Бактериялар номенклатурасы

0
6511

Бактериялардың номенклатурасының ережелері.\r\n\r\n \r\n\r\nЖоспар:\r\n

    \r\n

  1. Кіріспе бөлім
  2. \r\n

\r\n1.1. Микроорганизмдерді жіктеудің негізгі принциптері. Микроорганизмдердің даму эволюциясы.\r\n

    \r\n

  1. Негізгі бөлім
  2. \r\n

\r\n2.1. Бактериялардың қазіргі кездегі жіктелу ережелері.\r\n\r\n2.2. Морфологиясы бойынша бактериялық клетканың пішіндерінің түрлері.\r\n\r\n3.Қорытынды.\r\n

    \r\n

  1. Сұрақтар.
  2. \r\n

  3. Пайдаланылған әдебиеттер
  4. \r\n

\r\n \r\n\r\nКіріспе\r\n\r\n  «Табиғат жүйесі» кітабында К.Линней (1758) микродүниенің барлық өкілдерін бір топқа біріктіріп, оған «хаос» деген ат берді. Бірақ 1767 жылдың өзінде К.Линней бұл топ ішінен біреуін, яғни Infusorium-ді бактерияға жатқызды. Неміс ботанигі Ф.Кон (1859) морфологиялық, функционалдық, экологиялық белгілері негізінде оларды өсімдіктер патшалығына жатқызды. ΧΙX ғасырдың 2-ші жартысында неміс биологы Э.Геккель мынадай қорытындыға келді, микроорганизмдер жануарлар мен өсімдіктерден ерекшеленетіндігі соншалықты, оларды Protista патшалығына (гр. Protos — бірінші) – протисталарға, бірінші өмір сүретіндерге жатқызу керек. Бұл термин осы уақытқа шейін микробиологияда қолданылады. XΙX ғасырдың аяғынан бері протисталардың біртекті еместігі туралы мәліметтер жинақтала бастады, бұл осы топтың жоғарғы және төменгі сатыдағы протисталардың бөлінуіне әкеліп соқтырды. Жоғарғы сатылардағы протисталарға қарапайымдыларды,  микроскопиялық балдырларды (көк-жасылджарынан басқа) және саңырауқұлақтарды (ашытқылар), ал төменгі сатыға бактериялар мен цианобактерияларды (көк-жасыл балдырлар) жатқызды. Жоғарғы сатыдағы протисталар-эукариот, төменгі сатыларды-прокариот деп атады. Қазіргі кезде тіршіліктің клеткалы формаларын Procaryotae патшалығы және Eucaryotae патшалығы деп бөледі. Эукариоттарға — жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар, прокариоттарға – бактериялар мен цианобактериялар (көк-жасыл балдырлар) жатады.\r\n\r\nНегізгі бөлім\r\n\r\nМикроорганизмдердің түрлері толық зерттелгеннен кейін оларға XVIII ғасырда К. Линнейдің ұсынған биноминальдық номенклатурасы бойынша латынның екі сөзімен белгіленетін ғылыми атаулар беріледі. Бірінші атау – микроорганизмдердің туысын (әдетте туыс микроорганизмнің морфологиялық, физиологиялық белгілеріне немесе оны ашқан ғалымның аты-жөніне байланысты болып келеді), ал екінші атау болса – олардың қай түрге жататындығын  көрсетеді. Мысалы, Bacillus albus, мұндағы бірінші атау микроорганизмнің спора түзетін, грам тәсілімен позитивті боялатын, аэробты таяқша екендігін білдірсе, ал түрлік атауы оның колониясының түсін сипаттайды.\r\n\r\nХалықаралық номенклатуралық кодекс ережесіне сәйкес әрбір организм келесі таксондарға реттеліну керек:\r\n\r\nпатшалық (Regnum),\r\n\r\nбөлім (Philum),\r\n\r\nкласс (Classis),\r\n\r\nқатар (Ordo),\r\n\r\nтұқымдас (Familia),\r\n\r\nтуыс (Genus),\r\n\r\nтүр (Species).\r\n\r\nБұл классификация деңгейіне байланысты реттелінеді: жоғарыдан төменге.\r\n\r\n \r\n\r\nХХ ғ. бактериялар систематикасы мәселесі бұл оррганизмдер жөнінде білім көлемінің тез арада кеңеюіне және тереңдетілуіне байланысты өрши түсті.Дәстүрлі жүйені «генеологиялық бұтақ» құру үшін алдымен бактериялардың фенотиптік белгілері туралы жиналған мәліметтерді құруды ойластырған. Жүйені құру негізінде дәстүрлі принцип те қолданылды. Бірақ зерттеулер барысында ең басты назар бактериялардың морфологиялық белгілеріне аударылды. Солай 1872ж. Ф.Кон (1828-1898) бактерияларды морфологиялық белгілері бойынша мынадай топтарға бөлді: коккалар, қысқа таяқшалылар, ұзын таяқшалылар. Алайда бактерияларды таксономиялық топтарға бөлу мақсатында морфологиялық белгілер жеткіліксіз болды. Осы мақсатта морфологиялық белгілермен физиологиялық белгілерді де зерттеу қатар жүргізілді.        1909ж.  С.Орла Йенсен сол кездегі белгілі  болған физиологиялық белгілерге  негізделе отырып, бактерияларды  классификациялауға ұмтылыс жасады.  Систематиканың ары қарай дамуында прокариоттардың клеткасының химиялық құрылысы туралы мәліметтер маңызды қадам болды. Бактерияларды анықтаушы кітаптың бірінші басылымы 1923ж. Д.Х.Берги бастаған американдық бактериологтар тобымен басылымға шықты. 4 томдық тоғызыншы басылымы 1984-1989 жылдары шықты. Бергидің  анықтаушы кітабының тоғызыншы  басылымында прокариоттар патшалығына  жататын анықталған барлық организмдерді 33 топқа бөлген. Берги бойынша классификацияның басты идеясы – бактериялардың анықтаудың (идентификациясы) жеңілділігі. Бұны жүзеге асыру үшін белгілердің жиынтықтары қолданылады:морфологиялық (дене формасы; талшықтарының болуы не болмауы; капсулалары; спора түзуге қабілеттілігі; клеткаішілік құрылысының ерекшеліктері, Грам бойынша бояу), дақылдық (таза дақыл лабораториясында дақылдау кезінде алынған белгілер),физиолого-биохимиялық (энергия алу әдістері; қоректік заттарды қажет етуі; сыртқы орта факторларына қарым-қатынасы; нуклеотидті құрамы және ДНҚ молекуласында нуклеотидтер реттілігі; рРНҚ-ның нуклеотидтік құрамы; ұқсас функциясы бар ферменттік белоктардағы амин қышқылдардың реттілігі).\r\n\r\nБергидің «Микроағзалардың анықтаушысы» еңбегінде (9 басылымында, 1984ж.) микроағзаларды\r\n\r\nүлкен таксондарға, яғни бөлімдер мен кластарға жасуша қабықшасы құрылысы бойынша біріктірген :\r\n

    \r\n

  1. Жұқа қабықшалы – Gracilicutes;
  2. \r\n

  3. Қалың қабықшалы – Firmicutes;
  4. \r\n

  5. Клетка қабықшасы болмайтын – Tenericutes;
  6. \r\n

  7. Клетка қабықшалпрында ақаулары бар — Mendosicutes.
  8. \r\n

\r\nОсыған орай Берги микроағзаларды 3 класқа топтастырды:\r\n\r\n1-ші класс Бактериялар – хемоорганотрофтылар – органикалық заттарды және химиялық энергия көзін\r\n\r\nпайдаланатын микроағзалар;\r\n\r\n2-ші класс Риккетсиялар – жасанды қоректік орталарда өспейтін клета ішінде тіршілік ететін\r\n\r\nбактерия-паразит;\r\n\r\n3-ші класс Микоплазмалар – клетка қабықшасы болмайды.\r\n\r\nБактериялар – хемоорганотрофтылар морфологиялық белгілері бойынша және Грам әдісі бойынша 4 морфо- және 2 хромотоптарға топтастырылған.\r\n\r\n \r\n\r\nМорфологиялық топтарды:\r\n

    \r\n

  1. Эндоспоралар түзетін таяқшалар мен коккалар;
  2. \r\n

\r\n2.Спирохеталылар;\r\n

    \r\n

  1. Спираль тәрізді және ширатылған бактериялар (спирилла және вибрион);
  2. \r\n

  3. Актиномицеттер және оларға туыстық қатынасы бар бактериялар.
  4. \r\n

\r\n \r\n\r\n \r\n\r\nСистематика туралы қысқаша түсінік \r\n\r\nСистематика – организмдердің алуантүрлілігі мен әр түрлі организмдер топтарының арасындағы байланысты зерттейтін және бұл байланыстардың заңдылықтарын анықтайтын биология ғылымының саласы.\r\n\r\nСистематика классификация, таксономия, идентификация, номенклатура деп түрленеді.\r\n\r\nКлассификация – көптеген организмдерді таксондарға бөлу.\r\n\r\nТаксон – біртекті белгілері мен қасиеттері бар организмдердің тобы.\r\n\r\nТаксономия – таксондар шекарасын, олардың тәуелділігін анықтау. Таксономия биологиялық алуантүрліліктің тәртібін анықтайтын классификацияның теориясы болып саналады.\r\n\r\nИдентификация – зерттейтін объектіні бір таксонға жатқызу. Таксономия мен идентификация бір-бірімен байланысты.\r\n\r\nНоменклатура – таксондарды атау ережелерінің жинағы. Номенклатураның биноминальды жүйесі бойынша кез келген биологиялық түр екі латын сөзінен тұратын аталыммен жазылады. Бірінші сөз – туыстастары, екіншісі нақтылы сол туыстастыққа жататын түрді білдіреді. Туыстас аты үлкен әріппен жазылады, мысалы, Еscherichia (туыстас аты) coli (түр аты).\r\n\r\nБиологиялық номенклатураның иерархиялық жүйесінде  мынандай біртіндеп төмендейтін  рангтерді ажыратады:\r\n\r\nБұл таксономиялық категорияның негізі – түр. Қазіргі кезде түр деп шығу тегі бір, өзара жақын, белгілі бір ортаға бейімделген, морфологиялық, биохимиялық және физиологиялық сипаттамалары ортақ, бірақ организмдерден ерекшеленетін бактериялар тобын атайды.\r\n\r\nПрокариотты организмдерді бір немесе әр түрлі түрге эмпиризмдік жолмен көптеген белгілерін анықтап жатқызады.\r\n\r\nПрокариоттарда түр асты, штамм, вариант, клон сияқты ұсақ бірліктер жасалады:\r\n\r\nВариант арқылы прокариоттардың түрлерінің қосымша қасиеттері көрсетіледі, мысалы серологиялық белгілері бар болса серовар, фагтарға қатысты белгілері болса фаговар дейді.\r\n\r\nШтамм – әр түрлі жерден бір уақытта немесе бір жерден әр түрлі уақытта бөлініп алынған бір түрге жататын бактериялардың дақылы. Штамдар арасындағы ерекшеліктер бір түрдің ішінде болуы мүмкін.\r\n\r\nКлон – одан да тереңірек ұғым, бұл бір клеткадан бөлініп алынған бактериялдық дақыл.\r\n\r\nНоменклатура тәртібі бойынша түрге ат беру үшін оны белгілі бір туыстасқа жатқызу керек.\r\n\r\n \r\n\r\nҚорытынды\r\n\r\n \r\n\r\nБактериялар (гр. bakterion -таяқша) — тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар  және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия – бір клеткалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотоцинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушапы ағзалар. Бактерияларды жіктеуде көптеген ғалымдар үлес қосты. Карл Линей, Берги, Кон, Берджи қатарлы ғалымдар зертеп, үлкен үлес қосты. Олар бактериялардың систематикасының дамуын алға қарай үлкен көлемде дамытты.\r\n\r\nСұрақтар\r\n\r\n \r\n\r\n \r\n\r\n1.Микроорганизмдердің систематикасын жасауда кімдер үлес қосты?\r\n

    \r\n

  1. Халықаралық номенклатуралық кодекс ережесіне сәйкес әрбір организм ұандай таксондарға бөлінуі керек?
  2. \r\n

\r\n3.Номенклатураға сай бактериялар түрлеріне талдау жаса?\r\n\r\n4.Систематика туралы не білесіз, түсінігізді айтыңыз?\r\n

    \r\n

  1. Морфологиясы бойынша бактериялық клетканың қандай пішіндерін білесіз?
  2. \r\n

\r\n \r\n\r\n      Пайдаланған  әдебиеттер\r\n\r\n \r\n

    \r\n

  1. Шығаева М.Х, Қанаев А.Т. «Микробиология және вирусология». Қазақ Университеті, Алматы 2007 ж. 45-б, 338-б.
  2. \r\n

  3. Шлегель Г. Общая микробиология. М.: Мир, 1987, 567с.
  4. \r\n

  5. Н.Шоқанов, С.Сағындықова,Ф.Серікбаева «Микробиология». Арыс баспасы,Алматы 2003 ж. 6-б.
  6. \r\n

  7. Мишустин Е.М., Емцев Е.Т. Микробиология. М., 1987, 391с.
  8. \r\n

  9. Гусев М.В., Минеева Л.А. Микробиология. М.: МГУ, 1992, 448с.
  10. \r\n

  11. http://kk.wikipedia.org/wiki/
  12. \r\n


ПІКІР ҚАЛДЫРУ