БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАР

0
7329

 \r\n\r\nБағдарлама – магниттік тасымалдаушыда, дискіде файл түрінде сақталып, қолданушының командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны.\r\n\r\nБағдарламалық жасақтама – белгілі бір типтегі есептеуіш машиналар кластарына арналған, оның аппараттақ құралдарының жан – жақты қызметін,  сонымен қатар пайдаланушының оның есептеу ресурстарына мұқтаж кез келген есептерін шығаруын жүзеге асыратын бағдарламалар жиынтығы.\r\n\r\nБағдарламалық жасақтама – ақпараттық технологиялардың бір бөлігі.\r\n\r\nЭЕМ-ға арналған бағдарламалық жасақтамаларды функционалдық қызметтеріне байланысты төмендегідей түрлерге бөледі:\r\n\r\n—   жүйелік БЖ;\r\n\r\n—  инструменталдық БЖ;\r\n\r\n—  қолданбалы БЖ;\r\n\r\nЖүйелік бағдарламалық жасақтама (ЖБЖ) – ЭЕМ барлық ресурстарын  басқаруды, пайдаланушымен интерфейсін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық құралдардың жиынтығы. Жүйелік бағдарламалық жасақтаманың негізгі бөліктері:\r\n\r\n—  операциялық жүйе (ОЖ) MS-Dos, Windows, Unix, Linux;\r\n\r\n—  сервистік бағдарламалық құралдар (антивирус, сервистік бағдарламалар);\r\n\r\n—  желілік бағдарламалық құралдар.\r\n\r\nЖБЖ компьютердің ең негізгі базалық бағдарламалық жасақтамасы болып табылады.\r\n\r\nИнструменталдық бағдарламалық жасақтама – кез келген пәндік аумақта (сонымен қатар ЖБЖ және ҚБЖ) ерекше бағдарламалық құралдарды құруды автоматтандыруға  арналған бағдарламалық жасақтама бөлігі. Оның негізін құрастырушылар:\r\n\r\n—  бағдарламалау тілдері (Delphi, Visual Basic және т.б.);\r\n\r\n—  компиляторлар;\r\n\r\n—  интерпретаторлар;\r\n\r\n—  стандарттық бағдарламалар библиотекалары (СПБ);\r\n\r\n—  бағдарламаларды редактрлеу, жөндеу, тестілеу құралдары.\r\n\r\nҚолданбалы бағдарламалық жабдықтар — әртүрлі мәселелік аумақтардағы  қоданбалы есептерді шешуді жасақтайтын жеке қолданбалы бағдарламалар мен қолданбалы дестелерден тұратын бағдарламалық жасақтама түрі (Word, Excel және т.б.). ҚБЖ ЭЕМ–ң  адам өмірінің әртүрлі қызмет салаларында қолданылуын жүзеге асырады. Оның негізін қолданбалы бағдарламалар дестелері  (ҚБД) құрады. ҚБЖ құрамына келесі бағдарламалық құралдар енеді:\r\n\r\n—  жалпы мақсаттағы ҚБД;\r\n\r\n—  мәселелік бағыттталған ҚБД;\r\n\r\n—  интегралданған ҚБД.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ