Заттар интернетінің перспективалары мен әл­сіз тұстары

0
6667
Freepik.com

Заттар интернеті жүйесінен күтілетін әсер – барлық ақылды құралдарды бірыңғай стандарттарға сәйкестендіру.

Шын мәнінде, барлығы біршама күрделі көрінеді – әрбір өндіруші өз шешімін табуға тырысады, себебі әртүрлі өндірушінің құралын бірыңғай желіге біріктіру қиын міндет болады. Заттар интернетін біртіндеп енгізу арқылы адамға тәуелсіз және  қызметкерлердің тұрақты қатысуын талап етпейтін тұтас автономды кәсіпорындар құруға болады.

Бұл жүйе барлық қалалар мен елдерді, мүмкін бүкіл әлемді біріктіре алар еді.
Бірақ қазіргі уақытта прогресс жаңа технологиялық көмекшілерді сатып алу үшін қомақты ақша төлеуге дайын тұтынушының қажеттіліктеріне бағытталған.

Осыған орай, ғалымдар барлық адамзатты біріктіруге қабілетті, қуатты жоба лайықты даму деңгейіне жетпей жатып, тек коммерция мен пайда табудың көзі ретінде қалып қоюы мүмкін деген қорқыныш бар екенін білдірді.

Әрбір құрал өзінің базалық функционалдылығына және басқа факторларға сай «тәжірибе» жинақтау және өздігімен шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға бола алмаса да, индивидуумға айналуы тиіс. Қазіргі жағдайда бұл өте қиын болып көрінеді, өйткені барлық құралдар үшін ортақ деректер қорын сақтауға титандық жады көлемі бар қуатты суперкомпьютер қажет.

IoT жү­йесін іс­ке асы­ру мә­се­ле­ле­рі

1. Программалаудың балама әдістерін іздеу қажеттілігі – негізгі күрделі сәттердің бірі. Бүкіл әлемнің  программалаушылары әлі күнге дейін оның шешімін таппай
отыр. Қазіргі заманғы ақылды техника базалық логикалық командалар мен блоктарда программаланған алгоритмнің көмегімен әрекет етеді. Құралдың барлық «ақылы» бар кемшілігі – даму мүмкіндігі жоқ программа кодында жатыр.

Сондықтан құрал жай ғана берілген алгоритмді орындайды және орындау үдерісінде әртүрлі жауаптарды алу барысында бірнеше әрекет сценарийлері ғана бар. Әрекет алгоритмі мен программада қарастырылмаған мән-жайлар арасында мәселе туындаған кезде, программа тоқтайды не одан күткен нәтижені бермейді.

Ең маңыздысы – құрал бұл тәжірибеден ешнәрсе үйренбейді: программаны осындай жағдайдан шығуға көмектесетін программалаушы қажет болады.

2. Әзірлемелердің шашыраңқылығы – маңыздылығы жағынан екінші мәселе. Apple, Windows, Google және басқа да көптеген компаниялар бірігіп жұмыс жасаса, нақты нәтижелерге қолжеткізе алады.

Олар бір-бірін әртүрлі жаққа тартпайды және тіпті бір-біріне бәсекелестік тудырады, бірақ нәтижесінде бірнеше рет басқа біреу қолжеткізген нәтижені әзірлеуге мәжбүр болады.

3. Энергиямен қамтамасыз ету мәселесі. Заттар интернеті дұрыс жұмыс істеуі үшін, тіпті жеке алынған бөлме шеңберінде де барлық қосылған аспаптардың қоректенуі үздіксіз болуы тиіс. Барлық құралдарды Internet of Things бірыңғай желісіне қосу баламалы, арзан және сенімді энергия көздері қажет.

Ақылды үйден «ақылды қала», «ақылды ел» және «ақылды планетаның» кезеңдеріне өту онсыз мүмкін болмайды.

Қорытынды: заттар интернетін интеграциялау пайдаланушылардың табысына тәуелді болмауы керек, бірақ мұндай бастаманы қаржыландыратын тұлғаны табу өте қиын болады.

Зат­тар ин­тер­не­ті­нің әл­сіз тұстары: 

Жүйе элементтерінің бір-біріне тәуелділігі. Бір элементтің істен шығуы немесе бұзылуы тізбектік реакцияны тудырады, мұның салдарынан заттар интернеті
өз міндеттерін бос әдістермен шешіп, басқа құрылғылардың да істен шығуына немесе өшіп қалуына себеп болады.

Мысалы, ақылды термометрдің температура датчигі істен шықса, онда ақылды гардероб жалған көрсеткіштерге негізделе отырып, үй иесіне ауа райына сәйкес келмейтін киімді ұсынады.

Хакерлік шабуылдар алдындағы қорқыныш. Ақылды үйдегі бір ақылды құрал туралы ақпаратқа қолжеткізе отырып, хакерлер оның иесі туралы барлық мәліметті біле алады.

Машиналар «көтерілісінің» болу мүмкіндігі. Құрастырушылардың нұсқасы бойынша, егер машиналарды жасанды интеллектімен жабдықтап, орталық компьютерге қолжетімдік беретін болса, кем дегенде жүйе істен шығуы
ықтимал немесе адамзатқа қарсы машиналар «көтерілісі» болуы мүмкін.

Жүйенің энергетикалық ресурстардан толық тәуелділігі. Адамзат тегін энергияның баламалы көздері (күн сәулесі, геотермальды жылу электр стансылары т.б.) түріндегі сарқылмайтын ресурстарға іс жүзінде көшсе де, егер энергия көзі істен
шықса, онда жүйе толығымен белгілі бір бөлікте істен шығуы мүмкін. Сонымен қатар ақылды электроника қазірдің өзінде қолданыста бар басқарылатын электромагнитті өрістен зардап шегу қаупі бар.

Өмір­дің аса же­ңіл­деуі сал­да­ры­нан адам­зат­тың рухани дағдарысқа ұшырауы

Осы осалдықтардың кейбірін фантастикалық және мүмкін емес деп санауға болады, алайда осы күндерге дейін заттар интернетінің өзі мүмкін болмағанын ұмытпаған жөн.

Технологиялардың өсу деңгейімен мүмкіндіктер де өзгереді – бұны да ұмытпау керек.
Заттар интернеті қазірдің өзінде уақыт пен шығындарды тиімді етіп, көптеген бизнес салаларында қолданылып жүр.

Бірақ бұл тренд енді ғана бастау алуда, ал IoT тұжырымдамасы үнемі жетілдіріліп отыруға тиіс. Датчиктердің бағасы оларды өндіру көлемін ұлғайту және компоненттер құнын азайту есебінен төмендейді. Құралдар көлемі барынша шағын болып бара
жатыр.

Құралдарды энергиямен қамтамасыз ету – әзірге айтарлықтай маңызды мәселе. Бірақ жел және жарық энергиясын пайдалану осы мәселені шешеді және жақын болашақта IoT технологиясын қолдану толығымен автономды үдеріс болады.

МашиналарҚазірдің өзінде көптеген гаджеттер түрлі жүйелермен қатар жұмыс істейді, алайда таяудағы 5–10 жылда бізді заттар интернетінің күрт өркендеуі күтіп тұр. дәуірі жақындап келеді және интернетті пайдалану оларды жеке тірі ағза ретінде өмір сүруін қамтамасыз ететін бірыңғай гетерогенді ортаға біріктіруге мүмкіндік
береді.

Үй иелері жақындағанда есіктерін ашатын, жайлы микроклиматты қамтамасыз етіп тұратын, тоңазытқышты өздері толықтыратын және иесі ауырып қалса, қажетті
дәрі-дәрмектерге тапсырыс беретін ақылды үйлердің көбеюі алыс емес. Ол үшін ақылды үй адам тағып жүрген білезіктен денсаулығы туралы көрсеткіштер алып, оларды дәрігерге жібереді.

Көшеде автокөліктер жүргізушісіз жүретін болады, ал жолдардың өздерінде кептелістер болмайды. Заттар интернеті жолдардағы кептелістерді болдырмайтын трафикті бақылаудың озық жүйесін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Қазірдің өзінде көптеген гаджеттер түрлі жүйелермен қатар жұмыс істейді, алайда таяудағы 5–10 жылда бізді заттар интернетінің күрт өркендеуі күтіп тұр.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстануматематикалық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Ж.Б.Базаева, А.С.Маханова

Ұқсас материалдар:

  1. Заттар интернеті деген не?

  2. Мобильді құрылғылар сипаттамасы

  3. Виртуалды машиналар туралы мәлімет

  4. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?

  5. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер

  6. Мар­ке­ти­нг­тік жар­на­ма­лау­да ин­фог­ра­фи­ка­ны қол­да­ну

  7. Жобаны алға жылжыту. Насихаттау дегеніміз не?

  8. Өзіңнің Startup-ыңды қалай іске қосу керек? Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидалары

  9. Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ