Бактериялар. Пішіні. Көбеюі. Балықтардың бактериялық аурулары

0
29341

Бактериялардың негізгі қасиеттері\r\n\r\n Жоспар:\r\n

    \r\n

  1. Кіріспе
  2. \r\n

  3. Бактерияларға жалпы сипаттама
  4. \r\n

  5. Негізгі бөлім
  6. \r\n

  7. Бактериялардың пішіні;
  8. \r\n

  9. Бактериялардың көбеюі;
  10. \r\n

  11. Балықтардың бактериялық аурулары
  12. \r\n

  13. Қорытынды
  14. \r\n

  15. Пайдаланылған әдебиеттер 
  16. \r\n

\r\n Кіріспе\r\n\r\n    Бактериялар (гр. bakterion -таяқша) — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия — бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы ағзалар. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon – таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы – Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді. Бактериялардың жасуша құрамында тұрақты жасуша қабаты, цитоплазмалық мембрана, цитоплазма, нуклеоид, рибосома болады. Ядроның қызметін дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) атқарады. Бактериялар ядросы мембрана қабығымен оқшауланбаған және онда хромотин жіптері түзілмейді. Бактериялар қарапайым бөліну арқылы көбейеді.\r\n\r\n \r\n\r\nНегізгі бөлім\r\n\r\n      Бактериялардың негізгі қасиеттеріне басқа микроорганизмдерден ерекшеліктері мен айырмашылығы – пішіні, көбеюі, тіршілік процесіндегі ерекшеліктері, мысалы қолайсыз жағдайда спора түзуі, ауру туғызуы т.б жатады.   \r\n\r\n     Ф.Кон заманынан бері бактериялардың негізгі 3 пішінін ажыратады:\r\n

    \r\n

  1. Шар тәрізділері – кокктар;
  2. \r\n

  3. Таяқша тәрізділері – бациллалар;
  4. \r\n

  5. Иілген таяқша мен спиральді – вибриондар, спириллалар
  6. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n    Бактериялардың алуан түрлі пішіндері: 1- кокктар; 2-диплококктар; 3-тетракокктар;             4-стрептококктар; 5 — сарциналар; 6-бацилалар; 7- спириллалар; 8-вибриондар; 9-жіп тәрізді формалар; 10-күкірт бактериялары.\r\n\r\n \r\n\r\nЖалпы, бактериялардың ұзындығы 1 – 20 мкм, ені 0,1 – 10 мкм, ал жіп тәрізділерінің ұзындығы 50 – 100 мкм-ге жетеді. Қолайсыз жағдай туғанда сырты қалың қабықпен қапталып спора түзеді. Спораның түзiлуi тек кейбiр бактерияларға ғана тән, мысалы клостридиуль бациллалары. Бактерияның вегетативтi формасы 60 градус температурада 30-60 мин. iшiнде, 80-100 градуста 1-2 минуттан кейiн өледi. Споралар төзiмдi болады. Сiбiр жарасының бацилласының спорасы қайнатуға 10-20 мин., ал ботулизм клостридийдiң спорасы 6 сағатқа шыдайды. Бактериялар өте төменгі температурада (–1900С-та, ал споралары –2530С-та) тіршілік ете береді. Оларды өте жоғары температурада (+1000С-та) кептіргенде, кейбір түрлері (мысалы, гонококтар) тіршілігін тез жойса, дизентерия таяқшалары жеті тәулік, дифтериянікі отыз тәулік, туберкулездікі тоқсан тәулік, ал түйнеменің бациллалары он жылға дейін тіршілігін жоймайды. Бактерияларды ультракүлгін сәулелері ерітіп жібереді. Қышқылды, қантты, тұзды ортада тіршілік ете алмайды. Бактериялардың көпшілігі зиянсыз, ал зиянды түрлері көптеген жұқпалы аурулар (туберкулез, тырысқақ, көкжөтел, т.б.) тудырады. Бактериялар жасушасында өсімдіктер мен жануарлардың жасушасында болатын элементтердің барлығы кездеседі. Бактериялардың тіршілігінде ферменттердің атқаратын рөлі зор. Олардың бір бөлігі (эндоферменттер) бактерияларда синтез, тыныс алу процесін реттесе, ал екіншілері (экзоферменттер) бактериялар арқылы қоршаған ортаға бөлініп шығады. Сондай-ақ олардың тіршілік етуі үшін көміртек пен азот өте қажет. Бактериялар азотты белоктан, амин қышқылдарынан, аммоний тұздарынан, нитраттардан алады, кейбіреулері атмосфера азотын сіңіреді. Бактериялар көміртекті көптеген көмірсулардан, спирттерден, органикалық қышқылдардан, т.б. алады.\r\n\r\n     Қоректену типi жағынан бактериялар екi топқа бөлiнедi: автотрофты және гетеротрофтылар. Автотрофты бактериялар беиорганикалық заттардан органикалық зарттар түзедi.\r\n\r\n    Автотрофтар пайдаланатын қуат көзiне қарай фототрофты (жасыл және қызғылт) және хемосинтездеушi (нитрификсациялайтын, темiрбактериялар, күкiртбактериялар) болып бөлiнедi. Гетеротрофты бактериялар дайын органикалық заттармен қоректенедi: сапротрофтар — өсiмдiктер мен жануарлардың өлiк қалдықтарымен, паразиттер мен симбионттар – тiрi организмдер.\r\n\r\n    Бактериялардың көбеюi клетканың екiге бөлiнуi арқылы жүредi (жыныссыз көбею). Бөлiну жылдамдығы жоғары әр 20 мин. бiр бөлiнедi. Мұндай жылдамдықпен 6 сағат iшiнде бiр клеткадан 250 мың клетка түзiледi. Кейбiр кезде бактерияларда жынысты көбеюге ұқсас процесс (генетикалық ақпарат алмасу) байқалады.\r\n\r\nБалық шаруашылығы мен бактериялардың байланысына келер болсақ, бактериялар балықтар денесінде дамып, тері және құрсақ қуысының паразиттері  сияқты, әртүрлі аурулар тудырады.  Аэромоноз, вибриоз, коринобактериоз, гемофилез, псевдомоноз, туберкулез — бұл балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындарға үлкен экономикалық зиян келтіретін балықтардың бактериялық ауруларының тізімі. Осы аурулардың «зұлымдығы» су ортасы жағдайларында олармен күрес жүргізудің күрделілігінде. Балықтардың бактериологиялық ауруларына қысқаша сипаттама беріп өтсек:\r\n\r\n    Тұқы аэромонозы (тұқылардың қызамығы, геморрагиялық септицемия, инфекциялық құрсақ шемені, люблин ауруы) — тері жабынының қабынуымен, қан құйылу ошақтарымен, шеменмен, қабыршығының үрпиюімен, көздің бақыраюымен, бұлшық ет ұлпасының және басқа да ішкі органдардың гидратациясымен сипатталатын тұқы балықтардың жұқпалы ауруы. Инфекцияның қоздырғышы — Aeromonashydrophila — қысқа дөңгеленген ұштары бар, кокк тәрізді, қозғалмалы грамтеріс таяқша, спора және капсулалар түзбейді. Инкубациялық кезең 2 — 30 тәулік.  Ауру өткір, өткірлеу және созылмалы болады. Ауруға тұқылар, сазандар және олардың өскіндерден бастап өндірушіге дейінгі гибридтері бейім. Инфекция қоздырғышының көзі — ауру балықтар, олардың бөліністері және өлекселері, сондай-ақ балықтар — микробтасығыштар. Эпизоотия барынша кең таралуға көктемгі-жазғы кезеңде жетеді, күзге қарай ол бәсеңдейді және ауру созылмалы ағымды қабылдайды.\r\n\r\n \r\n\r\n    Жыланбалықтар аэромонозы (тұщы су қызамығы) — өте жұқпалы инфекциялық ауру, табиғи тұщы сулы су айдындарындағы, сондай-ақ арнайы тауарлы жыланбалық су қожалықтарындағы және тәлімбақтардағы жыланбалықтарды қырады. Қоздырғыш —Aeromonaspunctataf.Sacrovinsis бактериясы. Қысқа, кейде ұзындығы 0,8-2 мкм және ені 0,5мкм кокк тәрізді таяқша түрінде болады, жасушаның өзінен 3-4 есеге ұзын бір бұраумен жабдықталған. Капсула және споралар түзбейді, граммотрицательді. Температуралық оптимум 20 градус, ал 37º С болғанда бактерия 4 күннен кейін өліп қалады. Ауру тез дамуы мүмкін, балық өледі, белгілер (симптомдар) айқындалып үлгермейді. Аурудың өткір болу фазасында жыланбалықтарда тері жабынының гемморагиялық қабынуы орын алады, кейін дененің құрсақ жағындағы қатерлі теңбілдікке ұласады. Түзілген дақтарға секундарлық микрофлора және саңырауқұлақтар орнығады. Аэромонозбен барлық жастағы жыланбалықтар ауырады. Инфекция көзі ауру балықтар және олардың бөліністері.\r\n\r\n \r\n\r\nВибриоз — бұл түрлі балық түрлері арасында теңіздерде және тұзды су айдындарында кеңінен таралған ауру. Қоздырғыш — Vibrioanguillarum — мөлшері 1,5*0,5мкм бір бұраулы қозғалмалы бактерия. Спора мен капсулалар түзбейді.  6-37 градуста дамиды. Ауруға жыланбалық, форель, нәлім, түйетабан, албырт, майшабақ және басқалар бейім. Тұзды суларға кіретін тұщы суды мекендейтін балықтардан — алабұға, торта, шортан. Эпизоотия жылдың жылы мезгілінде 19-20 градус температурада байқалады және бір жастағы және одан жоғары жастағы балықтардың жаппай ығысуына жалғасады. Инфекция көзі ауру балықтар болып табылады. Аурудың таралуына жоғары температура ықпал етеді. Вибриоздың белгілері (симптомдары): жүзбеқанаттардың қан тамырларының бітелуі, дененің беткі қабатындағы нүктелік қан құйылулар, бұлшықет ұлпасындағы қан құйылу мен жаралар.\r\n\r\n \r\n\r\nАлбырт коринобактериозы (бактериялық «өкпе» ауруы) — балықтардың денесінде эритроцит пен бактерия бар іріңмен толтырылған томпақтардың немесе кішкентай көпіршіктердің пайда болуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғыш Corynobakterium түріне жатады — бұл грамоң қысқа таяқша, екеуден, ал ескі дақылдарда тізбектермен орналасады. Оның мөлшері —  0,3-0,5*0,1-1,0мкм. Көбіне тынық мұхитының албырты және атлант албырты, құбылмалы және бұлақ форелі ауырады. Әдетте, жас балық зақымдалады, кейде албырттардың уылдырық шашу кезеңінде ауру ересек особьтердің арасында да өршиді. Ол көктемде және жазда пайда болады, ал созылмалы түрі күзге дейін байқалады. Инфекция көзі — ауру балықтар, олардың бөліністері және өлген балықтардың өлекселері.\r\n\r\n \r\n\r\nАлбырт гемофилезі (форельдің және голецтің жара ауруы) — жұқпалы ауру, балық денесінің беткі қабатында ақшыл көпіршіктердің түзілуімен сипатталады, кейін көпіршіктер жарылады және ашық жаралар мен тесіктер түзіледі. Қоздырғыш — Haemophiluspiscium бактериясы. Бактерия грамтеріс таяқшалардан тұрады, бір-бірден немесе жұп болып орналасады, ал кейде топтасады немесе жекелеген жіптер түрінде болады, споралар мен капсулалар түзбейді. Оның мөлшері – 0,8-1,0*1,0-3,0мкм. Ауруға барлық жастағы голец және бұлақ форелі бейім, бірақ көбінесе гемофилез балық зауыттарында өсірілетін құртшабақ арасында дамиды. Клиникалық ауру судың температурасы барынша жоғары болғанда анықталады. Инфекция көзі — ауру балықтар, олардың бөліністері және өлген балықтардың өлекселері.\r\n\r\n \r\n\r\nТұқы псевдомонозы (тұқылардың және дөңмаңдайлардың қызамық тәрізді ауруы) — жалпы шеменнің, қабыршақтың үрпиюінің, көздің бақыраюының және терідегі және жүзбеқанаттардағы ошақты қан құйылудың пайда болуымен жалпы септикалық процестің дамуымен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғыш — Pseudomonas: P.cyprinisepticumnov. species и P.capsulata, P.cyprinisepticum бактериясы — қозғалмалы, грамтеріс таяқша, 1-2*0,5-0,7мкм, спора түзбейді, қанда капсула түзеді. Псевдомонозбен өскіннен бастап аналық жасындағы тұқылар, тұқының амур сазанымен қосылған гибридтері, күміс мөңке балық, шұбар дөңмаңдай, ақ дөңмаңдай ауырады, бірақ ауру көбіне бір жастағы және екі жастағы балықтарда жиі дамиды. Псевдомонозда маусымдылық айқын байқалады: аурудың таралуы қыстаудың екінші жартысында – қаңтардан бастап наурызға дейінгі аралықта байқалады. Көзі ауру және бұрын ауырған тоған балықтары болып табылады.\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nТуберкулез\r\n\r\nНәлім, камбала, ставрида, албырт және басқа да балықтар ауырады. Қоздырғыш: Micobacteriumpiscum текті қышқылтұрақты бактериялары, граммоң қозғалмайтын қалың таяқ, ұзындығы – 2-12 мкм. Қоректік орталарда өсуінің оңтайлы температурасы – 25ºС. Теңз балықтары туберкулезінің қарапайым клиникалық нышандарын немесе белгілерін (симптомдарын) суреттеу мүмкін емес, дегенмен ауру сипатталған түрлерінде қадағаланатын гистопатологиялық өзгерістер арасында ұқсастық бар. Сырттай зақымдалған балық арық болып көрінеді және көбіне терісі зақымдалады. \r\n\r\nТабиғатта теңіз балықтарының туберкулез аурулары өте сирек кездесетіндігін айта кеткен жөн. Көбінесе олар аквариумдарда немесе балық тәімбақтарында ұсталатын балықтарда дамиды. \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n    1870-1880 жылдары француз ғалымы Луи Пастер ағзаларда ауру тудыратын, тағамдарды бүлдіретін ұсақ ағзалар бар екенін тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Олардың кейбір түрлерінің ауасыз ортала тіршілігін жалғастыратынын көрсетіп, микробиология ғылымының дамуына орасан зор үлес қосты. Левенгуктың ашқан жаңалығы микроағзалар дүниесін зерттеуге, микробиологияның дамуына жол ашты. Соның нәтижесінде бактериялардың табиғатта таралуын толық зерттеп білу мүмкіндігі туды. Бактерияларды табу, зерттеу XVII ғ. ұлғайтып көрсететін аспаптың шығуына байланысты дамыды. Бактерия жайлы алғашқы дерек 1683 жылы А. Левенгуктың Лондондағы Король қоғамына бактерияның мөлшерін, пішінін, қозғалысын сипаттап жіберген хатында баяндалған. Бактериялар табиғатта орасан көп мөлшерде кең таралған. Ірі қалалардың 1 м2 ауасында 10-15 мың, ал сапалы сүтте 500 мыңға дейін бактериялар болады. Бактериялар – табиғатта ең көп тараған, негізінен бір жасушадан тұратын, оқшауланған ядросы жоқ, ең қарапайым организмдер тобы болып саналады.\r\n\r\n \r\n\r\nПайдаланған әдебиеттер\r\n

    \r\n

  1. М.Х. Шығаева, Ә.Т. Қанаев «Микробиология және вирусология» 45-53 беттер;
  2. \r\n

  3. http://rvl.kz/kz/pajdaly_aparat/balytardy_bakteriyaly_aurulary/;
  4. \r\n

  5. http://kk.wikipedia.org/wiki/Бактериялар.
  6. \r\n

\r\nҚарастырылған сұрақтар\r\n

    \r\n

  1. Бактериялар дегеніміз қандай организмдер?
  2. \r\n

  3. Бактериялар пішініне байланысты негізінен неше топқа бөлінеді?
  4. \r\n

  5. Бактериялар қолайсыз жағдайда қалай қорғанады?
  6. \r\n

  7. Бактериялар қалай көбейеді?
  8. \r\n

  9. Балықтардың бактериялық аурулары
  10. \r\n


ПІКІР ҚАЛДЫРУ