Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ-ні қолданудың тиімділігі

0
1816
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында АКТ-ні қолданудың тиімділігі

         Ақпараттық технологияларды қазақ тілін оқыту үдерісінде пайдалану оқушылардың жан-жақты білім алуына жол ашып, мемлекетіміздің үш тұғырлы тіл саясатына сай жақсы, жан-жақты дамыған оқушы иесі ретінде танылуларына негіз бола алады. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін оқытуда АКТ-ні пайдаланудың мүмкіншіліктері өте көптеп саналады. Мысалы үшін, әдебиет сабағында АКТ-ні жиі пайдаланамыз. Көбінесе ақын-жазушылардың шығармаларын «Bilimland» сайты арқылы бейнекөріністер, аудиожазбаларды жиі пайдаланамыз.

Бұл өз кезегінде оқушылардың шығармашылыққа деген қызығушылығын оятады. Сонымен қатар, сабақ барысында уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік туады. Қазақ тілі сабағында тапсырмалардың бірқатары тыңдалым дағдысы арқылы жүзеге асатын болғандықтан, аудиожазбаларды тыңдатамыз. Аудиожазба оқулықтың ішінде арнайы дискіде орналасқан. Сабақтың әр түрлі кезеңдерінде АКТ-ні пайдалануға болады. Мектебіміздегі бірқатар кабинеттерде интербелсенді тақталар мен проекторлар, интернет желісі де таратылған. Сонымен қатар, «Смарт тақта» жөнінде айта кеткен жөн. Смарт тақтаны кез келген  сабақтарда қолдану өте тиімді. Смарт тақтаның  интербелсенді тақтаға қарағанда мүмкіншілігі өте көп.

21.01.2019ж. күні 6 «Г» сыныбымен «Белгілі тұлғалар» тақырыбындағы сабағымда смарт тақтамен өттім. Аталған сабақта оқушылар смарт тақтада тапсырмалар орындады. Қолдарымен тақтаға тапсырмалар орындап отырды.  АКТ-ні қолдана отырып, кез келген тапсырманы түрлендіруге болады. Жай ғана ұялы телефонның көмегімен де бірнеше тапсырма орындатуға болады. Оның бәрі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Біз, мұғалімдер ылғи ізденіс үстінде жүреміз. Кез келген  тапсырманы қызықты етіп орындатуға тырысамыз. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында электронды оқулықтарды да өз кезегінде пайдаланып отырамыз. Заман дамуы арқылы білім саласына да біршама өзгерістер еніп жатыр. Оқушылардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып саралау тапсырмаларын орындауда да АКТ-ні пайдаланамыз. 

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ