Дебат: ҰБТ қажет емес…

0
7420
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Дебат тақырыбы: ҰБТ қажет емес…

Дебаттың мақсаты: оқушылардың қоғамдағы білім беру мәселелері, білім ресурсы туралы ақпараттық тұрғыда ой қозғауы. Сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту.

Сабaқтың түрі: дебат сабақ.

Сaбақтың көрнекілігі: нақыл сөздер , суреттер, слайд.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Дебатқа лайықты психологиялық жағдай орнату.

Тайм-кипер: Нұрышова Айбала

-Армысыздар құрметті оқушылар, көрермендер! Бүгінгі жиналған қауым, оқушылардың қоғамдағы білім беру мәселелері туралы ақпараттық тұрғыдағы ой қозғауы мен сөз шеберлігін, өз пікірін анық айтып, дәлелдеме келтіру қабілеттерін дамыту, сөз бен ой еркіндігін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «ҰБТ қажет емес…» тақырыбындағы дебатымызды бастауға рұқсат етіңіздер! Дебат екі қарсыласушы топ арасындағы пікірталас арқылы өтеді.

Дебатымызға қатысушы 7-10 сыныптар арасынан құрылған 2 топты ортаға шақырамыз.

«Тастүйін» палатасы

«Ақиқат» палатасы

  1. Топтардың амандасуына кезек береміз.
  2. Палата лидерлері, сараптамашылар үстелінен барып жеребе алыңыздар, өз позицияларын жеребе арқылы таңдауына кезек береміз. Қанеки, жариялаймыз. Палаталар орындарыңызға жайғасыңыздар.

Сонымен бірге дебатымызға арнайы шақырылған сараптамашылармен танысыңыздар.

  1. Мектеп психологі-Тоқсанбаева Жанерке
  2. Мектеп директоры- Жангушикова Шарбану
  3. Тарих пәні мұғалімі- Айтимов Жетес
  4. 10-11 сынып ата-аналары

1-слайд. Негізгі ережелермен таныс болыңыздар: дебат өткізу құрылымын сақтау, әр топта 5 оқушының болуы, сөйлеу мәдениеті, шыдамдылық,  шындық, сыйластық, уақыт регламенті.

Палаталар позициялары бойынша кейстерін айқындап болғанша слайдқа назар аударыңыздар.

2-слайд. Дебат деген не?

Дебат –ойталқы. Пікірсайыстың түрі, ойын-сауыққа жақын интеллектуалды ойын. Жастардың жан-жақты дамуы үшін пікірсайыс өте қажет. Ойын жүйелі, қысқа да нақты жеткізуге үйренеді. Өмірге, қоршаған ортаға сын көзбен қарап, оның дамуына үлес қосуға итермелейтін күш.

3-слайд. Дебат құрылымы қандай?

Мектеп оқушыларына арналған Карл Поппер форматындағы дебат.

Кейс түрлері:

1.Саяси кейс(рр);

2.Құндылық кейс(варо).

 Құндылық кейстің құрылымы:

1.Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата  (БП)  ақталады деп есептейді)

2.Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)

3.Status quo-Қалыптасқан жағдай (қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер (интернеттен,газеттен) айту)

4.Философия ()

5.Аргументтер()

6.Қорытынды.

Дебатымызды бастаймыз!

І кезең: Палата лидері спикерлерімен және кейстерімен таныстырады.

Әр спикердің дәлелдемелермен сөйлеу уақыты- 5 минут.

Жақтаушы «» палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды! Сұрақ бар ма ?

Даттаушы «» палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды! Сұрақ бар ма ?

ІІ кезең : Палата лидерлерінің қарсы палата туралы сараптамалық қорытынды сөзі (5 минут)

Жақтаушы «» палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды!

Даттаушы «» палата. Уақыт басталды! Уақыт аяқталды!

Сараптама қорытындысы дайын болғанша, 4-слайдқа назар аударайық.

Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті жанынан құрылған «Заман біздікі» дебат клубының президенті, «Экономика және құқық» факультетінің ІІ курс студенті, пікірсайысшы Отарбай Әлиасқармен сұхбатты ұсынамыз. «Кітапты оқысаң, қай жерде адасып жүргеніңді білесің, өз-өзіңді табасың,»- дейді О.Әлиасқар.

ДЕБАТ СІЗГЕ НЕ ҮЙРЕТТІ?
  1. Ерте тұруды. Әр ойынның алдында ойымды жинақтау үшін әрқашан ерте тұрып, ойымды жинақтаймын. Табысты адамдар ерте тұруға дағдыланған. Әдетте таңғы 5-те ұйқыдан оянамын.
  2. Беріліп кітап оқуды. Егер теледидар мен компьютердің алдында мақсатсыз отырудың, тым құрығанда, бір бөлігін пайдалы және жақсы кітап оқуға арнасаңыз, достарыңыздың арасында сіз ең білімді адам боласыз. Көп нәрсе өздігінен орындала бастайды.
  3. Қажетсіз дүниеден арылуды. Ойын барысында қажетсіз, артық ақпаратты айтсаң жеңіліп қаласың. Әрқашан ең қажетті деген дүниелерді ғана қалдыруға тырысамын.
  4. Маңызды дүниелерге назар аударуды. Ойланып, шешім қабылдауға, уақытымды медитациялауға, идеялар тудыруға үйретті.
  5. Жаттығу жасауды. Дебаттағы достарым салауатты өмір салтын ұстанады. Таңғы жаттығулар жасайды. Бірге серуендеуге шығып тұрамыз.
  6. Күнделікті машықтануды. Адам көбірек дағдыланған сайын, жолы болғыш болатынын байқадым. Бұл ешқандай кездейсоқтық емес. Жолы болу – тәжірибе мен мүмкіндіктің тоғысатын жері.
  7. Ортаға мән беруді.  Дебат маған жақсы орта сыйлады. Дәл солардың ортасынан пайдалы кеңестер, қолдау табамын. Өмірде жетістікке жету – араласатын ортаңызға тікелей байланысты.
  8. Табандылық. Уолт Диснейге «Диснейлендтің» негізін салу үшін 303-ші банк қана қор ұсынуға келісім берген. Томас Эдисон электр лампасын шығарғанға дейін 10 мың сәтсіз талпыныс жасап көрген. Мен де алғаш дебатқа келгенде қарсыластарымнан жеңіліп қалып жүрдім. Бірақ, жігерімді жанып, әрі қарай қатыса беретін болсам, жеңетініме сендім.
– Қазір ортаға шығып сабақ айта алмайтын, өз ойын толық жеткізе алмайтын балалар бар. Оларға қандай кеңес бересіз?

– Кейде балалар сабаққа қанша дайындалып келсе де, ел алдына шыққанда, не айтарын білмей қалады. Ел алдында сөйлеуге қысылатын қатарластарымыз да болды. Мұндайда үйге берген тапсырманы оқып қана қоймай, түсінікті айтып дайындалу керек. Айнаға қарап отырып, өз-өзіне сабақ айтып берулері керек. Сонда қай жерде сөздер байланыспай қалғанын, қай жерде   дауысты көтеріп айту керек екенін байқайды. Ел алдында сөйлеу мәнері жақсарған сайын оқушы өздігінен еркін, қысылмай сөйлейтін болады.

ІІІ кезең: Сараптамалық топтың палаталар жұмысына қорытындысы.

Сөз сарапшыларға беріледі.

«Мен сендерді Интернет алмастыра алмайтын белсенді түрде жан-жақты дамуға, спортпен, өнермен айналысуға, шет тілдерді үйренуге, отандық және әлемдік әдебиеттің терең мұраларын танып-білуге шақырамын.

Сендердің бәрің лайықты өмірдің, әл-ауқаттың, жаңа өмір сапасына қол жеткізудің тек еңбек арқылы ғана келетінін есте сақтауларың керек.

Келешекте ғаламторда отырған жастарды кітап оқитын жастар басқарады»,- деген елбасы Н.Назарбаев сөзімен дебатымызды қорытындылаймыз.

Біздің дебат клубымызға мүше болуға асығыңыздар!

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ