«Skills academy» мекемесінің өткен оқу жылындағы қайырымдылық шараларының есебі

0
2031

Құрметті «Skills academy» мекемесі және байқау қатысушылары!

«Skills academy» мекемесі 2016 жылдан бері білім саласында қызмет көрсетіп келе жатқан мекемелердің бірі. Құрамына кіретін Martebe.kz, Qaztest.kz және Ozattar.kz сайттары мұғалімдер мен оқушыларға арналған білім байқауларын, олимпиадаларды өткізумен айналысады. Мекеме басшылығы 2019 жылдан бастап қатысушылардың жарнасының белгілі бір пайызын қайырымдылық қорына жұмсауды қолға алған болатын. Қайырымдылық жасау – қоғамдағы жақсы өмірге ұмтылдыратын азаматтық іс. Осындай игі істі жасауға атсалысқан  «Skills academy» мекемесінің құрамына кіретін білім сайттарының қолданушыларына өз алғысымызды білдіреміз!

2019 жылдың ақпан айында ұйымдастырылған байқаулардың нәтижесінде «Добровольное Общеcтво Милоcердие» қорына қаржылай көмек аударылды. Ол қаржы Кемелхан Арсен есімді бүлдіршіннің еміне жұмсалды. Дәл қазір Арсеннің жағдайы отадан кейін жақсы деп хабарлайды.

Ақпан, наурыз айларында жасалған қайырымдылық шарасы туралы мәлімет

Қаржылай көмектің қайда жұмсалғаны туралы толық ақпарат осы сілтемеде.

Сонымен қатар сайтымызда сәуір, мамыр айында ұйымдастырылған байқаулардың нәтижесінде белгілі бір пайызы Қали Айдана есімді бүлдіршініміздің еміне аударылды.

Сәуір, мамыр айында жасалған қайырымдылық шарасының мәліметі

Өткен айдың соңында Түркістан облысы Арыс қаласында  төтенше жағдай орын алғандығынан хабардарсыздар. Елдің басына түскен ауыртпалықты ел болып жеңуге барлық қазақстандықтар атсалысты.

Біздің мекемеміз SKILLS ACADEMY ЖШС (Martebe.kz, Qaztest.kz, Ozattar.kz сайттары) Арыс тұрғындарына гуманитарлық көмек үшін бір күндік табысын аударып, азық-түлік жіберіп гуманитарлық көмек көрсетті.

Осы қоғамның бір бөлшегі ретінде жақсылыққа жасауға ұмтылу әрбіріміздің азаматтық парызымыз. Сіздер байқауға қатысып, біліміңізді сынап жетілдірумен қатар, осындай игілікті іске өз үлесіңізді қосып, ерекше балаларға өмір сыйладыңыз! Жақсылық жасауға атсалысқаныңыз үшін сіздерге алғыс білдіреміз!

Жақсылық жасап жарысайық!

Құрметпен, Skills academy мекемесінің басшылығы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ