Информатикадан глоссарий

0
6680
Freepik.com

Бұлттық технологиялар – цифрлық деректерді өңдеу технологиялары арқылы интернет-пайдаланушыға барлық қызмет түрлері бір аппараттық жүйеде біріктіріліп, онлайн-сервис ретінде ұсынылуы.

Бұлттық есептеулер – қажетті конфигурацияланған есептегіш ресурстарға (мысалы, деректерді беру желілеріне, серверлерге, деректерді сақтау құрылғыларына, барлығына бірдей немесе бөлек-бөлек) талап бойынша ыңғайлы желілік қолжеткізуді қамтамасыз ету моделі.

Жеке бұлттар – кәсіпорынның өзіне ғана, сондағы жеке тұлғалар мен тұтынушыларының жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым.

Бұлттық провайдер – бұлттық есептеулер негізінде қызмет көрсететін компания, ол әртүрлі виртуалды ресурстардың (виртуалды серверлер, виртуалды желілер, виртуалды деректерді  сақтау жүйелері) автоматтандырылған басқару түрлерін жеткізуші.

Қоғамдық бұлттар – көпшіліктің Интернетте еркін жұмыс істеуіне арналған инфрақұрылым.

Ортақ бұлттар – ортақ мақсаттары бар қоғамдық тұтынушыларға арналған инфрақұрылым.

Google Диск – файлдар хостингі және оңай басқару үшін қауіпсіз деректерді сақтау кеңістігі.

Аралас бұлттар – екі немесе одан көп бұлт түрлерінің (жеке, ортақ, қоғамдық) аралас үйлесімі.

Google Maps – Жер планетасының картасы мен спутниктің суреттерін көруге мүмкіндік беретін қызмет.

Бұлттық деректер қоймасы – онлайн қойманың үлгісі,арнайы сатып алынған немесе жалға алынған жеке серверлерде деректерді қауіпсіз түрде сақтау моделі.

Gmail – электронды поштада деректерді қауіпсіз сақтайтын, сондай-ақ жіберілген хаттар мен келген хаттар туралы хабарлайтын қызмет.

Google Calendar – күнтізбе жұмыс күнін тиімді ұйымдастыруға арналған қызмет.

Google Translate – 191 тілге аудару мүмкіндігі бар тегін онлайн аударма қызметі.

Мәтіндік құжат – бірнеше тұтынушыға қолжетімді нақты уақыт режимінде ортақ файлды өңдеу, құру және автоматты түрде сақтау ортасы.

Google Hangouts – онлайн түрде қоңырау шалу, хат жіберу немесе видеоконференция жасауға мүмкіндік беретін қызмет.

Кестелер – жұмыс жасау икемділігі мен бірлескен қолжетімдік мүмкіндіктері бар орта.
Презентация – дайын шаблон түрлерін ұсынатын, онлайн режимде бірнеше қолданушымен бірлесе отырып түрлендіруге  болатын және көптеген функциялары бар орта.

Үлгілер (Формы) – қатысушылардан онлайн тестілеу немесе сауалнама алу арқылы кері байланыс орнатуға арналған орта.

Виртуалды шындық – техникалық құралдар және программалық жасақтамалардың көмегімен жасалынған, адамға көру, есту, сезу және т.б. сезімдері арқылы берілетін жасанды әлем.

Кеңейтілген шындық – нақты уақытта физикалық әлемді толықтыратын орта, біз оны қандай да бір планшет, смартфон немесе басқа да құрылғылар мен программалық жасақтамалар арқылы көреміз.

3D панорама – компьютер мониторында көрсетуге бейімделген қоршаған ортаның 360°-тық бейнесі.

Фотопанорамалар – пайдаланушыларға болып жатқан барлық сәтті көрсетудің ең жақсы тәсілдерінің бірі, объектіні «ішінен» көрсету және т.б.

Image Composite Editor – қолданыстағы ең қарапайым программа, ол фотосуреттен де, видеодан да панорама жасай алады.

Hugin – панорамаларды өңдеуге арналған озық программа.

Dermandar – бірнеше рет шерту арқылы фотосуреттерді біріктіретін веб-сайт.

Виртуалды турлар (3D тур) – бір 3D панорамадан басқа панорамаға өтуге мүмкіндік беретін бірыңғай «белсенді аймақтар» кешеніне біріктірілген, әртүрлі 3D панорамалар жиынтығы.

Мобильді қосымша (ағылш. mobile app) – нақты платформа (iOS, Android, Windows Phone және т.б.) үшін әзірленген смартфондарда, планшеттерде және басқа да мобильді құрылғыларда жұмыс істеуге арналған программалық жасақтама.

MIT App Inventor – Java және Android SDK программалау тілін, алгоритмдеудің қарапайым негіздерін білуді талап  етпейтін OS Android платформасына арналған қосымшаларды визуалды әзірлеудің бұлттық ортасы.Android құрылғысының түрлі датчиктеріне қосылу үшін  батырмалар, суреттер, мәтінді енгізу өрістері, интерфейстер
сияқты қолданбаның функционалдық элементтері: акселерометр, GPS, деректер қоры және т.б. компоненттер деп аталады.

Акселерометр – ұшақ, ракета, кеме, автокөліктің және т.б. үдеу, баяулау шамасын көрсететін аспап.

Айнымалылар – глобальді және локальді айнымалылардың мәнін анықтауға және орнатуға мүмкіндік беретін блоктар.

Процедуралар – программа ішінде параметрлері бар немесе оларсыз рәсімдер мен функцияларды айқындауға мүмкіндік беретін блоктар.

Инвестор – инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, мемлекет.

Crowdfunding – Интернет арқылы қатысушылардың көп санынан аздаған ақша қаражатын жинау жолымен жобаны қаржыландыру практикасы.

Starttime.kz – қызықты әрі пайдалы идеялардың авторларына ұжымдық қолдау арқылы жобаны іске асыруға қаражат табуға көмектесетін сервис.

Насихаттау – клиенттерді, контрагенттерді, серіктестер мен қызметкерлерді белгілі бір коммуникативті ынталандыру  арқылы сату нәтижелілігін арттыруға бағытталған іс-әрекет.

Жарнамалық үндеу – нақты объектісі бар (мәтіндік, көрнекі, дыбыстық, имволикалық және т.б.), дайын жарнамалық өнім, оның көмегімен жарнама беруші өз клиенттеріне жүгінеді.

Жарнама – БАҚ арқылы берілетін ақылы ақпараттық хабарламаларды таратуға негізделген жылжыту әдісі.

Инфографика – ақпаратты, деректерді және білімді берудің графикалық тәсілі.

Қазақстандағы цифрландыру – Қазақстан экономикасын дамыту қарқынын жеделдетуге және біздің азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған үдеріс.

Экономика салаларын цифрландыру – озық технологиялар және мүмкіндіктерді пайдалана отырып, капиталдандырудың өсуі мен еңбек өтімділігін арттыратын ҚР экономикасының әртүрлі салаларын қайта құру.

Цифрлық мемлекетке өту – халық пен бизнестің сұранысын алдын ала болжай отырып, қызметтер көрсету үшін мемлекеттің инфрақұрылымын қайта құру.

Цифрлық Жібек жолын іске асыру – деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын бүкіл аумақты дамыту.йылған қолтаңбаны толық ауыстыру.

Адами капиталды дамыту – креативтік қоғам құруды және жаңа нақтылықтар – білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер.

Инновациялық экожүйені құру – бизнес, ғылым саласы және мемлекет арасында берік байланысы бар технологиялық кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ инновацияларды енгізу үшін жағдай жасау.

Bigdata (Үлкен деректер) – деректер қорымен жұмыс істеу үшін дәстүрлі тәсілде үлкен көлемді ақпаратты сақтау, ұйымдастыру және зерттеу әдістері.

«Smart» city («Ақылды» қала) – қалалық мүлікті және қала көрсететін қызметтерді басқару тұжырымдамасы.

Ақпаратты қорғау – пайдаланушыға ақпарат беру тәртібін белгілеу (орнын, уақытын, жауапты лауазымды тұлғаларды, сондай-ақ пайдаланушылардың ақпаратқа қолжеткізу шарттарын қамтамасыз ететін қажетті рәсімдерді көрсету).

Коммерциялық құпия – рұқсаты шектеулі құпия ақпараттың бір түрі.

Коммерциялық құпияны құрайтын ақпарат – жалпы мағынада коммерциялық сипаттағы деректер.

Зияткерлік меншік – шығармашылық қызметтің нәтижелеріне, сондай-ақ нақты тізбесі заңнамамен белгіленетін, оларға теңестірілген кейбір өзге де объектілерге жеке, мүліктік сипаттағы айрықша құқықтардың жиынтығы.

Электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – электронды тіркеу куәлігін (сертификат) және ЭЦҚ-ның жабық кілтін пайдалана отырып, ақпаратты криптографиялық түрлендіру нәтижесінде алынған электронды құжаттың деректемесі.

Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығы (ҚР НКО) – куәландырушы орталықтардың электронды цифрлық қолтаңбасының ашық кілттерінің тиесілілігін және жарамдылығын растауды жүзеге асыратын куәландырушы
орталық.

RSA сертификаты – сұраныстарға қол қоюға, ал AUTH_RSA сертификаты порталда аутентификациялауға арналған құжат.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Жасанды интеллект деген не?

  2. Информатика пәніне қатысты глоссарий

  3. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет

  4. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы
  5. Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері
  6. Механикадағы сақталу заңдары (сабақ жоспары)
  7. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ