«Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» атты қазақ әдебиетінен ашық сабақ

0
2821
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ
Пән мұғалімі
Исхакова Базаркуль Кемелбаевна
Тақырыбы
«Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел»
Мақсаты Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, саяхатшы, халық ауыз әдебиетінің жанашыры Шоқан Уәлихановтың өнегелі өмірі туралы дұрыс түсінік қалыптастыру. Ұлы ғалымның ғылыми мұрасының қазақ халқы үшін маңыздылығы туралы ой түюге бағыттау. Шоқанның өмір жолы, халқының болашағы үшін еткен еңбегінен үлгі-өнеге алуға үйрету. Шоқанның мезгілсіз өліміне сын көзбен қарауға ықпал ету
Күтілетін нәтиже Қазақтан шыққан тұңғыш ғалым, саяхатшы, халық ауыз әдебиетінің жанашыры Шоқан Уәлихановтың өнегелі өмірі туралы дұрысы түсінік қалыптасады. Ұлы ғалымның ғылыми мұрасының қазақ халқы үшін маңыздылығы туралы ой түйеді. Шоқанның өмір жолы, халқының болашағы үшін еткен еңбегінен өнеге алады. Шоқанның мезгілсіз өліміне сын көзбен қарайды
Әдіс-тәсілдер
Топпен жұмыс, оқыту үшін бағалау, СТО (себебі мен салдары)
Ресурстар Шоқанның суреті, туған жері, білім алған Омбыдағы кадет корпусының суреті, видеоматериал, презентация

 

Уақыты Кезеңдері Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
2 мин Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу

Топқа бөлу

3 мин
Қызығушылықты ояту

-«Жақсының аты өлмейді,

Ғалымның хаты өлмейді» деген екен қазақтың көреген сөз шебері Жиренше шешен. Дүниеден өткеніне талай уақыт өтсе де, аты мен хаты ұрпағының есінде мәңгі сақталған, ұлтына адал қызмет еткен перзенттер баршылық қазақта. Балалар, сендер қазір солардың қайсысының атын айта алар едіңдер?

Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қазақтың ерте көктеп, ерте солған шынары Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов жайында болмақ
Оқушылар өздері білетін ұлы тұлғалардың есімін атайды. Олардың ішінде Ш.Уәлихановтың есімі де аталуы мүмкін.
10 мин

Негізгі бөлім

Шоқанды қалыптастырған орта

Пікірталас

-Балалар Шоқан Шыңғысұлы қай жерде дүниеге келген еді? Есімізде ме?

Балалар алдымен Шоқан дүниеге келген, балалық бал дәурені өткен мекеннің бейнесін тамашалап алайық

-Осындай қасиетті мекенде дүниеге келген Шоқанның өмір сүрген жылдарына назар аударыңдаршы. Ол қанша жыл өмір сүрді?

-Бар болғаны 30 жыл өмір сүрсе де, Шоқанның бүкіл Еуропаны елең етердей дара тұлға болуына кімдер ықпал етті деп ойлайсыңдар?

Жақсы, ШОҚАННЫҢ осындай текті отбасынан шығуының өзі көп нәрседен хабар береді. Шоқан білім алған оқу ордалары туралы не айтасыңдар?

Әрине, өздерің айтқан факторлар Шоқанның ерекше тұлға болуына ықпал еткені даусыз, бірақ бірінші кезекке оның елден ерек қабілеті,білімге ұмтылысы, құштарлығы, еңбекқорлығын қойған дұрыс деп ойлаймын.

Солай емес пе? Шоқанның ата-анасы баласының білім алуына барлық жағдайды жасады. Ол заманда кез келген ата-ананың ондай мүмкіндігі бола бермейтін еді. Ал қазіргі кезде баласы үшін жағдай жасау барлық ата-ананың қолынан келеді. Тек сендердің бойларыңда Шоқан секілді білім — ғылымға деген ұмтылыс пен еңбекқорлық,шыдамдылық табылса, Шоқан сияқты ерекше тұлға болуларың әбден мүмкін

Шоқан Уәлихановтың туған жері туралы бейнематериал көрсетіледі

-Бар болғаны 30 жыл

Ең бірінші ата-анасы, яғни Шоқан ұшқан ұя

Шоқанға тәрбие беруде сұлтан әулетінен шыққан Айғаным әжесінің ықпалы зор болды.

Шоқанның әкесі Шыңғыс Омбыдағы Сібірдің қазақ әскери училищесін бітірген білімді, бірнеше тілді жетік меңгерген адам болған. Құсмұрын, Көкшетау округтарының аға сұлтаны болған. Әкесімен бірге жүретін жезтаңдай әншілер, суырыпсалма ақындар, ел шежіресін жетік білетін дана қариялардың әңгімелеріне қанық болып өсті.

Анасы Зейнеп қазақтың белгілі биі Шорман әулетінен еді.

Шоқанның тұлға ретінде қалыптасуына өзі білім алған Омбыдағы кадет корпусы, ондағы ұстаздары

(слайд ортада: «шоқан ұлы тұлға» жан жағында ата-анасы, әжесі, кадет корпусы, ұстаздарының суреті,

10 мин

Постермен жұмыс

1- топқа

«Шоқан – ауыз әдебиетінің жанашыры»

Отбасы не туған елі ғана емес, тұтас бір ұлт, қазақ халқы Шоқанымен мақтанады. Мұның сыры неде?

Ресей мемлекеті бұратана халықтардың соның ішінде қазақ халқын артта қалған, мәдениеті жоқ халық деп есептейтін. Шоқанның өз елінің «Илиада» мен «Одисейден» кем түспейтін ауыз әдебиетің бар екендігін әлемге паш еткені әрине оларға ұнамады

«Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Едіге батыр», «Ер Көкше мен Ер Қосай», «Шона батыр», «Манас» жырларын, қазақтың мақал-мәтелдерін жазып алып, зерттеп, сақталуына еңбегін сіңірді.

Шоқан «Қазақ халық поэзиясының түрлері» деген еңбегінде поэзия жанрына сипаттама беріп, топтастырды

2-топқа Шоқан -саяхатшы ғалым
Шоқан саяхатшы

1856 жылы Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады.

Жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.

1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды.

Ш. Уәлиханов 1856 жылы аса көрнекті ғалым, белгілі географ П.С. Семенов-Тян-Шанскиймен танысты. Ол жас қазақ ғалымның қабілетіне шын ниетімен сүйсіне қайран қалды. 1857 жылы П.С. Семенов-Тян-Шанскийдің ұсынуымен Ш. Уәлиханов Орыс географиялық қоғамының толық мүшелігіне қабылданды. Шығыс Қазақстан мен Жетісуға, қырғыз еліне жасаған сапары Шоқанның ғалым ретіндегі даңқын арттырды.

1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады

1858-1859 жылдары Шоқан атақты Қашғария  сапарына

барып қайттыШоқан аса қиын құпия жағдайда өз өміріне қатер төндіре жүріп, Қашғария өлкесінің тарихы, этнографиясы, мәдениеті мен геологиясы, географиялық жағдайы жайлы бұған дейін мүлде белгісіз аса құнды деректер жинап қайтты. Соның негізінде «Алтышардың немесе Қытайдың Нан-JIy провинциясының (Кіші Бұхараның) шығыстағы алты қаласының жағдайы туралы» деген атақты еңбегін жазды.

Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді.

Шоқан Қазақстан мен Орта Азияның және Шығыс Түркістанның карталарын жасаумен айналысты.

10 мин

«Салдары мен себебі» әдісі

Шоқан ел -жанашыры

Мұғалім салдарын айтылады, оқушылар себебін түсіндіру керек

Сайлауға түсіп, Атбасар округының аға сұлтаны болғысы келді. Неге?

«Елдестеріме пайдамды тигізу үшін аға сұлтан болғым келді. Оларды шенеуліктерден, қазақ байларынан қорғамақ болдым. Сондағы ең алдымен көздегенім-өз басымның мысалы арқылы жерлестеріме оқыған аға сұлтанның пайдалы екенін көрсету еді» (Шоқанның Достоевскийге жазған хатынан)
Сайлауға түсіп, Атбасар округының аға сұлтаны болуға талпынды, бірақ бұл мақсаты орындалмады. Неге? Шоқан қарсыласынан көп дауыс алып, жеңіске жеткенімен, генерал-губернатор оның халық арасындағы ықпалы мен беделі зор болып кетеді деп сескеніп, «науқасына байланысты қызметтен бас тартты» деген сылтаумен аға сұлтандыққа бекітпей қояды
Шоқан полковник Черняевтің шақыруымен Орыс империясының Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны Ресей қарамағына бағындыру мақсатын көздеген Әулиеата жорығына қатысады. Неге?
Орта Азияны Ресейге қосудың ұтымды жақтарын түсінді.
Көп ұзамай полковник Черняевтің қарамағында жұмыс істеуден бас тартты. Неге? Орыс генералының жергілікті халыққа көрсеткен қиянатын көріп, әскер қатарынан өз еркімен кетті.
Омбыдағы Сібір қазақтары үшін дайындалып жатқан сот реформасын жасауға қатысады. Неге?
«Дәулетсіз қарапайым қазақтардың» мұң-мұқтажын ескеру, солдардың пікірімен санасу, реформаны ақсүйектер үшін емес, қалың бұқараның тілек-мүддесіне сай жүргізу үшін

««Жергілікті сұлтандармен және қара сүйек қазақтардан шыққан байлармен қазір аразбын, мен оларға жалшыларды жақсы ұстаңдар, еңбек ақысын дұрыс төлеңдер дегенді талай рет талап еттім. Мен даланың пролетариатымен жақсы доспын, өйткені бір-бірімізді жақсы ұғамыз»( А.Г.Майковқа жазған хатынан)

Осы кезде Шоқан «Сот реформасы туралы жазбалар» атты өзінің атақты еңбегін жазды.

Шoқан бар болғаны 30 жыл ғана өмір сүрді. Шоқан өліміне қатысты не айтар едіңдер?

(Шоқан өліміне қатысты видеоматериал көрсетіледі)Бұндай жағдай те Шоқанның басында ғана емес, Шоқан заманында елінің жоғын жоқтаған қазақтың адал ұлдарының тағдыры осылай қайғылы аяқталып еді. Әлихан Бөкейханов бастаған алаштың ардақтылары да осылайша қатыгездіктің құрбаны болды.Десе де Шоқанның әрбір ісі бүгінде 25 жылдық тарихы бар тәуелсіздікке жасалған алғашқы қадамдардың бірі еді.

Оқушылар өздері білетін мәліметті айтады
2 мин Қорытынды бөлім
Біз Шоқанды сан қырынан таныдық.Ол білімді, ауыз әдебиетінің жанашыры, өз халқының қамқоры, саяхатшы ғалым. Оның бойындағы ең басты қасиет не деп білесіңдер?

Сендер де қазақ елінің өздеріңмен мақтанғанын қалайсыңдар ма? Ол үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

Шоқанның өмірін, елі үшін жасаған қызметін танып білуге бір сабақ аздық етері анық, алайда бүгінгі сабақ сендер үшін Шоқан өмірін өз беттеріңше зерттеуге, терең танып, білуге бастау болады деп ойлаймын

«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,

Өлмейтұғын артына із қалдырған?» деген Абайдың дана сөзі ойыма оралады. Бақилық болғанына 180 жылдам астам уақыт өтсе де, халық жадынан шықпайтын ұлы тұлғаларымыздың есімін дәріптеу біздің міндетіміз.Осы арада

«Өз елі өз ерлерін ескермесе,

Ел тегі қайдан алсын кемеңгерді»,-деген жыр құлагері Ілияс Жансүгіровтің сөзі оралады.

Ең бастысы, ол алған білімін,бойындағы қабілетті ел игілігіне жұмсады
3 мин Бес жолды өлең арқылы сабақта алған білімдерін пысықтау
Бес жолды өлең арқылы сабақта алған білімдерін пысықтау
Үйге тапсырма Ш.Уәлиханұлына хат жазу

 

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ