Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер

0
3661
Freepik.com

1. Canva.  Ең танымал әрі қарапайым Canva сервисі. 1 миллионнан астам суреттер, соның ішінде инфографика үлгілері, орыс тіліндегі түсінікті интерфейсі бар.

2. Piktochart. Piktochart құралы  тек инфографика ғана емес, презентациялар, есептер, флайерлер мен постерлер (Canva  сияқты) жасауға мүмкіндік береді. Тегін тарифте әртүрлі типтегі шексіз иллюстрациялар жасауға болады, 4 мыңнан астам суреттер мен логотиптер қолжетімді. Дайын иллюстрацияларды сақтауға, сондай-ақ әлеуметтік желілерде орналастыруға болады.

3. Infogram. Сендер Infogram-да сызбалар, карталар мен  графиктерді жасай аласыңдар, сонымен қатар инфографикада  одан әрі пайдалану үшін, фотосуреттерің мен видеоларыңды толтыра аласыңдар. Бекітілген кодты қолдана отырып, сайтта
тегін 37 кесте шаблондары мен 13 картаны, сонымен қатар инфографиканы орналастыруға болады.

4. Easel.ly. Бұл қызмет түпнұсқаны жіберуді қажет етпейтін  жылдам онлайн-инфографиканы құру үшін қолданылады.  Мысалы, Easel.ly-ді (84-сурет) құру Infogram-ға ұқсас, бірақ одан айырмашылығы, ол тек статикалық кескіндер жасауға
мүмкіндік береді, ал Infogram-да диаграммалар анимацияланады.

Осылайша, инфографика клиенттерге, қызметкерлерге және инвесторларға маркетингтік қарым-қатынас жасау үшін тамаша құрал болып табылады.

Инфографика көмегімен кез келген бизнес-ақпаратты қажетті аудиторияға толық жеткізуге болады.

Бұл жағдайда инфографика ақпараттың қолжетімдігін қамтамасыз ете отырып, жарнама рөлін атқарады.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Мар­ке­ти­нг­тік жар­на­ма­лау­да ин­фог­ра­фи­ка­ны қол­да­ну

  2. Жобаны алға жылжыту. Насихаттау дегеніміз не?

  3. Өзіңнің Startup-ыңды қалай іске қосу керек? Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидалары

  4. Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады?

  5. 3D панорама және виртуалды тур жасауға арналған программалар

  6. 3D панорама және виртуалды тур

  7. Өнім­ді өт­кі­зу әдіс­те­рі туралы

  8. Информатикадан глоссарий

  9. Жасанды интеллект деген не?


ПІКІР ҚАЛДЫРУ