Бақытты болу үшін не істеу керек?

0
2315
Иллюстрация: Freepik.com

  Әр күніңіз шаттыққа, бақытқа толы болсын десеңіз, ешкімге жамандық тілемей, ешкімнен ештеңе күтпей өмір сүріңіз. Күн сайын өзіңізге уәде беріп, оны орындауға тырысыңыз:

1) Ешкім сіздің ішкі жан тыныштығыңызды, көңіл-күйіңізді бұза алмайтындай мықты болу;

2) Өткен шақта жіберген қателігіңізді ұмытып, алдағы уақытта биік белеске жетуге талпыну;

3) Алдыңызда кездескен әр жанға шын пейілмен жолының ақ болуын, дені сау, бақытты болуын тілеу;

4) Үнемі қуанышты күйді сақтап, өзгелерге тек күліп тұрған жүзіңізді көрсету;

5) Әр досыңыз сіз үшін ерекше екенін білдіру;

6) Ешкім бойыңыздан мін таба алмайтындай өзіңізді жетілдіру;

7) Барлық жағдайды жақсы жағынан ғана қабылдау;

8) Тек жақсылықты ойлау, тек жақсылыққа жұмыс істеу, тек жақсылық күту;

9) Өзіңіздің тек жақсы жақтарыңызды ойлап, басқалар да солай ойлайтындай жағдай жасау. Сөзбен емес, іспен…

10) Өзгелердің жетістігіне өз жетістігіңізден артық қуана білу;

11) Өзіңіз ең жақсы адам екеніңізге сену, бүкіл әлем сізді жақтайтынына сену!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ