Информатикадан тест тапсырмалары

2
8587
Freepik.com

І нұсқа 

1. Алғаш рет «Startup» терминін енгізген кәсіпкер:
A. Стив Бланк.
B. Стив Джобс.
C. Павел Дуров.
D. Марк Цукерберг.
E. Билл Гейтс.

2. Бос орынды толтырыңдар:
… операциялық қызметінің қысқа тарихы бар … … … … .

3. Инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, ­мемлекет:
A. Пайдаланушы.
B. Тұтынушы.
C. Профессор.
D. Инвестор.
E. Кәсіпкер.

4. Сәйкестендіріңдер:
1) Прототип
2) Альфа-нұсқа (өнім/жоба)
3) Жабық бета нұсқасы
4) Ашық бета нұсқасы

а. Қолданушылардың шағын тобы шақырылады, олар өздерінің пікірлері мен тілектерін айтады
ә. Жобаны насихаттау және пайдаланушыларды тарту жүреді
б. Кемшіліктерін анықтау және оларды жою мақсатында өнімді  тестілеу жүргізіледі
в. Негізгі функциялар берілген
жұмыс моделі құрылады

5. Стивен Брэдфорд ұсынған Crowdfunding-тің базалық модельдері:
A. 1.
B. 2.
C. 3.
D. 4.
E. 5.

6. Қазақстанда Crowdfunding іске қосылған жыл:
A. 2014.
B. 2015.
C. 2016.
D. 2017.
E. 2018.

7. Ең ірі отандық Crowdfunding платформасы:
A. Domen.kz.
B. Morapp.kz.
C. Starttime.kz.
D. Lincoln.kz.
E. Egov.kz.

8. Бос орынды толтырыңдар:
Маркетингтік насихаттау әдістері: …, …, …, … .

9. Идеяларды, тауарларды, қызметтерді қандай да бір компанияның атынан ұсыну және жылжыту объекті:
A. Делдал.
B. Маркет.
C. Жарнама.
D. Мобильді қосымша.
E. Инвестор.

10. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған сервистер:
A. Instagram, Wechat.
B. Canva, Piktochart.
C. Infogram.
D. Java, Delphi.
E. Starttime, Navi.
F. MovieAvie.
G. Easel.ly

ІІ нұсқа 

1. ­Бос орынды толтырыңдар:
… … тек нақты әлемді қабылдауға жеке өзінің жасанды элементтерді енгізеді, ал … … жаңа жасанды әлемді құрастырады.

2. Виртуалды шындыққа ену гаджеттері:
A. Көзілдірік, бас киім, контроллерлер.
B. Күн көзілдірігі, киім, монитор.
C. Шлем, көзілдірік, колғап.
D. Көзілдірік, модем, контроллерлер.
E. Көзілдірік, бас киім, QR код.

3. Балаларға виртуалды шындықтың бас киімдерін қолдануға болмайтын шектеулі жасы:
A. 10.
B. 12.
C. 13.
D. 16.
E. 18.

4. Онлайн режимде отырып, Интернетті пайдалануға деген құлшыныс, компьютерден шыға алмай қалу әдеті:
A. Виртуалды тәуелділік.
B. Ойынға тәуелділік.
C. Интернетке тәуелділік.
D. Спортқа тәуелділік.
E. Ақпарат іздеуге тәуелділік.

5. Фотопанораманы тегін жасауға мүмкіндік беретін құралдар саны:
A. 5.
B. 6.
C. 7.
D. 4.
E. 3.

6. Windows 7 және 8-ге кірістіріліп орнатылатын панорама:
A. Autostitch.
B. Hugin.
C. Dermandar.
D. Google Photos.
E. Photo Gallery.

7. Бірнеше рет шерту арқылы фотосуреттерді жабыстыратын веб-сайт:
A. Autostitch.
B. Hugin.
C. Dermandar.
D. Google Photos.
E. Photo Gallery.

8. Миллиондаған пайдаланушылар үшін фотосуреттерді сақтауға арналған сервис түрі:
A. Autostitch.
B. Hugin.
C. Dermandar.
D. Google Photos.
E. Photo Gallery.

9. Линзаларды калибрлеу және 360° панорамалар жасау опциялары бар программа:
A. Autostitch.
B. Hugin.
C. Dermandar.
D. Google Photos.
E. Photo Gallery.

10.  Қосымшаларды жасау кезінде қолданылатын блоктардың негізгі топтары:
A. Компоненттер.
B. Әрекет блоктары.
C. Қасиеттер.
D. Кез келген компонент.
E. Медиа.
F. Палитра.
G. Кірістірілген блоктар.

ІІІ нұсқа

1. Мына ұғымдардың жауабы қай мобильді нұсқаға жататынын белгілеңдер: брейнсторминг және эскиздер, интерфейс стилін таңдау
A. Қосымшаны жасау кезеңдері.
B. Құрылғыларға арналған операциялық жүйелер.
C. Сайт.
D. Сілтеме.
E. Бейнелер.

2. MIT App Inventor программасының интерфейсі қанша?
A. 4.
B. 3.
C. 2.
D. 7.
E. 5.

3. Нақты платформа үшін әзірленген смартфондарда, планшеттерде жұмыс істеуге арналған мобильді программалық жасақтама:
A. Қосымша.
B. Құрылғыларға арналған операциялық жүйелер.
C. Сайт.
D. Сілтеме.
E. Бейнелер.

4. Мобильді қосымшаларды құру қанша кезеңнен тұрады?
A. 2.
B. 3.
C. 4.
D. 7.
E. 5.

5. Бос орынды толтырыңдар:

Бұл блоктар тобы қосымшада бір типті компоненттің көп санын ұйымдастыруға және басқаруға мүмкіндік береді: … .

6. Жобадағы компоненттер тізімінің орналасу элементі:
A. Компоненттер.
B. Палитра.
C. Сурет.
D. Қасиеттер.
E. Медиа.

7. Берілген шарт орындалғанға дейін қайталануы тиіс әрекеттердің сипаттамасы:
A. Циклдік алгоритм.
B. Тармақтық алгоритм.
C. Сызықтық алгоритм.
D. Енгізу, шығару операторы.
E. Меншіктеу операторы.

8. MIT App Inventor визуалды әзірлеу ортасының негізгі бөліктері:
A. Дизайнер және блоктар режимі.
B. Дизайнер және палитра режимі.
C. Акселерометр және блоктар режимі.
D. Компоненттер және блоктар режимі.
E. Дизайнер және медиа режимі.

9. Мобильді қосымшаны құру кезеңдері:
1. … .
2. … .
3. … .
4. … .
5. … .
6. … .
7. … .

IV нұсқа

1. Қазақстандағы цифрландыру:
A. Алға бастайтын технологияларды және еңбек өнімділігін арттырып, капиталдандырудың өсуіне бастайтын
мүмкіндіктерді қолдана отырып, ҚР экономикасының
дәстүрлі салаларын қайту құру.
B. Креативтік қоғам құруды және жаңа нақтылықтар – білімдер экономикасына өтуді қамтитын түрлендірулер.
C. Қазақстан экономикасын дамыту қарқынын жеделдетуге және біздің азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған процесс.
D. Халық пен бизнеске олардың қажеттіктерін алдын ала
болжай отырып, қызметтер көрсету үшін мемлекеттің
инфрақұрылымын қайта құру.
E. Деректерді беру, сақтау және өңдеудің жоғары жылдамдықтағы және қорғалған инфрақұрылымын дамыту.

2. Зияткерлік меншіктің институт атаулары:
1. … .
2. … .
3. … .
4. … .

3. Патенттік құқық институтының объектілері:
A. Фирмалық атаулар, тауар таңбалары.
B. Қызмет көрсету белгілері, тауар шығарылған жерлердің атаулары.
C. Өнертабыс, пайдалы модельдер, өнеркәсіп үлгілері.
D. Авторлар, бірлескен авторлар, патент иелері.
E. Селекциялық жетістіктер, интегралды микросызбалар топологиясы, қызметті

4. Сәйкестендіріңдер:
1) RSA сертификаты                              а. Порталда аутентификациялау
2) AUTH_RSA сертификаты                    ә. Басқа сертификаттардың
шынайылығын тексеру
3) Түбірлік сертификат                           б. Сұраныстарға қол қою

5. Қазақстанда электронды цифрлық қолтаңба енгізілген жыл:
A. 2006.
B. 2007.
C. 2014.
D. 2008.
E. 2010.

6. Ақпарат электронды-цифрлық объектіде ұсынылған, электронды цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат түрі:
A. Тіркеу куәлігі.
B. ЭЦҚ.
C. Электронды құжат.
D. ЭЦҚ ашық кілті.
E. Барлық жауап дұрыс.

7. Бос орынды толтырыңдар:
egov.kz – ақпараттық-коммуникациялық инновациялар
есебінен мемлекеттік биліктің ел халқымен өзара іс-қимылын … үшін әзірленген … прогрессивті құрылымынан тұратын портал.

8. Электронды үкіметтің қалыптасуы мен дамуының кезеңдері:
A. Интерактивті, ақпаратты.
B. Уақытша, тұрақты.
C. Прогрессивті, іргелі.
D. Тұтастандыру, баяндаулы.
E. Электронды, билік.

9. Рұқсаты шектеулі құпия ақпараттың бірі:
A. Коммерциялық құпия.
B. Ақпаратты қорғау.
C. Коммерциялық желі.
D. Жекеменшік құпия.
E. Мемлекеттік құпия.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Жасанды интеллект деген не?

  2. Информатика пәніне қатысты глоссарий

  3. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет

  4. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

  5. «Ғасырлық туынды» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары
  6. «Әдебиеттегі сын-сарын» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмалары

2 ПІКІРЛЕР

  1. Тест өте жақсы дайындалған, жауаптары мен болса тіптен құба құп болар еді

ПІКІР ҚАЛДЫРУ