Информатикадан глоссарий тізімі. 3D панорама, дендрит, синапс деген не?

0
6310
Иллюстрация: Freepik.com

Жасанды интеллект (ЖИ) – адамдардың құзыретіндегі ерекше шығармашылық әрекеттерін орындайтын интеллектуалды машина.

Жасанды нейронды желі (ЖНЖ) – күрделі деректерді талдайтын, адам миын имитациялайтын, аппараттық және программалық тұрғыдан іске асыруға қабілетті математикалық модель.

Биологиялық нейрон – басқа нейрондармен қолжетімді байланыс арқылы барлық нейронды желі бойынша электрохимиялық импульсті беру негізгі міндеттердің бірі болатын арнайы жасуша.

Синапс – нейрондар арасындағы байланыс, олардың әрқайсысы өз кіріс салмағының дәрежесіне ие.

Нейронды желілер – бір-бірімен синапстар арқылы біріктірілген нейрондардың белгілі бір тізбегі.

Дендриттер – ақпараттың кіріс порты.

Нейрожелі – белгілі бір шарттарға негізделген дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін үлгі.

Виртуалды шындық (virtual reality, VR) – техникалық құралдар және программалық жасақтамалардың көмегімен жасалынған, адамға көру, есту, сезу т.б. сезімдері арқылы берілетін жасанды әлем.

Кеңейтілген шындық (augmented reality, AR) – компьютерлік құрылғылар – планшет, смартфон мен инновациялық гаджет, сондай-ақ оларға программалық жасақтама арқылы нақты уақыт режимінде физикалық әлемді цифрлық деректермен тікелей немесе жанама толықтыратын орта.

3D панорама – компьютер мониторында көрсетуге бейімделген қоршаған ортаның 360°-тық бейнесі.

Фотопанорамалар – пайдаланушыларға болып жатқан барлық сәтті көрсетудің ең жақсы тәсілдерінің бірі.

Виртуалды турлар (3D тур) – бір 3D панорамадан басқа панорамаға өтуге мүмкіндік беретін бірыңғай «белсенді аймақтар» кешеніне біріктірілген, әртүрлі 3D панорамалар жиынтығы.

Виртуалды машина – арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер.

Мобильді құрылғылар – басты ерекшеліктері кішкене өлшемі мен атқаратын функцияларының саны болып табылатын смартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, телефондар, ноутбуктер (ультрабуктер, нетбуктер).

Смартфондар – ең маңызды ерекшелігі көлемі мен тасымалдану қабілеті және көптеген функционалдық мүмкіндіктері бар құрылғылар.

Планшеттер – үлкен экранмен жабдықталған және Интернетті, кітаптарды, офистік пакеттерді, сондай-ақ ойындарды пайдалануға мүмкіндік беретін құрылғылар.

Заттар интернеті (Internet of Things, IoT) – бір-бірімен немесе сыртқы ортамен әрекет жасау үшін кіріктірілген технологиялармен жабдықталған, осындай желілерді ұйымдастыруды экономикалық және қоғамдық үдерістерді қайта құруға
қабілетті құбылыс ретінде қарастыратын, әрекеттер мен операциялардың бөлігіне адамның қатысу қажеттілігін болдырмайтын физикалық объектілердің «заттардың» есептеу желісінің тұжырымдамасы.

Интерфейстің визуалды дизайны – жобалау барысында қолданушымен үйлесімді қарым-қатынасты қамтамасыз ететін маңызды бөлім.

Басқару элементтері – қолданушыларға цифрлық технология өнімдерімен өзара әрекеттесуге мүмкіндік беретін басқарылатын экран объектілері.

Терезе құралдары (Controls/widgets қысқаша windows gadgets) – қолданушының графикалық интерфейсінің бастапқы құрылымдық бөліктері.

Атқарушы құрылғылар – басқару объектісіне орындаушы әсер ететін автоматика элементтері.

Басқару – барлық компоненттер үшін ортақ тармақталу блоктары, цикл, бірнеше экранды жұмыс және т.б.

Логика – қосымшадағы логикалық функцияларды пайдалануға арналған блоктар.

Математика – математикалық блоктар жиынтығы.

Мәтін – мәтіндік блоктар жиынтығы.

Массивтер – массивтермен/тізімдермен жұмыс істеуге арналған блоктар.

Түстер – түстермен жұмыс жасайтын блоктар.

Айнымалылар – жаһандық және жергілікті айнымалылардың мәнін анықтауға және орнатуға мүмкіндік беретін блоктар.

Процедуралар – программа ішінде параметрлері бар немесе оларсыз рәсімдер мен функцияларды айқындауға мүмкіндік беретін блоктар.

Ақылды үй – әртүрлі жоғары технологиялық құрылғылардың көмегімен адамдардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау үшін құрастырылған тұрғын үй.

Packet Tracer – желілер, киберқауіпсіздік пен Заттар интернеті (IoT) саласында желілерді жобалау мен модельдеудің тегін құралы.

Crowdfunding – Интернет арқылы қатысушылардың көп санынан аздаған ақша қаражатын жинау жолымен жобаны қаржыландыру практикасы.

Baribirge.kz – Орталық Азиядағы табысты онлайн платформа.

Starttime.kz – ұжымдық қолдау арқылы автордың қызықты идеяларын жүзеге асыру үшін қаржылай көмек көрсететін  сервис.

Насихаттау – клиенттерді, контрагенттерді, серіктестер мен қызметкерлерді белгілі бір коммуникативті ынталандыру арқылы сату нәтижелілігін арттыруға бағытталған іс-әрекет.

Оның әдістері (methods of promotion) – маркетингтік мақсатқа жету үшін қолданылатын маркетинг тәсілдері мен құралдары.

Насихаттау әдістерінің кешені – жарнама, жеке сату және ынталандыру, сату процесін басқару, тікелей маркетинг, өткізуді ынталандыру және т.б. насихаттаудың бірнеше әдістерін бір мезгілде қолдану.

Жарнама – БАҚ арқылы берілетін ақылы ақпараттық хабарламаларды таратуға негізделген жылжыту әдісі.

Жеке сату – тауарды ауызша ұсыну, сату мақсатында әңгімелесу барысында жасалған сатып алу қажеттігіне ақпарат беру және сендіру негізінде насихаттау әдісі.

Қоғамдық байланыстар (public relations) – коммерциялық маңызды мәліметтерді коммуникацияның бұқаралық тәсілдері арқылы тарату көмегімен тауарға, қызметке сұранысты ынталандыру.

Өткізуді ынталандыру (promotion consumer) – тұтынушының тауарды сатып алуын ынталандыратын маркетингтік қызметке негізделген насихаттау әдісі.

Сауда делдалдарын ынталандыру – маркетингтік арнаның (дистрибьюторлық тізбектің) қатысушыларымен өнімді өндірушіден сатып алушыға дейін өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешені және маркетингтік арна
бойынша тауар мен қызметті насихаттау әдісі.

Жарнамалық үндеу – нақты нысаны бар (мәтіндік, көрнекі, дыбыстық, символикалық және т.б.), дайын жарнамалық өнім,  оның көмегімен жарнама беруші өз клиенттеріне жүгінеді.

Инфографика – ақпаратты, деректерді және білімді берудің графикалық тәсілі.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Информатикадан глоссарий

  2. Жасанды интеллект деген не?

  3. Информатика пәніне қатысты глоссарий

  4. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет

  5. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы
  6. Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері
  7. Механикадағы сақталу заңдары (сабақ жоспары)
  8. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ