Балағат сөйлеу — қоғамның қараңғы бейнесі

0
1032
Иллюстрация: Freepik.com

Қазақ қоғамының қараңғы бейнесі- балағат сөйлеу. Күнделікті жүріс-тұрыста қазақтың-қазаққа қарап былапыт сөз айтып, абыройы мен ар-намысына тиетін сөздер айтып, түк болмағандай әрі қарай жүре беретіндігін байқаймыз.

Бұған дәлел қазіргі кез-келген әлеуметтік желіні ашып қалсаң болғаны адамға жазылған екі пікірдің бірі балағат. Бұл мәселенің шешу жолдарын қарастыру үшін жас журналистерді қоғамдық пікір қалыптастыру үшін лингвистикалық зерттеулер жүргізуге арналған «Медиамәтіндік лингвоқауіпсіздік» пәні білікті лингвист, филолог мамандарының жетекшілігінде жетік меңгерілуде.

Зерттеулер бойынша қоғамда туындайтын актуалды сұрақ балағат сөздерден қалай қорғанамыз? Бұл сұрақтың нақты жауабын табу үшін Алматы қаласының тұрғындары арасында сауалнама жүргізген болатынмын. Өзіңді балағат сөзден қалай қорғайсың?- деген сұраққа кездескен 20 адамның бесеуі соққыға жығып, сазайын берем,- деп ашулы түрде жауап қайтарды. Ал әйелдер қауымы:-ештеңе де істей алмайсыңғой!- деп күрсіне жауап береді.

Естіген жауаптарды саралай келе бір шешілмеген түйінді байқаймыз. Сонда азаматтар өмірде болсын, әлеуметтік желіде болсын балағат сөзден қорғану үшін міндетті түрде біреуді соққыға жығып немесе тапталған іштегі намысқа бей жай қарауы шарт болғаныма. Бұл сұраққа журналистер «Медиамәтіндік лингвоқауіпсіздік» зерттеу пәні бойынша лингвист мамандары нұсқаулығымен заңдар арқылы қоғамда былапыт сөйлейтін адамдардан қорғануға болады-деп жауап береді.

Былапыт сөз айтқанның бәрі соттала бермейді. Былапыт сөйлеу мен қорлауға қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 131-бабы:

1. Қорлау, яғни басқа адамның абыройы мен қадiр-қасиетiн әдепсiз түрде кемсiту — бір жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

2. Көпшiлiк алдында немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникациялар желілерін пайдалана отырып жасалған дәл сол іс-әрекет –екі жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға жазаланады.

Көбіне қорланған адамдар істі сотқа жеткізбейді немесе жеткізе алмайтындығының бірнеше себептері бар. Біріншісі, кейбір адамдар өзінің әлеуметтік желіде тапталған абыройы мен қадір-қасиетін қорғауға болатынын білмегендіктен, ал екіншісі дәлелдемелерді сотқа жинау тәртібін білмегендігінен туындайды.

Есіңізде болсын егер сізді желіде не күнделікті өмірде балағаттайтын болса онда мына қадамдарды жазып алыңыз: ең бастысы қорланған адам нотариуске жүгінуі қажет.

Олар «Нотариат» туралы ҚР заңына сәйкес, тіркеу хаттамасын жасауға өкілеттіктері бар. Нотариус тіркеу хаттамасында әлеуметтік желідегі парақшаны, тіркеу мерзімін, уақытын, қай әлеуметтік желі мен оған өту жолын атап өтеді, қандай никнейм бойынша кімнің тіркелгенін сипаттап, жазылған парақшадан міндетті түрде «скриншот» жасайды.

Бұдан кейін ол шағымданып тұрған адамның толық аты-жөнін жазады, сондай-ақ, міндетті түрде куәгерді тіркейді. Бейнежазба болса, оны белгілі бір тасымалдағышқа жүктеп алады, ондағы әрекетті және айтылатын сөздерді сипаттап жазады. Осылайша нотариус арқылы тіркеу хаттамасын жасап алады.

Осылайша тілдік тазалықты сақтамайтын арамыздағы арамзаларды дұрыс жолмен тәрбиелеу арқылы нағыз өркениетті қоғамға айнала аламыз.

Мадияр Бабахан

Ғылыми жетекші: ф.ғ.д, профессор
Алтаева Алмагүл Кәрісбекқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ