Қазақ тілінен орыс сыныбына арналған тест сұрақтары (І нұсқа)

0
4563

І нұсқа

1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдепті.
В)  Әдемі.
С) Сыпайы.
D) Мықты.
Е) Салмақты.

2. Буын түрін анықтаңыз.
A)  Тұйық.
В) Жалғау.
С) Жалаң.
D) Буын.
Е) Тасымал.

3. — дар, — дер, — тар, — тер, — лар, — лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік.
В) Жіктік.
D) Көптік.
C)  Тәуелдік.
Е) Етістік.

4. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.
А) Сен дегенде сөз бар ма?
B)  «Келешек — өткен тарихты қорғау», — дейді Олжас Сүлейменов.
С) Балалардың соңғы ермегі -«Ақсүйек», «Соқыр теке».
D) Сауатты болу дегеніміз — дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
Е) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.

5. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -…
А) Ынтымақ күні.
В) Конституция күні.
С) Тәуелсіздік күні.
D)  Республика күні.
Е) Жеңіс күні.

6. Қазақстанның көне қаласын белгілеңіз.
А) Астана.
В)  Орал.
С) Ақтау.
D) Отырар.
Е) Атбасар.

7. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.
А) Алаша, көрпе, төсеніш.
В) Кесе, қасық, пышақ.
С) Кітап, дәптер, қалам.
D)  Шолпы, білезік, сырға, қапсырма.
Е) Қару — жарақ, ер — тұрман, қоржын.

8. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз.
А) Шахмат.
В) Дойбы.
С) Баскетбол.
D)  Тоғызқұмалақ.
Е) Лото.

9. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта.
B)  Қыс.
С) Жаз.
D) Күз.
Е) Көктем.

10. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.
A)  Қорқақ.
В) Әлсіз.
С) Салмақты.
D) Батыр.
Е) Күшті.

11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Іс, сапар.
B)  Кінәлі, айыпты.
С) Апару, әкелу.
D) Жүмысшы, оқушы.
Е) Мәртебелі, сыйсыз.

12. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар.
В) Көйлектер.
С) Қонақтар.
D)  Қайындар.
Е) Дәптер.

13. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар.
В)  Айман.
С) Алпыс.
Б) Азат.
Е) Аймақ

14. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!

А) Сілтеу, жалпылау.
В)  Жіктеу, болымсыздық.
С) Жіктеу, сілтеу.
D) Жалпылау, белгісіздік.
Е) Жіктеу, өздік.

15. Шартты райлы етістікті табыңыз.
А) Ертең мектепке кел.
В) Содан кейін мені сына.
С) Өзің білесің, біз момын шаруамыз.
D)  Бір көрсем, арманым болмас еді.
Е) Жүкті шешпе, үйді әуре қыласың.

16. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар
А) 22 наурыз күні біз демаламыз.
В) Табиғатты аялайық.
C)  Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
D) Табиғат адамға бәрін береді.
Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады.

17. Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде.
В) Жыл құстары.
С) Жылы.
D)  Ұшып кетеді.
Е) Жакқа.

18. Қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған батырды табыңыз.
А) Тоқтар.
В) Мәншүк.
С) Бауыржан.
D)  Райымбек.
Е) Талғат.

19. Қазақ халқының ежелгі баспанасын табыңыз.
А) Шалаш.
В) Кірпіш үй.
С)  Киіз үй.
D) Саман үй.
Е) Коттедж.

20. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Ең, өте, тым.
В)  Аш, ат, от.
С) Есім, мысал, көп.
D) Ал, жай, көр.
Е) Ет, кет, аса.

21. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма?
В) Сенің балаң.
С) Ешкімің жоқ.
D) Жақсың қайсы?
Е) Біреуің кел.

22. Реттік сан есім нені білдіретінін көрсетіңіз.
А) Заттың санын бөлшектеп көрсетеді.
В) Заттың дәл нақты санын білдіреді.
С) Заттың санын топтап көрсетеді.
D)  Заттың реттік санын білдіреді.
Е) Заттың санын жинақтап көрсетеді.

23. «Бала» сезіне қосылатын қосымшаны анықтаңыз.
А) — шы.
B)  — лық.
С) — тың.
В) — лік.
Е) — ші.

24. Мезгіл бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің сұрағын табыңыз.
A)  Қашанға дейін?
В) Не себепті?
С) Неге?
В) Неліктен?
Е) Не мақсатпен?

25. Жекіру одағайын табыңыз.
А) Әттеген — ай.
В) Беу.
С)  Тәйт.
D Рахмет.
Е) Моһ — моһ

Дұрыс жауаптары: 

1 в
2 а
3 с
4 в
5 д
6 в
7 д
8 д

10 а
11 в
12 д
13 в
14 в
15 д
16 с
17 д
18 д
19 с
20 в
21 в
22 д
23 в
24 а
25 с


ПІКІР ҚАЛДЫРУ