Информатикадан жиынтық бағалау тапсырмасы

1
8595
Иллюстрация: Freepik.com

І нұсқа

1. «Аrtificial intelligence» сөз тіркесіндегі «intelligence» сөзі қандай мағынаны береді?
A) Саналы түрде ойлана алу білігі
B) Автоматты түрде ойлана алу білігі
C) Қарапайым ойлана алу білігі
D) Бейсаналы тұрғыдан ойлана алу білігі
E) Жағымды ойлана алу білігі

2. Сәйкестендіріңдер:
1. Жасанды нейронды желі

2. Жасанды интеллект

3. Биологиялық нейрон

A) адамдардың құзыретіндегі ерекше шығармашылық әрекеттерін орындайтын интеллектуалды  машина

B) басқа нейрондармен қолжетімді байланыс арқылы барлық нейронды желі бойынша электрохимиялық импульсті беру негізгі міндеттердің бірі болатын арнайы жасуша

C) адам миын имитациялайтын, аппараттық және программалық тұрғыдан іске асыруға қабілетті математикалық модель

3. Бос орынды толтырыңдар:
Нейронды желі – адам … әрекеті принципіне негізделген, бірақ оның аналогі бола алмайтын … .

4. Бос орынды толтырыңдар:
… – нейрондар арасындағы байланыс, олардың әрқайсысы өз … салмағының дәрежесіне ие.

5. Күрделі деректерді талдайтын, адам миын имитациялайтын және аппараттық және программалық тұрғыдан іске асыруға қабілетті математикалық модель:
A) Жасанды нейронды желі
B) Жасанды интеллект
C) Синапс
D) Биологиялық нейрон
E) Машиналық оқыту

6. Бос орынды толтырыңдар:
Машиналық оқыту міндеттерін … және … деп екі түрге бөліп көрсетуге болады.

7. Сәйкестендіріңдер:
1. «Мұғалімсіз оқыту»

2. «Мұғаліммен оқыту»

A) Бір нәрсені болжай алатын, қандай да бір шешім шығаруға көмектесетін мәлімет болады

B) Тек мәлімет қана бар, сол мәлімет бойынша белгілі бір қасиеттерді анықтауымыз керек

8. Интеллектуалды жүйелерді топтаудың атауларын жазыңдар:




9. Бос орынды толтырыңдар:
Әрбір нейрон екі түрлі … және … мәліметтер типінен тұрады.

10. Нейронды желі құрамының типтерін таңдаңдар (3 жауап дұрыс):
A) Кіріс
B) Дендрит
C) Синапс
D) Аксон
E) Жасырын
F) Қосындылағыш
G) Шығыс

ІІ нұсқа

1. Арнайы программалық жасақтама көмегімен жасалған жасанды компьютер:
A) Виртуалды машина
B) Виртуалды тур
C) Кеңейтілген шындық
D) Виртуалды шындық
E) 3D графика

2. Виртуалды машиналарды таңдаңдар (3 жауап дұрыс):
A) VirtualBox
B) VMware
C) Microsoft Virtual PC
D) Microsoft Office
E) Mac OS

3. Бос орынды толтырыңдар:
Cмартфондар, планшеттер, электронды кітаптар, телефондар, ноутбуктер (ультрабуктер, нетбуктер) … деп аталады.

4. Бос орынды толтырыңдар:
Сенсорлық экран – деректерді … және планшетті … үшін
қызмет етеді.

5. Мобильді құрылғылар элементтерін белгілеңдер (4 жауап дұрыс):
A) Жады
B) Пернетақта
C) Процессор
D) Принтер
E) Бейнежылдамдатқыш
F) Сканер
G) Байланыстырушы компоненттер

6. Компьютердің негізгі функциялары (4 жауап дұрыс):
A) Processing (өңдеу)
B) Simplicity (қарапайымдылық)
C) Control (басқару)
D) Visibility (көрнекілік)
E) Memory (сақтау)
F) Attractiveness (тартымдылық)
G) Transfer (беру)

7. Компьютерлік жүйе сапасының негізгі көрсеткіштерін ажыратыңдар:
Өнімділік, практикалық, энергетикалық, ғарыштық,
жүйелердің сенімділігі мен тиімділігі, желілік, экономикалық

8. Мобильді құрылғылар сызбасына кіретін құрауыштарды белгілеңдер (4 жауап дұрыс):
A) Дисплей
B) Сенсорлық экран
C) Жүйелік тақша
D) Аккумулятор
E) Құлаққап
F) Дауыс зорайтқыш
G) Адаптер
H) Модем

10. Бос орындарды толтырыңдар:
Мобильді құрылғылар сызбаның соңғы компоненті … (1) болып табылады. Олар … (2) түрге бөлінеді: … (3) және … (4)

ІІ нұсқа

1. Startup сипаттамаларын белгілеңдер (4 жауап дұрыс):
A) Қарқынды өсу
B) Икемділік
C) Өсу үшін қаржыландыру
D) Мәселені шешудегі инновациялық тәсіл
E) Табыс көзі
F) Бизнес модель
G) Өсу кезеңі

2. Инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға,мемлекет:
A) Инвестор
B) Бизнесмен
C) Табыскер
D) Конвертор
E) Жоспарлаушы

3. Интернет арқылы қатысушылардың көп санынан аздаған ақша қаражатын жинау жолымен жобаны қаржыландыру практикасы:
A) Сrowdfunding
B) Бизнес
C) Табыс
D) Қаржы
E) Жоспарлау

4. IndieGoGo – кез келген … (1) мен … (2)-ға арналған платформа.

5. Әлемдегі ең танымал Сrowdfunding платформаларының бірі:
A) Kickstarter
B) OpenIDEO
C) StartSomeGood
D) Microplace
E) Sparked

6. Стивен Брэдфорд Сrowdfunding-тің қанша базалық түрлерін атап көрсетті?
A) 5
B) 2
C) 3
D) 7
E) 8

7. Сәйкестендіріңдер:
1. CROWDRISE                               A)Әлеуметтік кәсіпкерлікке инвестиция іздеу
2. OPENIDEO                                 B) Қайырымдылық үшін қаражат жинау
3. 33 NEEDS                                  C) Идеяларды әзірлеу, тұжырымдамалар
4. IOBY                                         D) Әлеуметтік бағыт
5. STARTSOMEGOOD                      E) АҚШ-тың экологиялық жобаларын құру,
қаржыландыру және қатысу
6. MICROPLACE                             F) Еріктілердің әлеуметтік желісі
7. SPARKED                                  G) Жаһандық кедейлікпен күресу үшін
қайырымдылық ұйымдастыру

8. Ақылы ақпараттық хабарламаларды таратуға негізделген жылжыту әдісі:
A) Жарнама
B) Жеке сату
C) Қоғамдық байланыстар
D) Өткізуді ынталандыру
E) Сауда делдалдарын ынталандыру

9. Өнімді өткізу әдістерін сәйкестендіріңдер:
1. Кеңесшілік                                        A)Сатушы өз компаниясының клиентпен
қарым-қатынас орнатуға тырысады
2. Аяқтаушы                                         B) Сатушы клиентке барады, азық-түлік
қорын орнатады және қажет болған
жағдайда оларды ауыстырады немесе
толықтырады
3. Өзара қарымқатынас орнату
арқылы сату                                        C) Сатушы (сауда агенті) клиентке техникалық
мәселені шешуге көмектесетін кеңесшінің рөлін
өзіне алған кезде жүзеге асыру кезіндегі өзара
қарым-қатынастар
4. Витринадағы өнімдердің
орналасуы                                           D) Сатып алушының ұсынылған өнімге
тапсырысының табысты алынуын, іске асыру
процесінің соңғы кезеңін көрсетеді

10. Ақпаратты, деректерді және білімді берудің графикалық тәсілі:
A) Инфографика
B) Информатика
C) Жарнама
D) Жылжыту
E) Визуалды бейнелеу

ІІ нұсқа 

1. Қазақстан экономикасын дамыту қарқынын жеделдетуге және біздің азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған үдеріс:
A) Цифрландыру
B) Дамыту
C) Ақпараттандыру
D) Компьютерлендіру
E) Технологияландыру

2. Сәйкестендіріңдер:
1. Экономика салаларын цифрландыру       A) Бизнес, ғылым саласы және мемлекет
арасында берік байланысы бар
технологиялық кәсіпкерлікті дамыту
2. Цифрлық мемлекетке өту                        B) Креативтік қоғам құруды және жаңа
нақтылықтар – білімдер экономикасына
өтуді қамтитын түрлендірулер
3. Цифрлық Жібек жолын іске асыру          C) Халық пен бизнеске олардың
қажеттіктерін алдын ала болжай отырып
қызметтер көрсету үшін мемлекеттің
инфрақұрылымын қайта құруа
4. Адами капиталды дамыту                       D) Деректерді беру, сақтау және өңдеудің
жоғары жылдамдықтағы және қорғалған
инфрақұрылымын дамыту
5. Инновациялық экожүйені құру              E) Алға бастайтын технологияларды
және еңбек өнімділігін арттырып,
капиталдандырудың өсуіне бастайтын
мүмкіндіктерді қолдана отырып, ҚР
экономикасының дәстүрлі салаларын
қайту құру
3. Бос орынды толтырыңдар:
Тізбектің екі түрі бар: … (1) және … (2).

4. Blockchain дегеніміз не?
A) Блоктар тізімі
B) Блоктар саны
C) Блоктар құрылымы
D) Блоктар басы
E) Блоктар сапасы

5. Blockchain технологиясының үш артықшылығы:
A) Қауіпсіздік, ашықтық және қорғалғандық
B) Қауіпсіздік, сенімділік, қарапайымдылық
C) Ашықтық, қорғалғандық, сенімділік
D) Қарапайымдылық, тізбектік, ашықтық
E) Қорғалғандық, сенімділік, қауіпсіздік

6. Патенттік құқық институтының объектілері (3 жауап дұрыс):
A) Өнертабыс
B) Пайдалы модельдер
C) Өнеркәсіптік үлгілер
D) Фирмалық атаулар
E) Тауар таңбалары

7. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қай жылы енгізілді?
A) 2008
B) 2018
C) 2009
D) 2010
E) 1998

8. Бос орынды толтырыңдар:
… (1) сертификаты – сұраныстарға қол қоюға, ал … (2) сертификаты порталда аутентификациялауға арналған.

9. Электронды үкіметіміздің қалыптасуы мен дамуының іргелі төрт кезеңін көрсетіңдер (1 жауап артық):
A) Ақпараттық
B) Интерактивті
C) Транзакциялы
D) Түрлендірмелі
E) Салыстырмалы

10. Бос орынды толтырыңдар:
… (1) үкімет – … (2) технологиялар көмегімен ішінара келісушілікті қамтамасыз ететін, … (3) пен … (4) арасындағы,
сондай-ақ … (5) органдардың өзара әрекеттестігінің бірыңғай механизмі.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Информатикадан тест тапсырмалары

  2. Жасанды интеллект деген не?

  3. Информатика пәніне қатысты глоссарий

  4. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет

  5. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

  6. «Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
  7. «Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары

1 ПІКІР

ПІКІР ҚАЛДЫРУ