Программалау тілдері (Сабақ жоспары)

0
6326
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақтың тақырыбы: Программалау тілдері

Мұғалімнің аты-жөні: Нурболатова Г.К.

Күні: 11.01-14.01-15.01

Сынып: 7  Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны:
Оқу мақсаты: Программалаудың жоғары деңгейлі  және төменгі деңгейлі тілдерімен танысады.
Мақсаты:

Білу: Программалау тілі ұғымымен танысады. Транслятор терминін және оның түрлерін біледі.

Түсіну: Интерпретатор мен компилятордың ерекшеліерін анықтай алады.

Қолдану: Программалау тілдерінің деңгейі бойынша жіктеп көрсетеді.

Талдау: Программалау тілдерінің төменгі және жоғарғы деңгейлерінің түрлерін топтастыра алады.

Жинақтау: Программалау тілдеріндегі кездесетін терминдерді анықтамасымен бірге сипаттап жазады.

Бағалау: Программалау тілінің компьютермен жұмыс жасаудағы қажеттілігі туралы анықтайды.

Сабақтың құрылымы:

І. Ақпараттар блогы

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

IV. Интелектуальды тренинг блогы

V. Күтілетін нәтижелер

Оқыту әдісі:  «АКТ», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау мен оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету», «Оқытуды басқару және көшбасшылық».
Мұғалім іс-әрекетінің тәсілі: Бағыт-бағдар береді, оқушыларға қажет болғанда көмек береді, олардың танымдық тапсырмаларды өз бетімен орындауын қадағалайды.
Оқу іс-әрекетінің ұйымдастыру формасы: Бақылау-сынақ сабағы.
Оқушы іс-әрекетін ұйымдастыру: Күтілетін нәтижеге қол жеткізу үшін кестеде берілген тапсырмаларды орындап, сұрақтарға жауап беру. Өз мүмкіндіктеріне қарай деңгейлік тапсырмаларды орындау. Тақырыптың идеясын түсіне отырып, баға беру.
Оқушыда дағды қалыптастыру: Өзін-өзі дамыту дағдылары – өзінің деңгейін бағалау, оны жоғарылату бағытында жүйелі жұмыс жасау, белгіленген мақсатқа жетіп барып нәтиже көрсету, жинақталған білім мен қалыптасқан дағды негізінде ой қорыта алу.
Негізгі ұғымдар мен терминдер: Мәтінді пішімдеу, символ, қаріп
Ақпарат көзі: Информатика 7, Мұхамбетжанова С.Т. Тен А.С., Исабаева Д.Н., Сербин В.В.
Сабақты бағалау: Оқушының іс-әрекеті ол СТК-дағы тапсырмаларды орындау деңгейіне байланысты бағаланады.

І. Ақпараттар блогы (8 мин)

Жоспар:

1)      Программалау тілі

2)      Процедуралық программалар

3)      Транслятор

1-слайд.

1)      Программалау тілі

1.1. «Сызбаны толықтыр» айдарында программалау тілінің сызбасын толықтыр

                            

 

 

2-слайд.  Процедуралық программалар

2.1. «Ережені толықтыр»

1. Процедуралық программалар — …………………… шешуге арналған жазбалар жүйесі.

2. Процедуралық тілдер …………… және ……………… деңгейдегі  тілдер болып бөлінеді.

3. Егер  программалау тілі нақты процессор типіне бағытталса және оның ерекшелігін ескерсе, онда ол …………………………. программалау тілі деп аталады.

4. Мәшине тілінде программалар мәшинеге тәуелді өте көп …………….. мен ……………… тізбектілігінен тұрады.

 

3-слайд. Транслятор

«Сәйкестікті тап» айдарында берілген терминдерге сәйкес сипаттаманы сәйкестендіріңдер.

Термин Сипаттамасы
Транслятор Программаны мәшинелік тілдің командаларына аудармай, бірден орындайтын программа.
Компилятор Ағылшын тілінен аударғанда «аударушы программа» деген мағына береді. Жоғары деңгейдегі тілдің бірінде жазылған программан мәшинелік командалардан тұратын программаға түрлендіруге арналған программа
Интерпретатор Жоғары деңгейдегі программаны компьютерге түсінікті мәшинелік тілдегі командаларға аударып, орындайтын программа

ІІ. Логикалық тапсырмалар блогы (5 мин)

«Тірек сөздер» әдісі. Оқушылар берілген программа атауына байланысты сипаттамасын айтады.

1)      Микрокомандалар – команда микрокомандалардың көмегімен сипатталады.

2)      АЛГОЛ – алгоритмдер үшін математикалық стильді қолданады.

3)      СИ (С) – әмбебап программалау тілі

4)      Макротіл – макрокомандалардан тұрады

5)      Паскаль – алгоритмдік тіл

ІІІ. Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы (15 мин)

Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей (Білу, Түсіну)

1.1. «Дұрысын тап» айдарында оқушылар анықтамаға сәйкес терминдерді табады.

1. ……………………… – компьютерлік программаларды жазуға арналған формальды таңбалық жүйе. а) процедуралық программалар, ә) программалау тілі, б) транслятор

2. ……………………. – нақты есепті шешуге арналған жазбалар жүйесі. а) процедуралық программалар, ә) программалау тілі, б) транслятор

3. ……………………… – адамға түсінікті тілдегі ақпаратты құрылғыға түсінікті тілде аударатын программалар. а) процедуралық программалар, ә) программалау тілі, б) транслятор

4. Егер  программалау тілі нақты процессор типіне бағытталса және оның ерекшелігін ескерсе, онда ол …………………………. программалау тілі деп аталады. а) процедуралық программалар, ә)төмен деңгейдегі программалау, б) программалау тілі

ІІ деңгей (Қолдану). «Венн диаграммасы» арқылы интерпретатор мен компилятордың айырмашылықтары мен ұқсастығын жазыңдар.

 

 

 

 

ІІІ деңгей (Талдау)

«Адасқан сөздер» айдарында программалау тілдерінің төменгі және жоғарғы деңгейлерінің түрлерін топтастырыңдар

Төменгі деңгейдегі программалау тілдері Жоғарғы деңгейдегі программалау тілдері
   

Адасқан сөздер: Микрокомандалар, Фортран, АЛГОЛ, Мәшинелік, Бейсик, Автокод, Паскаль, Макротіл, Visual Basic, Delphi, Visual C

IV. Интелектуальды тренинг блогы (8 мин)

Талтау деңгейі. Топтық жұмыс

«Программалау тілдері» атты шағын зерттеу жүргізіңдер. Алынған ақпаратқа мәтіндік процессорда кесте құрыңдар

V. Күтілетін нәтижелер (4 мин)

Адам мен компьютер арасындағы байланыс кезіндегі программалық тілдердің маңызы туралы шағын эссе жазыңдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ