Өнім­ді өт­кі­зу әдіс­те­рі туралы

0
2727
Freepik.com

Сатуды жүзеге асырудың төрт негізгі әдісі бар:

Кеңесшілік. Сатушы (сауда агенті) клиентке техникалық мәселені шешуге көмектесетін кеңесшінің рөлін өзіне алған кезде жүзеге асыру кезіндегі өзара қарым-қатынастар.

Аяқтаушы. Атып алушының ұсынылған өнімге тапсырысының табысты алынуын, іске
асыру процесінің соңғы кезеңін көрсетеді.

Өзара қарым-қатынас. Орнату арқылы сату осы тәсілмен сатушы өз компаниясының
клиентпен қарым-қатынасын орнатуға тырысады.

Витринадағы өнімдердің орналасуы. Бұл жағдайда сатушы клиентке барады,
азық-түлік қорын орнатады және қажет болған жағдайда оларды ауыстырады немесе толықтырады.

Біріншісі – кеңесшілік, яғни бұл – сатушы (сауда агенті) клиентке техникалық мәселені шешуге көмектесетін консультанттың рөлін өзіне алған кезде жүзеге асыру кезіндегі өзара қарым-қатынастар. Осылайша, ірі және қымбат заттарды сату жүзеге асырылады. Бұл теміржол компаниясына арналған локомотивтер, ұшақтар немесе ірі компьютерлік жүйелер болуы мүмкін. Мұндай өнімдердің әрқайсысына кеңес
беретін білікті маман керек. Сатушы өндіруші мен сатып алушы арасында бірнеше рет делдал болады. Қажет болған жағдайда ол басқа техникалық мамандардан көмек сұрай алады.

Екінші әдіс – аяқтаушы. Бұл жағдайда сатушы әлеуетті тұтынушының кеңсесіне барады, өнімді көрсетуді жүзеге асырады және оны бірден сатып алуға сендіруге тырысады. «Аяқтаушы» термині сатып алушының ұсынылған өнімге тапсырысының табысты алынуын, іске асыру процесінің соңғы кезеңін көрсетеді.

Үшінші әдіс – өзара қарым-қатынас орнату арқылы сату. Адамдар өнімді өздері білетін адамнан сатып алуға бейім екені белгілі. Бұндай тәсіл кезінде іске асыру сатушы өз компаниясының клиентпен қарым-қатынас орнатуға тырысады. Бұл қатынастар достық немесе таныстық негізінде болғандықтан, клиент өнімге, оны өндірушіге толық сенімді бола алады.

Төртінші әдіс – витринадағы өнімдердің орналасуы. Бұл жағдайда сатушы клиентке барады, азық-түлік қорын орнатады және қажет болған жағдайда оларды ауыстырады немесе толықтырады, яғни ол сату үшін қажетті деңгейде қор өнімдерін ұстап тұруға жауап береді. Нан, сүт және т.б. сияқты жаппай азық-түлік өнімдерін сататын бөлшек сауда кәсіпорындары өнімді жарнамалауды сатушы арқылы көбірек жүзеге асырады.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Жобаны алға жылжыту. Насихаттау дегеніміз не?

  2. Өзіңнің Startup-ыңды қалай іске қосу керек? Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидалары

  3. Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады?

  4. 3D панорама және виртуалды тур жасауға арналған программалар

  5. 3D панорама және виртуалды тур

  6. Информатикадан глоссарий

  7. Жасанды интеллект деген не?

  8. Информатика пәніне қатысты глоссарий

  9. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет


ПІКІР ҚАЛДЫРУ