Қазақ тағылымды тарихымыздан сыр шертіп, әлем әдебиетінен құлаққабыс
етсеңіз де, жылулық пен сыйластықты сезіндіре білген биік шоқтық –
махаббат тақырыбында әсерлі баян ете біліскен. Ішкі ойдан тәтті сезімге
жетіліген мұндай керуеннің қай кезде, қандай жолмен келеріне ешбір тұлға
дәлелдеуге қауқары жетпеген-ді. Махаббат желісімен бақытына асық болған
«Қыз жібек пен Төлеген», «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» атты
шығармашылықтарынан оқығанымыздай, бұл жалынның арбауы да, өзіне
баурап алуы да үлкен тосынсыйларға толы. Бүгінгі арайлы таңымызда өмір
кезбесінен ғашықтық отын жандарып, жарқ еткізіп сүйіп қосылған жандарды
да көріп, естіген жаннан да құлақдармыз. Алайда, күйбең тірліктің тізбегі
мен алапат тұрмыс – тіршіліктің тарылуымен толғаулы махаббат айнасына
дақ түсіріп жүргендерді де көріп, еселі хабардан естуге үйреніп-ақ кеттік.
Жас жеткіншекті жетім етіп, есті әйелді жесір қылмақ, саналы ерді сарынсыз
әңгіме арасына топ еткізген ажырасу мәселесі көлемдей тақырып алып, десе
де, әлі күнге дейін өз себептерімен нақты сарапталар емес.
Қазіргі ахуалымызда сантарапты әлеуметтік негізде өзекжарды
мәселелердің бірі болып отырған – ажырасу мәселесі ауыз толтырардай ұзақ
шығарма іспеттес. Айтар ойдың ең сорақысы, бұл проблема жыл ағымында
еселене шарықтамаса, әлі күнге дейін азаюынан тысқары. Ұзақ айлар мен
жылдарды артқа тастап, етене жақын танысқан жастарымыз, үйлі – күйлі
болғаннан бастап қылт еткен қиыншылық атауына мүлдем төзімсіз бола
бастағандай. Күнделікті тұрмыс – тіршіліктің зу етер ауыртпашылықтарының
көбеюуіне мардымды көңіл бөліспейтін, жауапкершіліктің маңыздылығының
алғашқы орында болу керектігінен көбісі бейхабардай. Мемлекетіміздің
Ұлттық деңгейде экономика нарығы бойынша статистика сараптаушы
комитеттерінің орташа есебі бойынша, елімізде жылына сүйіп қосылар
отбасы бағамы жүз елу мыңға толықтырылса, осы жандардың қырық
мыңынан астамы ажырасу мәселесімен қош айтысқан. Қорытылған елеулі
негіздің жеткізуі бойынша, шәйі бұлттардан шәлі байлаған Алматы,
орыстану қапысында көзге түсер Қазақстанымыздың Солтүстік аймағы және
қауқарлы Қостанай өңірлерімізде неке қиысқан отбасылардың әрбір үшіншісі
ажырасуға бел байласады екен. Сонымен қатар, орда құрасқан Оңтүстік
Қазақстанымыз бен Жамбыл мекенімізде есеп деңгейі еке есеге төмен
түскендігі әсте қуантады, өйткені бұнда әрбір алтыншы отбасы ғана осындай
проблемамен тұспа – тұс келеді екен. Көлбеу көрсеткіштің көлеңкесі осы
аймақтарымызда көне қазақы салтымыздың саралы сағымы әлі де есіп
тұрғандығының дәлелі десек те, айып емес-ті.
Қоршаған ортамызда қонақы өмірімізде қадірлеудің шегін түсінісе
білмеген, сыйластық пен құрметтіліктің ерекшелігін жалаң етпек, күн көрісті
ер мен жұбайлары өте көп кездеседі. Атаулы мәселемізді әлеуметтік үн мен
психологиялық сарынның сипатымен байлам жасайтын болсақ, көптеген
салдарынан ақпаратқа еселенесіз. Отбасының ұйымшылдық қаймағының
ашынуына : күнделікті тұрмыс легіндегі материалды жетіспеушілік, қоғам
деңгейімен ел қатарлы күн кешпеуі, ерінің немесе жұбайының жұмыссыз
халдің өршуі, жылжымайтын мүлік ішінде өз қазан – ошағы, баспанасың
болмаушылдығы.
Тағылымды тарихымызға көз жүргізсеңіз, ешқай уақытта ажырасу
мәселесінің орын алмағандығын, болған күннің өзінде-ақ бірең – сараң
кездескендігіне куә бола аламыз. Кездеспегендіне дәлел, қазақы
салтымыздағы «әмеңгерлік» дәстүрі, ешбір жалғыз басты әйел атаулысының
қаңыраған күйде сұрыптаулы күн кешуіне, келте ғұмырда панасыз қалған
жетім балалардың жетесіз өспеуіне қиғаш қарсылығын көрсеткен.
Тоқсанды түйінді тармақтай келгенде, ажырасу мәселесінің себептерін
толығырақ ашыла зерттеліс таппады. Түрлі салттың торабын жиыстыра
білген елімізде , бұл проблеманың орнығуына өз бетінше әртүрлі факттарды
келтіруге болады. Өзге шетел асты елдерге қарасақ, ажырасу мәселесі
күнделікті қалыпты жағдаймен тең. Өйткені, шет елдерде «нуклеарды»,
«азаматтық неке» дескен отбасының болуы да, осы тақырыптың көлем
жинауына жол берместей. Сонымен қатар, шет елдерде екі жастың арасында
періштелерінің туылмауы аса маңыз иеленбейді. Себебі, уақыт еншісінде
өзара түсіністіктің арқауымен балалар үйінен сәби асырап алуға қалтсыз
даяр, «қиналысты босанудан асыранды бала тәтті» деген ойға томшаласақ
болатындай.
«Отан отбасыдан басталады» деп ата – бабаларымызыдң мардымды
мақалды дәріптегендей, бүгінгі күні еліміздің елеулі абыройын бақ таласқан
мемлекеттер арасында байрақ көтеруіне ең өзекті тұғыры, іргетасы. Талапты
ер жігіттің тынбай еңбек жолында адалды нәпіақымен сүйіп қосылған
сүйіктісін қуантатұғын көрінісін көргендей, келер ұрпаққа бізде осындай үлгі
боларымызға күмәніміз шүбәсіз. Кез – келген іргесін мықты, арқауы берік
болысқан, керегесін кең қылмаққа ниет қылған ерлі – зайыптыларымыз
өмірдің өзі кино кейпіндегідей романтика мен фантастикалық сәттерден ғана
тұрмайтындығын, онымен қатар, ащы бел байласпақ бейнетті тұстары мен
қан сонардай тізбексіз мәселелердің де болатындығын түсінісіп, толғаулы
ақыл жиысуға бағытталғаны жөн. Айрандай ұйыған отбасыдан бақытты
баланың шығатынына сенім мол. Сондықтан балаларымыз үшін,
болашағымыз үшін отбасын сақтап қалу әрекеттерін аянбай жасау керек-ті.
Қандай қиындық, қандай түсініспеушілік болса да шаңырақты сақтап
қалатын жылы сөз бен сыйласымдылық екендігін еншіңізден жырақтатпаңыз.
Әр адам кінәні біреудің бойынан емес өз бойынан іздесе неке сақталып,
шаңырақ ошақ – қазаны берекелі де, мерекелі болмақ..!