Әйтеке  бидің шешендік сөздері

0
34596
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Әйтеке  би —1644 -1700 жылдары өмір сүрген қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері.

Әйтеке би

Әлім тайпасының төртқара руынан шыққан. Әмір-Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсыөзбекқырғыз, қазақ жұрты «Синесоф буа»(жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің үшінші ұрпағы. Әбілқайыр ханға дейін Кіші жүздің сөзін ұстаған қазақтың биі.  Есім хан тұсында Самарқанды билеген Жалаңтөс батырдың жақын туысы. Әйтеке бес жасында молдадан оқып сауатын ашқан.

Әдебиет,  өнер  тарихында  таза  болмысымен,  турашылдығымен,  даналығымен,  күйлі – қуатты  әрі  сымбатты  сөздерімен  аты  аңызға  айналған  ақыл – мой  алыптарының  бірі – Алшын  Әйтеке  би.

Әйтеке  бидің  үлкендігі  турасындағы  мына  бір  жәйтті  Мәшһүр  Жүсіп  «Даналар»  атты  өлеңінде  келтірілген:

Қазыбек,  Әйтекедей  көсем  өткен;

Әлдибек,  Айтпай,  Майлы  шешен  өткен.

Жолы  үлкен,  жасы  кіші  Төле  бидің

Әйтеке,  Қаздауысты  Қазыбектен.

 

Ел  аузында  «Әйтеке  жарып  айтады,  Қазыбек  қазып  айтады,  Төле  тауып  айтады,  Төле  тауып  айтады»  ұлағатты  сөздер  бар.  Әділ  сөйлеу,  ойды  шегелеп,  нақты,  жарып  айту  батырлық  пен  батылдықтан,  даналық  пен  білімпаздықтан  туады.

Әйтеке  бидің  мәні  мен  сәні  үйлескен  мына  бір  күлі – қуатты  лебіздеріне  дүниетаным  тереңдігі,  алысты  болжар  көрегендігі  көрініс  тапқан.

Әйтеке бидің нақыл сөздері

  • Батыр боп жауға найзаң тимесе,
    Батырлықтан не пайда.
    Бай болып халқыңа пайдаң тимесе,
    Байлығыңнан не пайда…

 

  • Іні — ағаның тынысы.

 

  • Қара қылды қақ жарған — жақсылардың белгісі.

 

  • Тексіздің тегі — құл.

 

  • Нағыз тұлпар дауысын қоңыраудай сыңғырлатып, үзілдіріп, әсерлі қайырып кісінейді.

 

  • Ағаң келсе — ардақтап атын байлағандай, қонағың келсе — құрметтеп, көңілін жайлағандай тындырымды ісің болғанға не жетсін.

 

  • Өмірім халқымдікі, өлімім ғана өзімдікі.

 

  • Інінің реті – тас қару,
    Ағаның реті – басқару.

 

  • Ағасы келсе, ардақтап атын байлағандай;
    Қонағы келсе, құрметтеп жайлағандай;
    Тындырымды інісі болса;
    Қанат-құйрығы сай болып,
    Көңілі жай болып,
    Ағаның алар тынысы болса;
    Інінің міндеті — басқару,
    Ағаның реті — бас бағу емес пе?

 

  • Асқар тау сенде бір мін бар- 
    Асу бермейсің; 
    Тасқын су, сенде бір мін бар- 
    өткел бермейсің;
    Билер, сендерде бір мін бар- 
    Басқаға сөз бермейсің!

 

  • Ашу бар жерде ақыл тұрмайды. 
    Ашу деген — ағын су, 
    Алдын ашсаң, арқырар. 
    Ақыл деген — дария, 
    Алдын тоссаң, тоқырар. 
    Кісі бірге туыспау керек, 
    Туысқан соң сөз қуыспау керек. 
    Сөз қуған пәлеге жолығады. 
    Жол қуған олжаға жолығады.

 

  • Ораздының кәрісі қартайғанда қазына болады, 
    Шиырлының кәрісі қартайғанда қазба болады.

 

  • Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; 
    Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. 
    Бай болып пайдаң тимесе, 
    Батыр болып найзаң тимесе, 
    Жұрттан алабөтен үйің күйсін!

 

  • Сарқылмайтын суат жоқ, 
    Тартылмайтын бұлақ жоқ. 
    Құйрығы суда тұрса да, 
    Уақтысы жеткенде, 
    Қурамайтын құрақ жоқ. 
    Дүние деген пәни бұл, 
    Баласы жоқта мият жоқ, 
    Бәрінен қиын сол екен, 
    Артыңда жанған шырақ жоқ…

 

  • Жігіттің жақсысы:
    Дұрыс сөзге тоқтай білген,
    Басқаны сөзіне тоқтата білген.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ