Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау (сынып сағаты)

0
978
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Құлақтан үнің кетпестей, сыңғырла, соңғы қоңырау

1-жүргізуші Шарғия: Армысыздар,құрметті қонақтар, бізді 11 жыл бойы білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы,киелі қара шаңырақ атанған мектеп ұжымы,аяулы ата-аналар,жаңа өмірге қадам басушы 60-шы жас түлектер» және осыдан 10,20 жыл бұрынғы мектеп қабырғасынан ұшқан түлектер! Бүгінгі «Құлақтан «үнің кетпестей,сыңғырла,соңғы қоңырау» соңғы сынып сағатымызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші Байгозы:Бұл күн біздер үшін қимастық пен алаңдаушылық қатар тұрған ерекше сәт.Кеше ғана тұлымдары желбіреп, жүректері лүпілдеп, мектеп табалдырығын имене аттаған кішкене балапандар едік.Енді, міне 11 жылды артқа тастап, 11 жыл бойы білімін бізден аямаған алтын ұя мектебімізбен,аяулы ұстаздарымызбен қош айтысқалы тұрмыз.

1-жүргізуші :

Ажырамай мектептен бір елісіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпен өзіңізге,
Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, — дей отырып, соңғы сынып сағаттының алғашқы құттықтау сөзі мектеп басшысы Байдусенов Ерлан Рашитұлына беріледі.

2-жүргізуші :Жақсы шәкірт азамат атанады,
Халқынан ата-анадан бата алады.
Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін,
Ортаға шақырайық ата-ананы.
Сөз кезегі құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Мухамедгалиева Шарғияның әкексі Макежанова Аскар аға мен Есімсейт Ниязбектің анасы Шайжамал апайға беріледі.
1-жүргізуші :Әлі есімде әліппені ашқаным
Есіміңді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып –деп,
түлектердің алғашқы ұстазы әрі ардагер ұстазымыз Данярова Гулнар Габдуловнаға сөз беріледі.

2-жүргізуші :Хор : «Ұстазым» орындайтын 11сынып оқушылары

1-жүргізуші :Кұрметті конақтар 11 «А»сынып оқушыларының мектеп ұстаздарына арналған шағын өлен шумақтарын кабыл алыңыздар.

Кенжеболат:

Дене пәнінің мұғаліміне
Оқушыға қатаң тәртіп қоятын
Сыныбында тәртіпсізді жоятын
Ұмытсаңыз әкелетін форманы
Қуаныш ағай тұрғызып қоятын

Айдана БАСТАУЫШ
Мен алғаш мектеп есігін ашқанымда,
Күнім болып көріндің аспанымда.
Білім болып егілдің жас жаныма,
Гүлің болып төгілдің асқарыма.
Біз дегенде ұмытып бала қамын,
Қас қағымға қасыңнан тастадың ба?
Бастауыш апайым жас жадымда

Ниязбек: ФИЗИКА
Дүниемен танысуға берген талай көмегін,
Физиканы ең маңызды пәннің бірі дер едім.
Оны үйреткен Мирамгул апай
Сіз барда физикамен сусындап мен келемін.

Шарғия тарих

Тарих деген түп қазығым тамырым
Тамырымды білу менің парызым
Бұл ғылымды аянбай жүріп үйреткен
Ильяс ағай көп қой сізге қарызым

Байғозы:ГЕОГРАФИЯ

Сізбенен біз бар әлемді қиялменен шарлаймыз

Тест орындап, зерттеу жасап, сабақтардан қалмаймыз.

Сіз кіргенде дәу картаны қолға алып есіктен,

Дауренбек ағай келді деп біз жайнаймыз.

Молдир:БИОЛОГИЯ

Ген, рнқ, днқ деп тіл қатқан,

Дүние деген тұрады екен шешілмеген жұмбақтан.

— сен әкеңе ұқсағансың, балам – ау, — деп біздерге

Нурсултан ағай биологиядан үн қатқан!

Айнабек: МАТЕМАТИКА
Қосып, алып, бөліп тағы көбейткен,
Шаршы ауданын тауып, санды теңейткен.
Бақт апай мың алғыс,
Есептеуді бізге талмай үйреткен!

Жанель:ХИМИЯ
Бар ғұмырын химияға арнаған,
Ол білмейтін ешбір элемент қалмаған.
Гулбану апай сізге де үлкен алғыс,
Химияны ойға тоқып, үйретуден талмаған!

Анель: ОРЫС ТІЛІ
Жас ұрпаққа жалынды
Сөз маржанын дарытқан.
Алдындағы баламен,
Тіл арқылы табысқан
Орыс тілін меңгерген
Үйретуді жөн көрген
Светлана апай

Ұрпаққа жаңа өн берген!

Молдир: ҚАЗАҚ ТІЛІ
Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,
Мұхтар, абай сөйлеген дана тілім.
Осы тілдің ұқтырған терең сырын,
Данагул апай
Әрқашан да біздерге берген білім.

Жанқожа: Ағылшын 3 тіл білген орасан зор талабы,
Әрқашанда ашық — жарқын қабағы.
Айсулу апай, Людмила апайдың әрбір берген сабағы
Мәңгі, мәңгі, мәңгі есімде қалады.
Күнделіктен сабақ кестесін қараймын,
Ағылшын көрсем, нешінші деп санаймын.
Тіл үйретер Аида дейтін апайды,
Көрейін деп мектепті тез қалаймын!

1-жүргізуші Шарғия:

Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көкте күн.
«Сәт — сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз
Тілейміз біз армандарға жеткенін — дей келе,
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақжол, сәт сапар тілейміз!
Қош бол,Мектеп! Қoш бол,аяулы ұстаздар! Қош 60-шы түлек! Сәт сапар!

2-жүргізуші Байғозы: Осымен 11-сыныптың «Құлақтан үнің кетпестей,сыңғырла,соңғы қоңырау сынып сағатымызды аяқтаймыз амандықпен жолыққанша сау-саламатта болыңыздар.

«Запорожье орта мектебі»КММ
Жунусов. Н.Б

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ