Бақытты өмір сүргіңіз келсе

0
3309

Бақытты өмір сүргіңіз келсе, бәрі де өз қолыңызда. Ең бастысы төмендегі қағидаларды жадыңызды ұстаңыз.

✅ 1. Күніне кем дегенде 3 адамға қуаныш сыйлаңыз.

✅ 2. Көп армандаңыз. Армандар орындалады.

✅ 3. Күш-қуатыңызды өтірік, өсек айтуға жұмсамаңыз.

✅ 4. Өмір өте қысқа. Сондықтан өшпенділікке уақыт құртпаңыз.

✅ 5. Өз өміріңізді өзгелердің өмірімен салыстырмаңыз. Өйткені олардың басынан не өткергенін сіз көрген жоқсыз.

✅ 6. Өз өміріңізді бақытты ететін өзіңіз екенін естен шығармаңыз.

✅ 7. Ұйқыңызды қандырыңыз.

✅ 8. Көп оқыңыз. Оқыған адамның ғана ойлау қабілеті өте жоғары болады.

✅ 9. Күніне 2 литр су ішуді әдетке айналдырыңыз.

✅ 10. Өткен іске ешқашан өкінбеңіз. Бірақ болашақта қайталамаңыз.

✅ 11. Бұл өмірдегі бар байлығыңыз — отбасыңыз екенін ұмытпаңыз.

✅ 12. Өз-өзіңізді жақсы көріңіз.

✅ 13. Уақыт зымырап бара жатыр. Жақсы адамдармен араласыңыз.

✅ 14. Басыңызға қандай іс түссе де, күлімдеп жүріңіз.

✅ 15. Жиі жақсылық жасаңыз. Ол міндетті түрде қайтады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ