Тәуелсіздікке тарту. «Бабалар армандаған тәуелсіздіктің ақ таңы

0
5917

Жоспар:\r\n

    \r\n

  1. Кіріспе. Бабалар армандаған тәуелсіз елдің ақ таңы
  2. \r\n

  3. Негізгі бөлім.
  4. \r\n

\r\nа) Мән-мағынасы тереңде жатқан Тәуелсіздік\r\n\r\nә) Есімі төрткүл дүниені шарлаған Қазақстан\r\n

    \r\n

  1. Қорытынды бөлім. Қайсар рух пен мойымас мінезі бар Тәуелсіз ел ұланымын.
  2. \r\n

\r\n

Еркіндігім.\r\n Қасиеттім.\r\n Қастерлім.\r\n Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!

\r\n

(Қалқаман Сарин)

\r\nБабаларымыздың кей кездері орындалмастай болған, бес ғасырдан бері аңсап келген бейбітшілік аспанындағы тәуелсіз, азат елде өмір сүру арманы бүгін, міне,  көз алдымызда орындалғандай. Шіркін, адамның қамшының сабындай ғана өмірінде шек болмағанда ғой, сонау кезеңдерден құралайдың көзіндей мөлдіреген қазағымның бұндай бақытын аңсап, өмірінің соңына дейін көре алмай кеткен Исатайлар, Мағжандар, Сәкендер мен Ахметтер қара халықтың бүгінгі қалпын көргенде, кім біледі, бақыттан басы айналып, жүрегі шарасынан атылып, алпыс екі тамырынан зулаған қанының қысымы миилиардтан асып дәл сол тұсында қайтадан келген жеріне оралар ма еді… Әйтпегенде, дәл осы зиялы қауым бүгінгі таңда Қазақстанның ұшы- қиыры жоқ, кеудесінде қазақтың шарапаты тасыған даласының төбесіндегі ақ бұлттардан жымия бақылап тұр ма екен? Қайткен күнде де заманауи қоғамда біз олардың Тәңірден тілеген сол күндегі “қияли” арманының құшағындамыз.\r\n\r\n Тәуелсіздік! Менің осы тәуелсіздік атты материяны қалай елестететінімді білесіз бе? Жеке басыма тәуелсіздік, азаттық, егемендік тәрізді бесігі бір түсініктер дәл бір ғажап жарық оты секілді. Неге десеңіз, осы титімдей ғана шырақты лып еткізіп жандыру үшін тасты тасқа әлденеше рет үйкеп, әлденеше рет соғыстырған абзал. Дәл осылай тәуелсіздіктің көк отына кенелу мақсатында сұр бүркіттей шүйілген бабаларымыз, арыстандай ақырған аталарымыз, ақ бөкендей жосылған әкелеріміз талай-талай шайқастар, азаматтық соғыстар, көтерілістер мен митингілер жасап келді. Бұл тоқтаусыз биқат әрекеттердің арты бес ғасырлық сенімді ақтады, әрине. Қараңғы үңгірдің арғы бетінде,  төрткүл дүниенің түкпірінде тәлкектенген қара қазақты жаңа әлемдік статус күтіп алды. Бұл елеулі оқиға жиырмасыншы ғасырдың соңғы онжылдығының басында орын алды.  Үш мың жылдық тарихы бар Алтай мен Атыраудың арасын мекен еткен ұлы халықтың алғашқы республикасы құрылып, осыншама уақыт аралығындағы алғашқы Президенті болып бүкілотандық келісіммен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қызметтік тағына отырды. Міне, бақыт!\r\n\r\nКезінде Америка материгінде мекен еткен үндістер Еуропалықтармен өз жерінен қуылған болатын. Тегі үндіс бір кинорежиссерге “Байлығыңыз бақыт болды ма?” десе, ол “Өзімнің және өзгелердің бар байлығын халқымның бір күндік тәуелсіздігіне берер едім” деген екен. Бұдан іліп алар қорытынды —  егемендік атты түсініктің мән-мәнісі бүгінгі таңдағы ең терең тұңғиық, Мариан шұңғымасынан да терең.\r\n\r\nСан жылғы тарихында мың мәрте көз жасы көлдей төгілген заманауи Қазақстанның бүгінде басқа елдермен терезесі тең, осы үшін де Жаратушыға шүкірлік танытқан жөн. Айбарлы аю мен қаһарлы айдаһардың ортасынан ойып тұрып орын алған, өзінің бейбітшілік саясатын шардара дүниеге үстем етіп отырған Отанымыздың әлем елдері арасындағы абыройы да ерекше. Өзіңіз зер салып қараңызшы, қылт етсе болғаны жай бір планетаны ғана емес, барлық кеңістікті торлаған ғаламды санаулы секундтарда жарып жіберуге дайын тұрған, қитұрқы саясат, түрлі санкциялар мен экстремизм тәрізді хайуан әрекеттер шарлаған бүгінгі қоғамда еліміз, Қазақстан бар күш -жігерін Елбасының бастауымен білім мен ғылымның дамуына, ғасырдан ғасырға топырақтың астында қалып бара жатқан ұлттық құндылықтарымыздың қайта жаңғыруына, кезінде ойлау жүйесі ең дамыған деп саналған ғұн-сақ тайпаларында болған рухани құндылықтардың бүгінгі жас ұрпаққа, тәуелсіз ел ұландарына насихатталуына бағыттап, осы бағдарда нық қадамдармен сенімді түрде ілгері дамуын тоқтатар емес.Осы пунктілерден бөлек, тәуелсіз Қазақстан дөңгеленген дүниеге бай мәдениеті мен спорт саласымен жеткен асуларымен танымал. Мысалға, шертілгенде бойыңдағы барлық проблемалар мен басқатырарлық мәселерің естен шығып, қай жерде тұрмасаң да қазақтың жұпар иісі мүңкіген жайлауына ешқандай транспортсыз жетелей кететін қара домбыраның ойналмаған нүктесі қалды ма әлемде? Жо-жоқ, қастерлі домбыра еліміздің тәуелсіздігінің арқасында ғаламның қай тұсында болмасын өзінің қоңыр дауысын сол жердің топырағына сіңдіріп келе жатыр. Дәл осы орайда, қазақтың қара домалақ тепсе темір үзетін, кешегі бернеше пұт қылышы мен қалқанын қасқая көтерген батырлардың бүгінгі ұрпақтары кез келген олимпиада, кез келген додадан басын төмен ұстап келген емес. Қай- қайсысында болмасын еліміздің даңқын асқақтатып, тәуелсіз қазақ елінің әнұранын шырқатып, көк туын көкке көтеріп жусан иісі аңқыған Отанға қайта оралуда. Оралу демекші, телегей теңіз жылдарда елден кеткен Алтай мен Атыраудың арасындағы сайын даланыңежелгі тұрғындары, яғни қандас бауырларымыз  елге қайта оралуда. Олармен бірге қазақ тілінің түп тамыры мен мәдениетінің аюдай ақырған Рессей  бодандығында болған уақытта ұмытылып кеткен тұстары қайта жаңғыруда. Жоғарыда негізделген жетістіктер мен ақ таңның атуының барлығы да бабаларымыздың бүгінгі жас ұландарға аманат етіп қалдырып отырған егемендіктің арқасында орыналғанына ешкім күмән танытпайды.\r\n\r\n         Жалпылай алғанда, мен де бір дәл осы азаттықтың ақ күмбезінің астында аспан түстес, қыран құсты байрағын желбіреткен, әуезді әнұранын шырқатып отырған, бүгінде есімі төрткүл дүниені шарлаған, даңқы асқақтаған Қазақстан атты жекеленген елдің ұланы болғанымды мақтан тұтамын! Тәуелсіздікке дейінгі кездері батырлық атты сөздің мағынасы егемендік жолында күресіп, елін жауға бермей, жауын қырған ерлердің іс-әрекеттерінің астарында жатса, замануи қоғамдағы батырлық білімі мен өнері арқылы елін бүкіл әлемге танытқан азаматтардың тарапынан жасалған игі тірліктерімен танылады. Осы үшін де, мен аталарым алып берген тәуелсіздік жүгін шығуға мүмкін болатын белестерінің барлығына дерлік жетелеп, білімім мен өнерім арқылы еліме тек игі жақсы салымдарды жасауға, елін жауға бермеген бабаларымнан мұра болып калған әр қазақтың бойына тән қайсар рухым мен мойымас мінезімді бағыттауға жан дүниеммен тырысамын. Себебі,  Мен – тәуелсіз ел ұланымын!\r\n\r\n \r\n\r\nСерік Ғайни\r\n\r\nАлматы қаласы физика-математика бағытындағы\r\n\r\nНазарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы