Қазыбек  би

0
2181
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Қаз дауысты Қазыбек би, Қазыбек Келдібекұлы – қазақ халқының XVII – XVIII ғасырлардағы ұлы үш биінің бірі, көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері.

Орта жүз арғын тайпасының қаракесек руына кіретін болатқожа атасынан шыққан ол 1667 жылы Сыр бойында дүниеге келген. Арғы аталары Шаншар абыз, Бұлбұл, өз әкесі Келдібек — есімдері елге белгілі әділ билер болған.

Ұлттық  сана  мен  тілінің,  рухы  мен  арман – мұратының  ұшвн – теңіз  ұлылық  қасиеттерін  ересен  қуат  құдеретімен  көрсете  білген,  тәуелсіздік  жолында  қабырғасы  қайысып  еңбек  еткен  көрнекті  мәләмгер,  арыстан  жүректі  ер,  мемлекет  қайраткері – Қаз дауысты  Қазыбек  би.

— Үш  жүздің  қай  батырына  ризасың  деп    сұрағанда  Абылай  хан  айтыпты:

—  Мен  өзімнен  бұрын  болған  екі  кісіге  ризамын.   Ол  Қаракесек  Қазыбек  пен  Уақ  Деріпсал.  Бұл  екеуі  де  жауға  түскен  тұтқынды  босатып  алды.  Қазыбек  Қалданға  барып  босатты.  Деріпсал  өз  ауылында  отырып,  күшпен  қорқытып  босаттырды.

Қаз дауысты  Қазыбек  би  аумалы – төкпелі,  күрделі,  қилы  заманда  ғұмыр  кешті.  Кең  байтақ  қазақ  жеріне  бір бүйірден  Жоңғар  хандығы,   екінші  бүірден  Ресей  империясы,  үшінші  жақтан  Бұқар  мен  Хиуа  хандықтары  әбден  мазасын  алып,  әзәзілдік  көрсетіп  отырды.  Жан – жағынан  анталаған  алпауыттарға  қарсы    Тәуке  хан  икемді  саясат  жүргізді.  Сонымен  бірге  қазақ  қоғамында  жан  құбылыстарды,  адам  бойындағы  келеңсіз  міндерді  құртып – жоюмен  шұғылданды.

Қазақ  елшілері  күшін  жинап,  серігіп  тынығып  алған  соң,  Қалдан  Бошақтау  ордасына  шақырады.   Хан  түсін  суытып,  сұстамып,  ызғарлы  кеіпімен:

Иә, қазақтар,  неменеге  келдіңдер,  айтатындарыңды  айтыңдар  да  қайтыңдар – депті.

Қазақ  елшілерінің  басшысы  Тайкелтір  би:

Өгізді  өлеңге  байладық, 

Өрлікті  төменге  байладық.

Алдияр  тақсыр,  алдыңа  келдік,

Берсең  алдық,  бермесең   қалдық,

Сөзінде  өзіңе  салдық –

деп,  сөзін  сыпайы  қайырған  екен.  Оның  жасқанып,  бұғып  сөйлегенін  байқап  қалған  ханның  мерейі  тасып  мәртебесі  асып,  кеудесіне  нан  пісіпті.  Сол  кезде  босаға  жақта  жайғасқан,  өне – бойы  жігерлі   болат  ағынан,  намыстан  жарылған  өжет,  жепелі  жеткіншек   Қазыбек  құстай  ұщып,  жетіп  барады  да:

 

Ерден  ердің  несі  артық,

Ептестірген  сөзі  артық.

Малдан  малдың  несі  артық,

Міндетіне  алған  сөзден   шегінген 

Аштан  өлген  аюдың  өзі  артық –

деген  өткір  сөздері   бар.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ