Өзіңнің Startup-ыңды қалай іске қосу керек? Crowdfunding платформаларының жұмыс істеу қағидалары

0
8599
Freepik.com

Маңызды мәлімет. EarlyIQ жүргізген зерттеу бойынша АҚШ-та Crowdfund Professional  Association және CROWDFUNDCAPITALADVISORS, жылдық табысы $25000- дан астам ел азаматтарының 58%-ке жуығы жыл сайын екі-үш стартапты қолдауға дайын. Жылына $75000 астам табыс табатын америкалықтар арасында әлеуетті краудинвесторлардың үлесі одан да жоғары – 68%.

Осы уақытқа дейін инновацияларды қаржыландырудың тек екі тәсілі болды:

1) компаниялар өздері жүргізетін зерттеулер мен әзірлемелерге (R&D – research and
development) қаражат инвестициялайды;

2) R&D инвестицияларын компаниялардың өздері емес, венчурлік (тәуекелдік) инвесторлар салды. Олар компаниялардың венчурлік жобаларына өздерінің венчурлік капиталын салып, осы компаниялардың капиталындағы үлеске ие болды. Алайда соңғы жылдары шағын инновациялық бизнес өкілдері оларды қаржыландыру үшін жаңа объект – Сrowdfunding­-ке назар аудара бастады.

«Crowdfunding» (халықтық қаржыландыру, ағылш. сrowd funding, сrowd – топ, funding – қаржыландыру) – Интернет арқылы қатысушылардың көп санынан аздаған ақша қаражатын жинау жолымен жобаны қаржыландыру практикасы.

Теориялық және практикалық тұрғыдан Сrowdfunding түрлерін бөліп қарастыру өте маңызды. Crowdfunding-ті жіктеуге мүмкіндік беретін бірнеше өлшем бар. Олардың біріншісі – іске асыруға ақшалай қаражат тартылатын жоба түрі. Мәселен,  әлемдегі ең танымал Сrowdfunding платформаларының бірі – Kickstarter өзін «креативті жобалар» үшін платформа ретінде көрсетеді.

IndieGoGo – әлемге әйгілі Crowdfunding-тік платформа кез келген идеялар мен жобаларға арналған платформа ретінде әрекет етеді.

Стивен Брэдфорд Crowdfunding-тің бес базалық моделiн атап көрсетті:

  • қайырымдылық
  • ақысыз сыйақы
  • алдын ала тапсырыс
  • қарыздық капиталды тарту
  • акционерлік капиталды тарту

Алғашқы үш модель «патронаждық Сrowdfunding» шартты атауымен біріктірілуі мүмкін, өйткені инвесторлар немесе  оларды ақша ресурстарының орнына «бэккерлер» (демеушілер, донорлар) деп те атайды не болмашы жеңілдіктер/артықшылықтар алады.

Қайырымдылық моделі шеңберінде қайырымдылық альтруизм негізінде және алушы үшін ешқандай міндеттемелерсіз жасалған ерікті актілер болып табылады.

Классикалық мысал – емдеуге немесе қайырымдылық ұйымды қолдауға қаражат жинау. Бұл модель таза күйінде жиі кездеспейді. Сыйақысыз демеу шағын қайырымдылық үшін  барлық жобаларда қарастырылған.

Көрсетілген модельдердің төртінші және бесінші мәні инвестициялық Сrowdfunding немесе Crowdinvesting болып табылады. Бұл – танымалдығы аз, бірақ Сrowdfunding-тік жобаларға бэккерлердің қатысуының әлемдік экономика үшін өте перспективалы және сыни тұрғыдан маңызды моделі. Оның негізгі сипаттамасы және басқа объектілерден ерекшелігі – қаржылық сыйақының болуы.

Қазақстанда Crowdfunding 2014 жылы пайда болды. Ондаған іске асырылған жобалар бар. Ең ірі отандық платформа starttime.kz бір жыл ішінде салымшылардан 215 қайырымдылық, әлеуметтік және коммерциялық жобалардың пайдасына 31,7 млн теңге жинады.

Starttime.kz – қызықты әрі пайдалы идеялардың авторларына ұжымдық қолдау арқылы жобаны іске асыруға қаражат табуға  көмектесетін сервис. Мысалы, театр режиссері, жарнама саласындағы креативті директор Виктор Немченконың Lexicon City жобасы  Алматыда қалалық өмір сүру барысында қазақ, ағылшын және орыс
тілдерін үйрену үшін геймификация элементтері бар жаһандық  инфрақұрылым құруға бағытталған.

Автор онлайн және оффлайн ойнауға болатын «сөздікті қала» құруды ұсынады.

Әртүрлі қоғамдық орындарда (көшелерде, кеңселерде, дүкендерде, дәмханаларда,  ЖОО-да, саябақтарда және т.б.) көрнекті жерлерде есте сақтау үшін үш тілдегі жапсырмалар орналастырылады.

Сол жерде смартфон  мен lexicon.city мобильді қосымшасының көмегімен сканерлеген  QR-кодтар орналастырылады, пайдаланушы сөздің дыбысын естуге,  сөздің дұрыс жазылуын үйренуге бейімделеді, қарапайым сөйлемдер құруға және өткен материалды жеңіл, ойын түрінде бекіте алады.

Lexicon City пайдасына қаражат жинау жалғасуда, осындай  ауқымды және пайдалы жобаны іске асыруға 9 млн теңге қажет.

Өкінішке орай, қазіргі уақытта осы құралды шағын инновациялық бизнесті қаржыландыру тәжірибесіне толық ауқымды енгізу бұл қатынастардың осы түрін мақсатты реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің тұтас кешенінің болмауына байланысты іске асырылған жоқ.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады?

  2. 3D панорама және виртуалды тур жасауға арналған программалар

  3. 3D панорама және виртуалды тур

  4. Информатикадан глоссарий

  5. Жасанды интеллект деген не?

  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий

  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет

  8. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы
  9. Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері
  10. Механикадағы сақталу заңдары (сабақ жоспары)
  11. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ