Қазақстанның мәдени саясаты

0
2495

Алпауыт заңғарға ұмтылған Қазақстан егеменді елімізде ХХ ғасырдан
іргетасын қалаған мәдени іс – шаралар партия тізгіндерінде, әлеуметтік
ахуалда айқын көрініс табысты. Айтулы мәдениеттің дамуы еліміздің
тәуелсіздікті қолға алуымен ұштаса сипаттала білді. Алғашқы қадамдарынан
мәдени мәселе легінде алуан меншікті, қоғамды саяси жаңғыртуға дем
қойғандығын аңғарамыз.

Мәдени саясаттың басты нышаны – дамыған елдердің дәстүрлі
құндылықтарға бағыштап, әрбір тұлғаның жаңаруға бағыттап қалыптастыру
идеологиясы. Бүгінгі күні мәдениеттің айрықша қолға алуынуы барша
шаһардағы елдердің алға басуындағы себепкері. Ұлт алдындағы абыройлы
мәдени қазынаның қастерленіп сақталуы, сапалы құндылыққа құрысу,
инфрақұрылымның пайдаға жарамды атқарылуы мемлекеттердің орнын
санамалап бермек. Осы себеппен, қоғам мүшелерінің қолжетімді әрі
тұщымды жоспарларды барласып, мәдениеттің су жаңа өрнектерімен
даярлануы аса шартпен қарастыру үстінде. Басты игілікті демді отбасыға,
адамгершіліктілік пен ізгіліктілікке, жасампаз қабілетті құндылықтарға
қоюда. Сонымен қатар, дүйім алдында долана көңілді ақиқаттылыққа,
қарапайымдылыққа, тымбас еңбектілікке баулитын жаңа тұлғалардың
көрінісін дайындау да қолға алынған. Мәселен, халық сүйеніші дәрігер
маманынан басталып, тағылымды тарих бетшесінде аты аңызға
айналатұғындай әрекет жасасу. Және де, Отандық кинометраждар, әлеуетті
әдебиеттің, бейнелі сурет өнерінің ішінен атаулы тарихи кезеңдер мен
мәдени қазына үшін мардымды әрі маңызға ие дүниелер қалану шарт.

Бұқаралық және медиа мәдениет айнасында ұрпақ буындарының жітік
қалыптасуына негіз ретінде еліміздің ұлттық тұрмыс – салтында, дәстүр
тұғырымыздағы батырлардың, сұлтандарымыздың образын анимация
жиегінде насихаттау істері ерек ықпал тигізбек. Мысалы, «The World Disney
Company» шарасынан толғасақ, балаларға арнап жаңа образдарды шығарып,
үлкен көлемді тираждық жұмыстар мен әсер ету құлпын таныта білді. Бұндай
әрекет индустриялық өсімге де пайдасын тигізді.

Елбасымыздың іске асыруымен «100 жаңа есім» жобасы ұрпаққа ерек
насихат әкелді. Түрлі салада белең белесті бағындырған қызметкерлерді
танытты. Жас буындарға кәсіптік тұрғыда қалай шыңдалуға болатындығын
көрсету мақсатында өңірлік деңгейде орын алды. Бұл жоба: «өз

дарындылығымен елдің ертеңіне үлес қоспақ жандарды қалың жұртшылыққа
танытып, ақпараттық, медиалық тораптың негізделуіне жұмыстанып, ұлттың
«алтын қоры» тізіміне ілігу нысанында адал еңбектену» сынды
міндеттерімен атсалысты.

Еліміздің осыншалықты дамыту аясында құрылған мәдени жобалардың
келер күніміз үшін алар орны ерек. Құндылықтарымыздың жоғары деңгейде
бой көрсетіп, биік шыңға өрлеуі кейінгі ұрпағымыздың тұлғалық санасына
елдің маңызды тұстары құйылмақ. Бірқатар жұмыстардың сәтті түрде оңға
басуы – бәсекеге қабілетті мәдени ортаның жайнауына себепші болмақ..!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ