«Дария жағасындағы қала» ашық сабақ

0
1195
“Шығармалардағы әдіс –амалдарды жетілдіру” Ашық сабақ

Тақырыбы: «Дария жағасындағы қала»

Мақсаты :

А) Тәрбиелік: Туған жерге,өлкеге деген ыстық ықылас, сүйіспеншілік сезім,мақтаныш ету.

Ә) Білімділік: Туған өлке,Қызылорда туралы тарихи – танымдық мағлұмат беру.

Б) Дамытушылық: Өзіндік ізденіс дағдысы,топтық жауапкершілік, шығармашылыққа қалыптасу.

Әдісі:

«АТАЖҰРТ» тарихи – танымдық ойыны.

  1. Топ бастайды білімділер сайыста,

Көбірек біл,қиындыққа қайыспа!

Ең алғашқы кезеңі «АТАЖҰРТТЫҢ».

«ҚАНАТ ҚАҚТЫ» топ басшылар жарыста.

ІІ. Сырдың елі – менің елім,мекенім.

Тарихың бай,шежіредей сеземін.

Ашылмаған парағыңды ақтарып,

«САМҒАУДАН» да бөгелмей мен өтермін.

Сыр суы сырғып аққан Тянь – Шаннан,

Сарқылмас сағасы арна, сан заманнан.

Басы тау, аяғы Арал байтақ дала,

Ел суын емін – еркін пайдаланған.

Бойында Сыр суының түрлі қызық,

Сырды айтсам, желдей есем, жырды ағызып.

Атақты аттары бар мұралардың,

Білсеңдер айтыңдаршы атын тізіп.

«Қосасар», «Жетіасар», «Күмісқорған»,

«Құлеке» ескі мұра көптен қалған.

Қаланың Ақмешіттей қамалы бар,

Жайы екен, — дейді үлкендер Қоқан салған.

/Қуаныш Баймағанбетов/
  • Қыпшақ ұлысының астанасы,мәдени орталығы болған базары, саудасы дамыған (садақ, жебе, көзе сауыт шығару) білім орталығы болып, Дешті – Қыпшақ ұлысының ақша монеттері басылған. Тарихи деректерде араб географы Әл – Махдиси, М.Қашқари жазбаларында «Сығанақ – қыр даланың іргесінде әдемі салынған шаһар » деп берілген. Сығанақ қаласы VІ – XVІІІ ғасырларда өмір сүрген.

Сұрақ: Қаланың қазіргі орны қалай аталады?

  • Ақмешіт бекінісінің іргесі әуелі 1817 жылы Сырдың сол жақ бетіне салынды,бірақ су тасуынан қауіптеніп,келесі жылы оң жағалауға көшірілді.

Сұрақ: Сол жақ жағалау қалай аталады?

  • Сауран – орта ғасырдағы қала. Түркістан қаласынан 35 км жерде. Қала орны ұзындығы 800 метр, ені 550 метрге созылып жатыр. Құлаған қорған қалдықтарының биіктігі 3 – 6 метрге дейін жетеді. Қираған Сауран мұнараларының бірінің түп жағы алтын жалатылған көгілдір әшекейлермен безендірілген. Жазба деректерде Х ғасырдан бастап кездеседі. Әл – Маһдизи «Савран үлкен қала, оны жеті қатар қамал қоршаған. Равады бар мешіт бар» деп жазған. Қала Х – ХІХ ғасыр арасында өмір сүрген.

Сұрақ: Атақты Сауран қаласының екі кереметі не?

Ресей патшасы жарлығымен өзіне бағынышты Орта Азияны игеру, басқару мақсатында 1901 – 1906 жылдары салынған күре жол – темір жол қай қалалардың арасын қамтыды?

ІІІ. ШАРЫҚТАУ кезеңі.

Сырда екен сан заманғы мәдениет,

Отырықшы ел, өнер менен әдебиет.

Бұның бәрі – қазақтың төл тарихы,

«Шарықтауда» жанашыр бол, әлеумет!

  • Қорқыт ата – түркі халықтарына ортақ ұлы ойшыл, жырау, қобызшы. Әбілғазының «Түрік шежіресінде» оның тегі Баят екендігі, оғыздардың елбегі болып, 95 жасында қайтыс болғандығы, туған, тұрған жері Янгикент – Жанкент шаһары. Ол өз тұсында оғыз хандары – Иналхан, Дайлы хан, Көк еркі, Тұман хан, Қаңлықожа сияқты хандарға бас уәзірлік қызмет атқарған. Олар Жетісу, Ыстықкөл, Талас, Сайрам, Қазығұрт, Қаратау, Сыр бойы, Орталық Қазақстан, Торғай өлкесі, Ертіс бойы мен Алтайда билік құрған. Қорқыт осы тұста әлеуметтік жора (заң) негізін жасап, онда ата-баба жасаған мекенді жерұйық деп білу, оны сыртқы жаудан қорғау, жер-суды белгілі тәртіппен пайдалану, кінәлі адамды жазалау сияқты салаларға бөледі . Қорқыттың аталы сөздері, жырлары сақталған. Қорқыт сөздерін зерттеуге арналып 800-ге жуық еңбек жазылды.
Сұрақ: Қорқыт ата кітабын қазақшаға аударған ғалым кім?
  • Монументті өнер туындысы 1975жылы Қызылорда қаласындағы Еңбек Даңқы аллеясында әйгілі күріш өсіруші, екі мәрте Социалистік Еңбек Еріне орнатылған. Авторлары мәскеулік мүсінші мен сәулетші.

Сұрақ: Ескерткіш кімге орнатылған?

  • 1930 жылы сәуірдің басында кеңестік әміршілдік жүйеге қарсы бағышталған қарулы қақтығыс болды. Бұл көтеріліске Қазалы, Қармақшы, Тереңөзек, Арал, Арамесек, Ырғыз аудандарының топ-топ шаруалары қатысқан. Көтерілісшілерді тобын дінбасы Бәйімбетов басқарған. Қармақшыдан, Ырғыздан шыққан қарулы отряд 7 сәуірде көтерілісшілерге таяу келіп, қанды шайқас болды.

70-80 адам өліп, 20-30 адам жарақат алды. Отряд кейін шегініп, елге беделді адамдар келіссөзге келді. Олар үкімет алдында 7 шарт қойды. Соңынан көтерілісшілер атылды, айдалды, сотталды.

Сұрақ: Көтеріліс қалай аталды?

  • 1890 жылы 7 қаңтарда Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылында туған, Алаш қозғалысы қайраткері, Түркістан өлкесі халықтарының азаттық күресі жетекшілерінің бірі, публицист. Ташкент гимназиясын, Санк-Петербург университетінің заң факультетін 1915 жылы үздік бітіреді. Оқу бітірісімен

ІV Ресей мемлекеттік Думаның мұсылмандар фракциясында хатшы болып істейді. Парламентте өз депутаты жоқ Түркістан өлкесінің, соның ішінде қазақ даласын заң шығарушылардың есіне салып, талқылауда үлкен роль атқарған. Алты тілде еркін сөйлеп, 20 жылдай өмірі эмиграцияда өткен қоғам қайраткері.

Сұрақ: Сыр перзенті кім?

ІV. ШЫРҚАУ.

  • «Өткен күннен алыс жоқ» дейді екен үлкендер,

Бүгінгінің өзі де ертең тарих білсеңдер.

«Шырқауда» сен бүгінгінің құпиясын ашасың,

Терезеден сурет сырын сендер шешсеңдер. (Терезе тапсырмалары)

Ү.ЖЕРҰЙЫҚ.

Асан қайғы армандаған жерұйық,

Ел тарихын зердемізге тоқиық.

Жерұйыққа жетті жүйрік жүзден бір,

Жүрегіне білімменен нұр құйып.

Жерұйық: Сәулет өнері ескерткіші шамамен 9-10 ғасырда салынған.1925 жылы дария суы әсерінен құлай бастаған, 1652 жылдан бері орыны белгісіз. Мазар

19 ғасырдың соңында Ә.Диваев, А.Кастанье, П.И.Лерх зерттеулеріне негіз болған. Бізге «Түркістан альбомы» журналында жарияланған фотосуреттер арқылы жеткен. Диваев, Кастененің жазуы бойынша құрылымы шикі керпіштен қаланған, дөңгелек пішінді, 6-8 қырлы күмбезді құрылыс. Ішкі көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік сәулет құрылысы үлгісімен салынған.

Сұрақ: Мазар кімнің мазары?

Қорытынды: Сырдария- жырдария деседі.

Дариядан салқын самал еседі.

Құлап қалған қала бүгін төбе боп,

Сыр тарихын бүгіп жатыр кешегі.

Қорқыт бабам қобыз күйін төккен жер

Алпамысың Гүлбаршынын өпкен жер

Тұмар қызы патшайым боп атағы,

Сырбойының шартарапқа жеткен жер

Несібесін қара жерден емген жер,

Жібек жолы қасиетін сезген жер.

Өркендеген өркениетің өзгенің,

Өзегіне өкініш боп түскен жер.

Қызылордам, тарихың бар зерделі,

Ұрпақтарың ашар талай көмбені.

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ