Астананың символы — Бәйтерек

0
6131
Дене шынықтыру

Тақырыбы: Астананың символы — Бәйтерек

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызыметі: Сурет

Тақырыбы: Бәйтерек монументі

Мақсаты:Үлгі бойынша пішінін, пропорциясын ескере отырып, Бәйтеректің суретін салуға үйрету. Бояу түсін таңдап, сурет салуға қызығушылығын арттыру

Көрнекілігі: суреттер, қала көрінісі, бейнефильм, монументтер суреттері.

Қажетті құрал жабдықтар: қарындаш, сурет салуға ақ қағаз, бояу, қылқалам, су, сүрткіш.

Билингвальды компонент: Астана-Астана, менің елім Қазақстан-Моя родина Казахстан.

Интеграция: коммуникация, әлеуметтік.

Сөздік жұмыс:Тәуелсіздік монументі. Бәйтерек монументі. Пирамида. Ақорда

Әдістәсілі: түсіндіру, әңгімелесу, көрсету, сұрақ-жауап.

Мотивациялық кезеңдері.

Тәрбиеші: Балалар бүгінгі оқу қызыметін Қазақстан Республикасының әнұранын орындаудан бастаймыз.

Орнымыздан тұрайық.

Бәрі бірге әнге ілесе әнұранды айтады.

-Балалар біздің мемлекетіміз қалай аталады?

Балалар:Қазақстан Республикасы.

Тәрбиеші:Еліміздің ел басы Президенті кім?

Балалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші:-Иә,Қазақстан Республикасының елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дұрыс айтасыңдар.

Ұйымдастырушылық ізденістік

-Балалар бүгін ерекше күн.

-Бүгін елбасы Президент күні.

Елбасының таққа отырған күні,ерекше мереке.

Елімізді бүкіл әлемге танытып,өзге елдермен татулықты сақтап,осындай күнге жеткізген елбасы Нұрсұлтан атамызға алғысымызды айтамыз.

Нұрсұлтан Назарбаев өз еліміздің қазақ ұлтының туын,елтаңбасын,әнұранын шығарды.

Балалар мұқият тыңдайды.

Тәрбиеші:Сол себептенде халық елбасын мақтан етеді.
Көптеген ақындар Нұрсұлтан Назарбаев атамызға арнап өлеңдер,тақпақтар,әндер жазған.Сол әндердің ішінен «Нұр аға»әнін тыңдап бір сергіп қалайық.Мерекелік көңіл сыйлайық.

Әуенді тыңдап,қосылып айтуға тырысады.

Тәрбиеші:-Балалар біздің бас қаламыз қай қала?

Балалар:-Астана қаласы.

Тәрбиеші:Балалар ельасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласында тұрады.

Астана қаласында «Ақорда» деген үлкен ғимараттп отырып жұмыс жасайды.

-Балалар Астана өте әдкмі,әсем,көрікті,қала.

Назарбаев атамыз Астана қаласын көркейтуде.

Астана қаласында көптеген ғимараттар монументтер бар.

Мынау»Хан шатыры»,»Пирамида»,»Тәуелсіздік»,»Ақорда»монументі.Мынау»Бәйтерек»монументі.(суреттер көрсетіп таныстыру.)

Тәуелсіздік манументі,бәйтерек,пирамида.

Сөздік жұмыс:Тәуелсіздік моеументі.Бәйтерек монументі.Пирамида.Ақорда.

Тәрбиеші:Енді балалар бейнефильмді көрейік.

Тәрбиеші:-Балалар бейнефильмде не көрдіңдер?

Балалар:Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевты,ол адамдарға қолын көтереді.Астана қаласын көрдік.Бәйтерек манументін көрдік.Әдемі екен.

Тәрбиеші:Балалар «Бәйтерек»монументі өте әдемі екен я?

Бәйтерек монументі-Астананың нағыз символы.

Бәйтерек өте үлкен,ұзын темірлі құрылымдардан,кереметүлкен шардан тұрады.

Бәйтеректің биіктігі 105 метр.

Сергіту жаттығуы:

Бірге өлең жолдарын айтып,қимыл жасайды.

Бәйтерекке ұқсайық,

Қолды көкке созайық.

Самұрық болып ұшайық,

Ұямызға қонайық.

Тәрбиеші:-Балалар бүгін біз осы айтып өткен бәйтерек монументін салып үйренеміз.

Бәйтерек монументінің салу жолдарын түсіндіру.

Тәрбиеші:Бірінші қарандашпен саламыз,жоғарыдан төмен қарай сызықтар жүргізе отырып,сурет салу,жоғарысына дөңгелекті орналастыру.

Енді бәріміз жайғасып отырып,сурет салуға кірісейік.

Мұқият тыңдап,қарап көріп сурет салады.

Балалар сурет салуға кіріседі.

Тәрбиеші:Балалардың салғае суретін қадағалап,қиындыққа кезіккен балаға көмек көрсету.

-Балалар жарайсыңдар сендер суретті өте жақсы салдыңдар.Салған суреттерің маған ұнады.

Еңбектеніп суретті аяқтауға тырыстырып,тамаша жұмыс жасадыңдар.

Тәрбиеші:Балалар бүгін ненің суретін салдық?

Балалар:Бәйтерек мoнументі.

Тәрбиеші:Бәйтерек мoнументі қай қалада орналасқан?

Балалар:-Астана қаласында.

Тәрбиеші:-Иә,Бәйтерек монументі Астананың символы.

Тәрбиеші:Балалар бүгін қандай мереке?

Балалар:-Елбасы Президент күні.

Тәрбиеші:-Елбасы нұрсұлтан Назарбаев қай қалада тұрады?

Балалар:-Астана қаласында.

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі оқу қызыметінің қай жері сендерге ұнады?

Балалар:Өз ойларын жеткізеді.

Тәрбиеші:Балалар бүгінгі оқу қызметіне барлығыңда белсенділікпен қатыстыңдар.Жарайсыңдар.

Мен сендерге ризамын.Өте тамаша деп бағалағым келіп тұр.(жарайсың смайлик тарату)

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Бәйтерек мoнументі-Астананың символы екенін

Игереді: Бәйтерек суретін салуды.

Меңгереді: Байқағыштығымен көз мөлшерін, қолдың қимыл-қозғалыс үйлесімділігін қалыптастыруды.

Изенова Зухра

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ