Зерде бұзылыстары бар балаларды білім берудің ұстанымдары, әдістері, сабақтарға қойылатын әдістемелік талаптар

0
7792
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Арнаулы білім беру — кемтар балаларға арнайы жағдайлар жасай отырып білім беру.        Мұнда оқыту мүмкіндігі қоршаған орта туралы қарапайым білім алумен, өзіне-өзі қызмет ету дағдысын меңгерумен, қарапайым еңбек дағдысын және кәсіби даярлықты меңгерумен шектеледі.

Білім алу үшін арнайы оқыту, білім беру бағдарламасы мен оқыту әдістері, арнайы оқулықтары, әдістемелік құралдары, т.б. қызметтер көрсетіледі.

Арнайы білім беру арнайы педагогиканың жеке бөлігі болып табылады.

Арнайы білім берудің дидактикасы-мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру мен оқыту, оның заңдылықтары, принциптері, әдістері мен оқу процесін ұйымдастыру формаларын зерттеумен айналысады. Арнайы педагогиканың дидактикасы нысаны – тұлғаның білім алуда, жан-жақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған оқытушы мен оқушылар арасындағы байланыс әрекеттер жүйесі. Сонымен бірге, арнайы мектептегі білім беру мазмұны, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формалары, оқушылар білімін тексеру және бағалау мәселелерін қамтиды.

Оқыту процесінде арнайы мектеп оқушылары арнайы білім беру мазмұны меңгереді.Түзетушілік жұмыс ұйымдастыру арқылы оқушы бойында еңбекке баулу, ең бастысы қоғамдық өндіріске қатысуға мүмкіндік беретін икеммен дағдылар, көзқарас пен сенімдер қалыптасады, қоғамға бейімделуге жағдайлар қамтамасыз етіледі.

Қазіргі таңда дамуында кемістігі бар оқушылар жаңа компьютерлік технологиялармен мектепте танысуы қажет, арнайы оқытуда бағдарлап оқыту технологияларды т.б. кең пайдалануы тиіс.

Арнайы мектептегі оқыту үш міндет атқарады, олар: білім беру, тәрбиелеу, түзету-дамыту.

Білім беру қызметі арнайы икемділік пен дағдылар нақты оқу пәніне лайықты тәжірибеде қажетті икемділік пен дағдыларға үйрету.Мысалы, физикадан есеп шығару мен зертханалық тәжірибе өткізу болса, географиядан-карта, атлас, глобуспен жұмыс жасау т.б. Жалпы оқу дағдылары барлық пәндерге қатысты, олар кітап, анықтама, сөздіктермен жұмыс жасау, оқу және жазу дағдылары, оқу әрекетін ұйымдастыру дағдылары сияқты.

Тәрбиелеу қызметі оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, этикалық көзқарастарын қалыптастыруға бағытталған.

Оқытудың түзету-дамыту қызметі көбінесе арнайы түзету сабақтар арқылы атқарылады. Оқыту процесінде оқушылар алдына таным процесін дамыту үшін арнайы міндеттер қойылады.Оқытудың дамытушылық міндеті білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.

Арнайы мектеп оқушысы әрбір сабақта, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесімен танысады, зерттейді, қоршаған әлем құбылыстарымен танысады. Оқу іс-әрекетіне байланысты оның бойында білік пен дағдылар қалыптасады. Оның миі шындықтың зерттейтін объектілерін бейнелейді.Сондықтан оқыту процесі оқушының қоршаған әлемді тану процесі болып табылады.

Арнайы оқытудың екі ерекшелігі бар.Бірінші, құрылымы адамның психикалық және қоғамдық даму заңдылықтарының нәтижесінде пайда болған танымдық іс-әрекеттердің түрлері мен формаларында.Екіншісі, адамның қалыптасқан іс-әрекеттердің түрін, құрылымын, механизмін өзгертуінде. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің өзіндік мақсаты, міндеті, мазмұны, принципі, әдістері мен ұйымдастыру формалары болады.

Оқытуда оқу материалдарын қабылдау, саналы меңгеру, бекіту, тәжірибеде қолдану, меңгерілген білімді тексеру бағалау, әр қайсысы бір бірімен тығыз байланыста келеді.

Арнайы мектеп оқушыларына жаңа материалын баяндау процесінде оқу материал қабылдау мен саналы меңгеру ерекшеліктерін ескеру қажет. Қабылдау біріншіден, танымдық әрекеттің бастапқы сәті болып табылады, екіншіден қабылдау алдынғы меңгерілген білімге негізделеді.

Мүмкіндіктері шектеулі балаларға тән қабылдаудың ерекшеліктері:

  • күрделі оқу материалы бөлімдерге жіктеледі;
  • оқыту үрдісі баяу өтеді;
  • оқушының әрбір әрекетіне басшылық жасады;
  • оқушыны өзінің қабылдау нәтижесін талдауға, үлгімен салыстыру арқылы үйретеді;
  • сақталған, сау анализаторға сүйену қажеттілігі.

Оқу материалын саналы меңгеру — бұл күрделі процесс, заттар, құбылыстармен олардың бейнесінің маңызына немесе сөзбен бейнелеуіне ойы мен санасын енгізуді білдіреді.Мысалы, зиятында ауытқушылығы бар балалардың танымдық әрекеті анық айқындалған репродуктивті, яғни қайта жаңғырту сипатына ие.

Түзету жұмысының маңызды кезеңі-нақтылыдан абстрактіліге, жекеден жалпыға, көрнекілікті әрекеттен ойлау әрекетіне көшуді, балаға жеңілдететін арнайы құралдар пайдалану болып табылады.

Арнайы оқытуда көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану тиімді жолдың бірі.

Бекіту-меңгерілген білім мен икемді мақсатты түрде пайдалану.Білім мен иекемді біртіндеп және тиянақты бекіту мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытуда ерекше орынға ие, аса маңызды әрекет. Икем дегеніміз-адамның қандай нәрсені болмасын орындай білу қабілеті. Икемділік білім мен тәжірибеге негізделеді.Кімнің білімі мен тәжірибесі көбірек болса, сол адамның икемділігі де артық болады.Икемділік белгілі бір дағдылар мен білім жүйесін практикада пайдалана алудың көрінісі болып табылады.

Бекіту есте сақтау негізіне жүреді. Бала бойындағы психофизиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып бекітуге берілген материал дұрыс толық талқыланып, құрам бөліктерге жіктелген болуы тиіс.

Арнайы мектептегі мұғалім жүйедегі бірде бір білім бөлігінің түсініксіз қалуын және барлық жүйеде бөлінбеуін мұқият қадағалауы тиіс.

Қайталау процесінде түзету, бекіту және толықтыру қате меңгерілген білімді және әрекет тәсілдерін қайта құру жүзеге асырылады.

Сонымен арнайы мектептегі оқыту процесі жалпы мектептегі сияқты заңдылықтар негізінде өтеді. Бірақ та, оқушылардың дамуындағы кемістіктер оқытудың ерекше сипатын білдіреді.

Біріншіден, оқытудың барлық кезеңдерінде затты-көрнекі бағытында әрекет жасау.

Екіншіден, танымдық әрекетке арнайы педагог тарапынан басшылық ету талабы маңызды, өйткені балалар мұғалімнің көмегін үнемі қажет етеді.Бірақ балалар өз танымдық әрекетін ұйымдастырып үйренген соң, мұғалімнің тікелей көмегін біртіндеп көлемін азайтып қажетсінеді.Мұғалім көмегі жалпылама түрде ғана көрсетіліп тұрады.Оқушылар берілген нұсқаулар бойынша тапсырмаларды өз бетінше орындауға үйренеді.

Үшіншіден, оқытудың репродуктивті, қайта жаңғырту түрі басым болған жағдайда арнайы мектеп оқушылары оқу материалын жақсы меңгере алады.Арнайы мектепте оқу материалын дұрыс, саналы қабылдап, меңгеру үшін оқытылған материалды бірнеше рет қайталау тәсілі жиі пайдаланылады.

Төртіншіден, оқу үрдісіне оқушыларды белсенді қатысуға ынталандыру қажет. Бұл үшін оқу процесін белсендіретін түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану қажет, көрнекі құралдар, арнайы техникалық оқыту құралдар т.б.

Бесіншіден, оқытудың терең жеке дараланған сипаты. Бұл ерекшелік оқушылардың таным ерекшеліктерінен туындаған.Ал ол болса, арнайы мектептің негізгі бағытын жүзеге асыруды талап етеді-ол оқушыларды түзете-дамыту. Адам қоршаған заттар, құбылыстар мен оқиғалармен тек өз қатынасы арқылы алатын заңдылықтарды ғана емес, ол адамзаттың тәжірибесінде жинақталған заңдылықтарды игеру қажет. Баланы оқытпаса, ол өз бетімен ғылыми білім жүйесін игере алмайды.

Арнайы мектепте оқытуда оқушылардың іс-әрекетіне мұғалім белсенді қатыспаса, балалар өз бетімен білім алу мақсатын орындай алмайды. Тек мұғалімнің іс-әркеті арқасында ғана оқушы адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесін танысуға мүмкіндік алады.

Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы білім беру:

  • Арнайы білім берудің дидактикалық талаптарына сай оқушының білім алуын, жан-жақты дамуын қамтамасыз етуде оқытушы мен оқушы арасындағы байланыс әрекеттер жүйесін жетілдіру;
  • Білім беру мазмұнын, оқыту әдістері мен ұйымдастыру формаларын, оқушылар білімін тексеру мен бағалау мәселелерін жетілдіру арқылы, түзету жұмыстарын ұйымдастыра отырып оқушыларды еңбекке баулу, қоғамдық өндіріске қатысуға мүмкіндік беретін икем-дағдыларды, көзқарас пен сенімдерді қалыптастыру, қоғамдық өмірге бейімделуге жағдай жасау.
  • Жаңа компьютерлік технологиямен танысу, бағдарлы оқыту технологияларын кеңінен пайдалануды ұтымды жүргізе білім беру, тәрбиелеу, түзету-дамыту міндеттерін шешу;
  • Оқушылардың дүниетанымын, адамгершілік, еңбек, эстетикалық, этикалық көзқарастарын қалыптастыру.

Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары.

Оқу процесін ұйымдастырудың ең негізгі тиімді формасы – сабақ.

Сабақта мұғалім белгіленген уақыт аралығында қажетті жұмыс түрлерін, құрал-жабдықтары мен тәсілдерін қолданып, танымдық және басқа әрекеттерді ұйымдастыру арқылы оқушылардың пән негіздерін меңгеруге, қабылдауға жағдай жасайды.

  • Мұғалім сабақ міндеттеріне сай жеке, топ, сыныппен жұмыс жүргізеді.
  • Сабақ ерекшелігі:
  1. Сынып тобы құрамы тұрақтылығы;
  2. Оқушы мүмкіндіктері мен кемістігі ерекшеліктеріне орай мұғалім басшылық жасайды;
  3. Оқушылар білімді сабақ үстінде меңгереді.
  • Арнайы оқытудың қосалқы формалары:
  • Факультатив сабақтары – оқу пәндерін оқушы таңдауына орай білімдерін тереңдету міндетін көздейді.
  • Оқу саяхаттар – кемтар оқушылар үшін өте қажет. Өндіріс, мұражай, көрме, табиғат аясына бару арқылы қоршаған орта туралы білімдерін кеңейтуге, әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік жасау арқылы оқуды ұйымдастыру;
  • Семинар оқу сабақтар – оқу танымдық әрекетіне өзіндік жұмыстар негізінде жоғары сыныптарда ұйымдастырылады.
  • Үйдегі өзіндік жұмыс – сабақтан тыс уақытта білімді игерудің құрамдас бөлігі. Бұл арнайы мектеп оқушылары үшін өте қажет, өз бетімен білім алуға дағдыландыру қиын мәселе. Үй тапсырмасын үздіксіз толық түсіндіру, талықылау кейін міндетті түрде қадағалау мен бақылау қажет.

Арнайы мектептердегі сабақ.

Сабақ- оқу үдерісін ұйымдастыру формаларының бірі. Сабақтың жоспарын құру кезінде педагог сабақтағы іс-әрекеттің, көрнекіліктің, сөздердің ұтымды қиюласуын алдын-ала болжай білгені жөн. Оқытудың әдістерін бірлестіру оқушылардың оқу материалын игеру мүмкіндіктеріне байланысты болады. Көбінесе сабақта сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер қолданылады. Проблемалық ситуацияларды да қолдануға ерекше назар аударуы тиіс. Проблемалық оқыту барысында мұғалім оқытудың сөздік, көрнекілік және практикалық әдістері кеңінен қолданады.

Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жүргізгенде мұғалімнің  мынадай кеңесті есте сақтағаны жөн:

-Баланың әлсіз жақтарына назар аударыңыз.

— Материалдың маңызды жақтарын кішкене бөліктермен ұсыныңыз.

 -Мүмкіндігінше көбірек қайта айтыңыз және бекітіңіз.

— Баланы жетістігі үшін мақтап қоюды ұмытпаңыз.

— Тапсырманың орындалуын талдаңыз.

— Егер балаға тапсырманың орындалу барысын қайта көрсету керек болса, шыдамды болыңыз.

— Мүмкіндігінше тапсырманы бөліктерге бөліп, жеңілінен ауырына көбейтіп беріңіз.

— Ата-аналарына балаларындағы қозғалысты көруге көмектесіңіз.

— Балаларға жаңа білім мен дағдыларды бекіту үшін уақыт пен мүмкіндік беріңіз.

Мұндай балалармен атқарылатын жұмыстың негізгі мақсаты- оларды асықпауға, өз әрекеті туралы алдын-ала ойлануға, уақытын үйлестіре білуге үйрету. Сондықтан олармен жұмыс істеуде мұғалімнен ерекше байсалдылық пен шыдамдылық, эмоциясының тұрақтылығы, зор жауапкершілік талап етіледі.

Арнайы мектептердегі сабақтың дидактикалық талаптарынан басқа да тәрбиелік және түзетушілік мақсаты алдын-ала  жорамалданады. Түзете-дамытушылық мақсатқа мүмкіндігінше сенсорлық механизмдердің көптеген түрлері енеді. Дамытуға:

  • артикуляциялық моториканы дамыту;
  • көру арқылы қабылдау және танып білу;
  • көру арқылы есте сақтау мен зейінді дамыту;
  • есту арқылы есте сақтау мен зейінді дамыту;
  • негізгі ойлау операцияларын дамыту;
  • көрнекі-бейнелік, сөздік-логикалық ойлауды дамыту және т.б. жатады.

Түзетушілік мақсатты қойған кезде екі кезең айқын бейнелуі тиіс: нені дамыту және ненің көмегімен.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты оқушыларды табандылыққа, шыдамдылыққа, ұжымдық сезімге және т.б. тәрбиелеуде көрінеді. Осыдан шығатын қазіргі сабақтарға қойылатын талаптар ( В.В.Воронкова) келесіден тұрады:

  • оқытудың білімділік, түзете-дамытушылық, тәрбиелік қызметтерін ( функцияларын) іске асыру;
  • сабақтың оқытудың ұстанымдарына сәйкестілігі;
  • сабақтың нақты, айқын ұйымдастырылуы;
  • оқу-тәрбие үдерісінің оптимизациялануы;
  • сабақ мазмұнының оқу бағдарламасына сәйкестілігі;
  • пәнаралық және пәнішілік байланыстың жүзеге асырылуы;
  • оқушылар дербестігін арттыру
  • Арнайы мектептегі сабақта оқу процесінің мақсат-міндеттері, білімнің мазмұны, принциптері, оқыту әдістері толығымен жүзеге асырылады.
  • Сабақ нақты талапқа және білім беру мақсат міндеттерге сәйкес ұйымдастырылатын жұмыс.
  • Сабақты дұрыс өткізу үшін:
  1. Жалпы дидактикалық;
  2. Әлеуметтік-педагогикалық;
  3. Психологиялық-педагогикалық;
  4. Ұйымдастырушы;
  5. Санитарлық-гигиеналық жағдайларды қамтамасыз ету керек.
  • Жалпы дидактикалық жағдайлар нақты оқыту процесін қалай өткізу шарттарын белгілейді, сабақта өтетін білім мазмұнын, соған сәйкес сабаққа қойылатын міндеттерді анықтайды.
  • Білім беру міндеттері ғылыми негізделген оқу бағдарлама көлеміндегі білімді меңгерту, өмір сүру үшін қажетті икемділік пен дағдыларды қалыптастыруды қолдайды.
  • Сабақтағы білім беру міндеттері үнемі оқушыларға арналған, мұғалім оқушы нені меңгеріп, нені игеруі тиіс екенін анық білуі тиіс.
  • Сабақтың тәрбиелік міндеттері өмірге деген дұрыс көз-қарасын қалыптастыру, жеке тұлғаның адамгершілік, эстетикалық қасиеттерін тәрбиелеу, танымдық қызығушылығын, шығармашылық қабылеттерін дамытуға жол ашады.
  • Түзету-дамыту міндеттері бала бойындағы алғашқы кемістік салдарын жоюға, түзетуге және екінші кемістіктердің алдын алуға бағытталған, таным процесін, сөйлеу тіліндегі кемістіктерді түзету; («кім байқағыш», «не артық» т.с.с.).
  • Сабаққа қойылған міндеттердің нақтылығы:
  • Оқушы ерекшелігіне орай оқыту әдістері мен тәсілдерінің үйлесімділігі, оқу материалының көлемі мен күрделілігін анықтай білуі тиіс:
  • Әлеуметтік-педагогикалық жағдайлар арнайы мепктепте оқыту процесін арнайы құрал-жабдықпен қамтамасыз етуді талап етеді.
  • Психологиялық-педаогикалық жағдайлар оқушы қызығушылығын оятуды, балалардың психикалық даму, жас, тұлғалық ерекшеліктерін жақсы білуді қажет етеді.

Сабақ түрлері, құрамы. (Әр сабақ бірліктерден құралады).

  • Үй тапсырмасын тескеру;
  • Жаңа материалды түсіндіру;
  • Бекіту, қайталау, білімді тексеру, бағалау, сабақты қорытындылау.

Сабақ түрі – белгілі бір сабақтар тобына тән бірліктердің тұрақты үйлесімділігін білдіреді.

Дидактикалық мақсаттарға сәйкес сабақ түрлері:

  • пропедевтикалық сабақтар;
  • жаңа білім, икем, дағдыларды қалыптастыру;
  • білім, икем, дағдыларды қайталау;
  • білімді қорытындылау;
  • білім, икем, дағдыларды тексеру, бақылау.

Арнайы білім беруде пропедевтикалық сабақтың екі түрін ажыратуға болады:

  1. Бастауыш сыныпта өткізілетін сабақтар, олардың мақсаты – оқу материалын толық жүйеде меңгеруге даярлау.
  2. Оқыту процесінде күрделі оқу материалын меңгеру үшін арнайы дайындық ретінде өткізілетін сабақтар (мақсаты – оқушыларды оқу материалын жақсы меңгеруге даярлау).
  • Жаңа білім, икем, дағдыларды қалыптастыру сабақтары тек жаңа мәліметтерді, икемдік пен дағдыларды үйретуді мақсат етеді.

Мұндай сабақтың құрылымы:

  1. Психологиялық-педагогикалық даярлық.
  2. Жаңа оқу материалын баяндау.
  3. Меңгерілген оқу материалын бекіту.
  4. Үй тапсырмасын беру.
  5. Білімді бағалау.
  6. Сабақты қорытындылау.

— Бұл сабақтарды оқушылар өздерінің білім, икемдіктерін жаңа жағдаятта, тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйренеді. Жаңа оқу материалын мұғалім бағдарлама негізінде жан-жақты талдап, іріктеуі тиіс.

Арнайы мектептердегі білім, икем, дағдыларды бекіту сабағы.

Оның құрылымы:

  1. Психологиялық-педагогикалық даярлық.
  2. Оқу материалын қайталау.
  3. Меңгерілген білімдерін жетілдіру.
  4. Үй тапсырмасын беру.
  5. Білімді бағалау.
  6. Сабақты қорытындылау.

Мұндай сабақтарда көп жаттығу пайдаланылады, арнайы әрекеттер ұйымдастырылады.

Арнайы мектепте білімді жалпылау, бір жүйеге келтіру, меңгерген білімді берікті жүйеге келтіру арқылы түзетушілік маңыздағы сабақтар. Құрылымы:

  1. Психологиялық-педагогикалық даярлық.
  2. Оқу материалын қайталау.
  3. Үй тапсырмасын беру.
  4. Білімді бағалау.
  5. Сабақты қорытындылау.

Бақылау сабақтары тақырып бойынша әңгімелесу, жазбаша практикалық тапсырма беру, бақылау жұмыстарын өткізу.

Арнайы мектептегі – неғұрлым көп тараған сабақ түрі – аралас сабақ.

Бұл сабақ басқа міндеттерді шешуге уақыт қалатындай оқу материалын шағын бөліктермен беріледі. Материалды есте сақтаудың ерекшелігі тиянақты бекітуді талап етеді.

Аралас сабақтың құрылымы:

  1. Психологиялық-педагогикалық даярлық.
  2. Үй тапсырмасын тексеру.
  3. Оқу материалын қайталау.
  4. Жаңа оқу материалын баяндау.
  5. Меңгерген білімді бекіту.
  6. Үй тапсырмасын беру.
  7. Білімді бағалау.
  8. Сабақты қорытындылау.

Аралас сабақтар құрылымы – бірдей бола бермейді. Дидактикалық міндетке байланысты жаңа материалды баяндау не қайталау мен жүйелеу маңызды орын алады.

Арнайы мектептердің өзгешелігі – түзету сабақтары. Түзету міндеті арнайы сабақтар енгізілгеніне қарамастан әрбір сабақта, сабақтан тыс уақытта жүзеге асады.

Ақпарат құралдар арқылы өткізілетін сабақтар (теле-бейне, компьютер құралдары т.с.с.).

Оқу үрдісінде:

  • Арнайы мектеп оқушысы әрбір сабақта, адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибесімен танысады, зерттейді, қоршаған әлем құбылыстарымен танысуда оқу іс-әрекетіне байланысты оқушы бойында білік пен дағды қалыптасады. (Еңбек, ойын, көркем бейнелеу, ән-күй-эстетикалық т.б. іс-әрекет арқылы әлемді таниды).
  • Оқытуда: оқу материалын қабылдау саналы меңгеру, бекіту тәжірибеде қолдану, меңгерілген білімді тексеру бағалау өзара тығыз байланыста болады.
  • Жаңа материалды баяндауда оқушы қабылдауы мен саналы меңгеруін ескеру қажет.
  1. Қабылдау танымдық әрекеттің бастапқы сәті болады.
  2. Қабылдау алдыңғы меңгерілген білімге негізделеді.
  3. Оқу материалын саналы меңгеруде – көрнекі құралдар мен практикалық икемділіктерді кешенді пайдалану.
  4. Білім мен икемді тиянақты бекіту:
  • Икемділік білімнің амалға айналуы.
  • Еліктеу арқылы тұрмыстық дағдыларға машықтанады.
  • Есте сақтау негізінде бекітіледі. Мұғалім жүйедегі бірде-бір білім бөлігінің түсініксіз қалмауын қадағалауы тиіс.

Арнайы мектепте оқыту процесі жалпы мектептегі сияқты заңдылықтар негізінде өткенімен оқыту сипаты ерекше.

  1. Оқытудың барлық кезеңдерінде затты – көрнекі бағытында әрекет жасау;
  2. Оқушының танымдық әрекетіне мұғалім басшылығы, көмегі үнемі қажет. Оқушы берілген нұсқау бойынша тапсырмаларды өз бетінше орындауға үйренеді.
  3. Оқытудың репродуктивті, қайта жаңғырту түрі басым болған жағдайда оқу материалын жақсы игереді.
  • Оқытылған материалды бірнеше рет жиі қайталау тәсілін қолданған жағдайда оқушы оқу материалын дұрыс, сапалы қабылдап, меңгереді.
  1. Оқу процесін белсендіретін түрлі әдіс-тәсілдерді, көрнекі құралдар, арнайы техникалық оқыту құралдары т.б. пайдалану арқылы оқушыларды оқу үрдісіне белсенді қатысуға ынталандыру қажет.
  2. Оқушы таным ерекшелігіне орай оқытудың терең жеке дараланған сипатын жетілдіру арқылы – оқушыны түзете дамыту.

Оқыту үрдісінде оқушының іс-әрекетіне мұғалім белсенді қатыспаса, бала өз бетімен білім алу мақсатын орындай алмайды.

Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау

Білімді меңгеру дегеніміз-оқушылардың білімді қабылдай ғана қоймай, оны түсініп, бекітіп, тәжірибеде пайдаланатын деңгейге жеткізген таным әрекетінің нәтижесі.

Оқушылардың білімін тексеру мен бағалау мемлекеттік маңызы бар және білім беру органдары мен мектеп әкімшілігінің мұғалім жұмысын бақылауының құралы болып табылады.\Оқытудың барлық кезеңдерінде бақылау жұмыстары, байқау, оқушылар жұмысын талдау, бақылаудың басқа да формалары тексеру мақсатында пайдаланылады.

Арнайы мектепте оқушылардың білімін тексеру мен бағалау таным процестерін дамытады, түзету-дамыту амал-тәсілдерімен таныстырады.

  1. Мұғалім оқу материалын игерілуінің сапасын тексеріп, оқушылардың білім деңгейін бағалайды. Бұл жұмыс арнайы білім беру бағдарламаларында бекітілген талаптарға сәйкес жүреді.
  2. Білімді тексеру мен бағалау жүйелі және үздіксіз болуы керек. Кейбір пәндерден оқушының білімін бағалау оның өмірінің бір көрінісі ғана болып қалмағаны жөн. Оқушы кез-келген сабақта жауап беруге дайын болуы керек. Бұл оқушының танымдық іс-әрекетінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
  3. Білімді тексеру мен бағалау оқушылардың таным процестерін дамытуға, оқудың қиындықтарын жеңе білуге байланысты мінез-құлық пен еріктік сапаларын тәрбиелейді.

Арнайы мектептерде дәстүрлі білімді тексерудің төмендегідей түрлері қалыптасқан.

Күнделікті тексеру. Әр сабақта мұғалім оқушылардың жаңа білімдерді игеруге даярлығын тексереді, бүкіл сабақ барысында оқу материалының мазмұнын балалардың игеруін бақылайды.

Қорытынды тексеру. Оқушылардың білімдерді игеруін мұғалім бірнеше апта, тоқсан, жарты немесе толық оқу жылы бойынша сегіз жылдық немесе орта мектеп көлемінде тексереді.

Тақырыптық тексеру. Мұның мақсаты жеке сабақтар мен тапсырмалар емес, оқушының бүкіл тақырыпты түсінуін тексеру. Бұл тексеріс тақырып бойынша білімдерді жүйеге келтіру және жинақтауға көмектеседі.

Тексерудің бұл көрсетілген түрлері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін. Барлық тексерулерді өткізуде арнайы мектеп мұғалімдері оқушылардың бойындағы кемістіктің түрі және даму ерекшеліктерін ескеруі тиіс.                                 

Оқушы мұғалім рұқсатымен орнынан тұрып не отырып жауап береді. Сұрақтар оқушыларға түсінікті болуына мұғалім жауапты.Арнайы мектеп оқушыларына ойлану мүмкіндігін беру керек. Бір оқушыдан сұрай отырып бүкіл сыныппен жұмыс істеу мұғалім шеберлігі болып табылады. Баға қою кезінде арнайы мектеп мұғалімдері міндетті түрде, не үшін, қандай баға қойылғанын оқушыларға түсіндіруі тиіс.

 

Туйгынбаева Ботагоз Максатовна

 Қызылорда қаласы

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ