Қазіргі кездегі қазақ қыздарының қоғамдағы рөлі (эссе)

1
11261
ҚазҰУ – Ғылымға құштар жандар үшін үздік таңдау

Қазіргі кездегі қазақ қыздарының қоғамдағы рөлі

Жаман қыз әкесінен аса алмайды,

Аяғын бойын билеп баса алмайды.

Көкбай     

Қазақ халқы қай кезде болмасын «Қызға қырық үйден тыю» — деп әрқашан да қыздарын жаман қылықтардан аулақ ұстаған. Яғни, қыздың өміріне бүкіл туған-туыс, ауыл болып жете мән берген. Қыз баланың жүріс-тұрысына, киім киісіне де аса мән берген. Қызды қонақ деп, ерекше құрмет көрсетіп отырған. Айтса айтқандай-ақ, «қыз бала өрісің»- демей ме  дана ата-бабаларымыз. Дүниеге қыз бал келсе, өрісің көбейсін – деп жақсы тілектер айтып отырған.

Қыз анадан көрмейінше үлгі алмас

Ұл атадан көрмейінше үлгі алмас

Қорқыт

 «Анасын көріп қызын ал, аяғын көріп асын іш» -деп Шал ақын да өте жақсы айтқан. Яғни, қыздың тәрбиесінде ананың рөлі ерекше. Қыз баласы анасына қарап бой түзеп отырады. Ал ұл бала әкеісне қарап үлгі-өнеге алады. Қыздардың өмірдегі ең бірінші ұстазы өзінің анасы болып табылады.  Ерте кездерде қыздарды атастырып, құлақтарына сырға салып, алдын-ала құда түсіп отырған. Ондай  дәстүрлер қазіргі кезде  де көрініс табады. Атастырылған қызға басқа жігіттер көңілдерін білдіре алмайтын болған. Қай кезде де қыз бала ең бірінші орынға өзінің ар-намысын қоятын болған. Қызды жат жұрттық деп, еркелетіп, қылықты қып өсірген.

         Бүгінгі қыз бала ертеңгі ұлттың анасы екені айтпаса да түсінікті. Ал, қазіргі кездегі қыздар және олардың қоғамдағы орны қандай десек? Қазіргі кезде де қыздардың үлгі болатындары бар.  Көпке топырақ шашпайын. Бірақ, қазіргі кезде кейбір қыздар өздерінің абыройын өздері түсіріп алған сияқты. Олай дейтін себебім, қазіргі кезде қыздарда еліктеушілік қасиет өте басым. Кейбір қыздар, өте жеңілтек. Жігіттерге өздері бірінші болып қолқа сала салады. Онда тұрған не бар? – деп өздерін ақтап алғысы келеді. Заман сондай деп, бар кінәні заманға ысырып қоя салады. Ашық-шашық киініп, беттерін бес батпан қып бояп, кейбіреулері ауыздарына темекісін қыстырып, шаштарын жайып жіберіп, не айтса ыржың-ыржың күліп міне осындай қыздар баршылық.
Мектеп қабырғасын бітірмей жатып, жүкті болып, ардан аттап, дүниеге некесіз бала әкеліп, ол балаларды тастап, ертеңгі күндеріне өздері балта шауып отырғандары әрине қынжылтады( өзге ұлт өкілдерімен тұрмыс құрып ). Бұрынғы қыздарымызды алсақ. Мысалы 1986 жылғы бір ғана жағдайды алып қарайықшы.16 желтоқсан оқиғасын еске түсірсек. Қыздар бас амандығын ұмытып, елі үшін, атамекен жері үшін алаңға шықты. «Қазақ еліне қазақ басшы болсын» — деген тілекпен. Еліміздің басынан талай қиын қыстау заман өткені рас. Қазір шүкір, заманымыз тыныш. Бүгінгі күндегі қазақ қыздарының арасында да ауыз толтырып айтарлықтайлары біздің қоғамымызда  бар. Олар қоғамға пайдасын тигізуде. Сол қыздардың қатары көбейсе екен. Ел болам десең бесігіңді түзе демей ме! Ендеше сол ертеңгі болашағымыз, болашақ аналарымызды  әдепті, инабатты, иманды, болуына көңіл бөлуіміз керек.  Ол үшін қыз балаларға салт-дәстүрлерімізді, ұлттық құндылықтарымызды үйретететін, тәрбиелейтін  арнайы мектептер ашылса, нұр үстіне нұр болары сөзсіз…

Амангул Жалимбетова


1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ