,онда кім бейнеленген?/бала ұстаған ана бейнесін көрсету/балалардың жауабы/

Муз. жет. Дұрыс,бұл – ана.Өз аналарың туралы айтыңдаршы. /жекелеп сұрау/ Сендер өз аналарың туралы өте жақсы айттыңдар,ал композитор П.И.Чайковский ана туралы музыкамен қалай айтқанын тыңдайық.

Тыңдау «Мама» П. И. Чайковский.

Муз. жет. Композитор қандай ана туралы айтты? /жекелеп сұрау,жауаптарды толықтыру/  Қазір тағы бір рет тыңдап анамызды жанымызда деп елестетіп қолынан сипайық.

Тыңдау «Мама» П. И. Чайковский.

 Музыкамен қонжық келеді.

Қонжық. Сәлеметсіңдер ме,балалар! /балалар амандасады./ Қандай әдемі балалар,бірақ мен сендердің есімдеріңді білмеймін.

Муз. жет. Қапаланба қонжық,сен одан да біздің балалармен музыка арқылы таныс.Ал,сендер, қонжық сұрағанда өз есімдеріңді әндетіп айтыңдар.

Қонжық /балаларға жекелеп / «Сенің атың кім» деп әндетеді.

Қонжық. Міне,балалармен де таныстым,аздап шаршап қалдым.

Муз. жет. Сен отырып демал,балаларды тыңда. Балалар,сендерге жұмбақ жасырамын,жауабын таба аласыңдар ма? (иә)

Ақ сақалды ақ шашты,

Әкемнің ол әкесі,

Кім болады ол маған? (ата) .

Слайдтан атаның суретін көрсету,әңгімелету.Ендеше, ата туралы ән үйренейік.

«Етікші атай» Д.Ботбаев

Муз. жет. Жарайсыңдар,балалар!Ата туралы әнді өте жақсы орындадыңдар. Ал, қазір,ойын ойнайық.Адамдар сияқты барлық жануарлар мен құстардың да отбасы- балапандары мен аналары болады.

Д/ойын «Ойлан тап».

Ойын шарты: тауық-балапан,мысық-мысықай,анасы мен баласының суреттері. Әртүрлі биіктікте дыбыстар ойналады.Кімнің немесе ненің дауысы екенін табу керек.

Муз.жет.Балалар,сендер дыбыстарды өте жақсы ажыраттыңдар.Ал,біздің адымда- рымыз қандай?Ал әкелеріміз бен аналарымыздың ше?(балалардың жауабы).Сол сияқты музыкада да дыбыстар ұзақ және қысқа болады.Ендеше дыбыстардың ұзақтығын ажыратып,соғып көрейік.

Д/ойын «Көңілді алақандар мен аяқтар».

Шарты: видеопроектор арқылы тақтадан түрлі көлемдегі аяқтар мен қолдардың суреті беріледі.Кішкентай аяқтар қысқа дыбыстар,үлкен қолдар ұзақ дыбыстар.Берілген суреттерге қарап дыбыстарды шапалақтап және топылдатып соғу қажет.

ІІІ.Қорытынды.

Муз. жет. Жарайсыңдар,балалар!Ырғақтарды тамаша соқтыңдар.Енді бүгін не туралы айтқанымызды есімізге түсірейікші. (балалардың жауабы). Жауаптарды толықтыру.

Бүгін әнді жақсы орындап,тату ойнадық,енді сендерді де үлкен бір тату отбасы деуге болады. Қонжықпен қоштасады.

Сау болыңдар!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ