Startup түсінігі. Startup-ты іске қалай қосады?

0
9039
Freepik.com

Соңғы бірнеше жылда IT Startup ұғымы өте танымал сондықтан жиі талқылану үстінде. Startup кез келген жас бизнес болып табылады және бұл термин ағылшын тілінде сөйлейтін елдерде бұрыннан қолданылады.

Алайда XXI ғасырда бұл термин IT саласында көптеп қолданыла бастады – осыдан кейін IT Startup пайда болды.

Startup (ағылш. Startup company, Startup, тура аудармасы «бастап келе жатқан») – операциялық қызметінің қысқа тарихы бар компания. Алғаш рет «Startup» терминін америкалық кәсіпкер Стив Бланк енгізген және ол өзі 8 табысты Startup құрған.

Әлемге әйгілі Facebook әлеуметтік желісі бастапқыда Startup болды, бұған дейін мұндай ауқымды әлеуметтік желілер болмаған, сондықтан компания иелерінің ешқайсысы оның қандай табыс әкелетінін болжай алмады.

Пол Грэм – Y Combinator венчурлік (тәуекелдік) қорының негізін қалаушылардың бірі, ең қысқа және қарапайым тұжырым береді: «Startup = өсу». Әлемдегі Startup-тардың көпшілігі IT саласында ұсынылған, өйткені мұнда үнемі жаңа нәрсе ойлап табылып, жүзеге асырылып отырады.Географиялық шектеусіз өсуге қабілеттілігі Startup-­ты шағын бизнестен ерекшелеуге мүмкіндік береді.

Uber, Airbnb немесе Facebook сияқты сәтті Startup­-тар тез қарқынмен дамып келеді, бұл бірнеше жыл ішінде Toyota немесе Siemens сияқты ауқымды компаниялардың қаржылық көрсеткіштеріне жетеді.

Егер мысалдар келтіретін болсақ, әлемдегі ірі, танымал, ең табысты Startup­-тар:

Уикипедия, Ютуб, Инстаграм, Твиттер, т.б

Қар­қын­ды өсу.  Startup өсу үшін құрылады және әдетте, «масштабталатын
бизнес-моделі» бар, бес жылдан аз уақытта пайдаланушылар саны нөлден 100 миллионға дейін өседі.  Нақты өсу қарқыны Startup бизнес-модель тапқанша кең
ауқымда өзгеруі мүмкін. Содан кейін өсу кезеңі аяқталады, бұл  жаңа деңгейге, яғни жетілген бизнеске шығуды көрсетеді.

Мә­се­ле­ні ше­шу­де­гі ин­но­ва­ция­лық тә­сіл. Startup үшін жаңа саланы немесе бағытты ойлап табу міндетті емес, бірақ мұнда іске деген көзқарас бизнестің дәстүрлі
үлгісінен түбегейлі ерекшеленеді. Мысалы, іздеу жүйелері  Google-ге дейін де болған. Ларри Пейдж және Сергей Брин өз жобасының негізін салған алгоритм беттің мазмұнында ғана  емес, оның беделіне де негізделген. Қарапайым интерфейс және
релеванттық нәтижелер бәсекелестерді «артта қалдырды».

Икем­ді­лік. Startup идеясы шешуші мәнге ие, бірақ уақыт өте келе өзгеруі мүмкін. Егер алғашқы ой жақсы болмаса, Startup курсты түбегейлі өзгерте алады. Бұл бағытты 180°-қа ауыстыруға әзірлігі Startup-тың басқа үлкен және шағын бизнес кәсіпорындарынан айырмашылығын ашып көрсетеді.

Өсу үшін қар­жы­лан­ды­ру. Startup болашақта жылдам өсуге және жоғары пайдаға уәде бере отырып, бастапқы кезеңдерде үлкен инвестиция көлемін іздейді.
Жаңа идеялар венчурлік қорларға, инвесторларға ұсынылады, жоғары тәуекелдерді қабылдауға дайын инвесторды табу мақсатында Startup биржаларына қойылады. Қаржыландырудың негізгі принципі: Startup-шы дамуға ақша алған сайын, ол өз компаниясы бір бөлігін береді, ал инвестор ортақ иеленушіге айналады.

Инвесторларды іздеудің баламалы тәсілдері ретінде мамандандырылған конференцияларды пайдалануға болады. Жыл сайын бүкіл әлем бойынша осындай бірнеше конференция өткізіледі. Мысалы, Ескі Осколдағы конференция – Startup Village, ClickZ Live New York (Нью-Йорк, АҚШ), Pioneers 500 Festival (Вена, Аустрия).

Startup-ты іске асыру бірнеше кезеңнен өтеді:

Pre-seed

Бұл – ең бірінші кезең – жобаны жасаушылардың нақты қалыптасқан идеясы болады, бірақ оны қалай жүзеге асыру және дамыту, табыс әкелу туралы түсінік әлі пайда болған жоқ.

Seed

Бұл кезеңде әдетте нарықты зерттеу, одан әрі іс-қимылдардың егжей-тегжейлі жоспарын жасау және іске қосуға дайындық жүргізіледі. Осы кезеңде қажет болса, инвесторларды іздестіруді бастау мүмкін.

Инвестор – инвестицияны жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға, мемлекет.

Прототип

Бұл кезеңде тек негізгі функциялар берілген жұмыс моделі құрылады.

Альфа-нұсқа (өнім / жоба)

Оның кемшіліктерін анықтау және оларды жою мақсатында өнімді тестілеу жүргізіледі. Сондай-ақ толықтырулар енгізілуі мүмкін.

Жабық бета нұсқасы

Өнім (немесе жоба) одан әрі тексерілуі керек. Осы мақсатта өз пікірлері мен тілектерін білдіретін пайдаланушылардың шағын тобы шақырылады.

Ашық бета нұсқасы

Бұл кезеңде Startup-тың шығуы жүзеге асырылады – жобаны насихаттау және пайдаланушыларды тарту жүреді (шарттар жасалады, тауарлар мен т.б. сату жүргізіледі). Кейбір жобаларды жасаушылар жоғарыда аталған бір немесе бірнеше сатыдан өтеді, бірақ мұны істеу ұсынылмайды, себебі ескерілмеген қателер жіберілуі мүмкін, олар кейіннен қаржылық шығындарға әкеп соқтырады.

Дереккөз: Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытының 11-сыныбына арналған оқулық. /Г.И.Салғараева, Л.А.Рсалина, А.Б.Есенкүл

Ұқсас материалдар:

  1. 3D панорама және виртуалды тур жасауға арналған программалар

  2. 3D панорама және виртуалды тур

  3. Информатикадан глоссарий

  4. Жасанды интеллект деген не?

  5. Информатика пәніне қатысты глоссарий

  6. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет

  7. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы
  8. Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері
  9. Механикадағы сақталу заңдары (сабақ жоспары)
  10. Информатика пәні және міндеттері. Ақпараттың анықтамасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ