Бала тәрбиесіне арналған үздік 5 фильм

0
15973

«Баланы жастан», — демекші қазақ халқымыздың салтыда бар құндылық, ол балаларды жастайынан мейрімділік пен ізгілікке тәрбиелеу. Ертден ұлтымыз бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлген, ал қазір иновация дамыған заманда балалырды ынталандырып дамуларына бірден – бір септігін тигізші күш ол әлеуметтік желілер.

Әр ата – ананың тактикасы әртүрлі, бірақ әлем ғалымдарының кеңесінше — «Жасөспірімдерге жақсы, мағынасы бар фильмдер көрсету бала психологиясының жақсы жаққа өзгеруінне көп септігін тигізеді»,  дейді. Ендіші арнайы сіздер үшін үздік 5 фильмді ұсынамыз.

Алғашқы орында: «Белль мен Себастьян: шытырман жалғасуда». Кішкентай балақай Себастьян мен оның адал досы Белль атты иттің басынан кешкен оқиғаларын сипаттайтын фильм. Сюжеті бойынша олар құрбылары Анджелинаны іздеп орманға аттанады. Бұл фильм достық құндылығы мен бауырмалдыққа жетелейтін жеңіл сюжетті фильм.

Екінші орында: «Паддингтонның басынан кешкендері 2». Перуден Лондонға келген аю антикварлық дүкеннен әдемі кітапты көріп, сатып алу үшін ақша жинай бастайды. Кенеттен кітапты ұрлап кетеді, оқиғаның кейіпкері Паддингтон басты назарға ілігеді. Бұл фильм комедия жанры мен қоса өмірде адам басына келіп кететін қиын — қыстау жағдайларға күрсінбеуге жетелейді.

Үшінші орында: «Үйде жалғыз қалғанда». Әлемдегі миллиондаған көрермендердің бала кезінен бергі сүйікті фильмі. Ұмытшақ ата – аналарының салдарынан жалғыз қалып қойған Кевин Маккалистер екі ұрлықшыға қарсы әрекет жасайды. Бұл хикаяға мәңгі қарап отыра бергің келеді. Фильмнің екінші бөлімі біріншісінен ерекшелене қоймайды, бірақ өзің күткен нағыз қызықты фильм. Дегенмен, 90-жылдары атмосфералы кино түсіруді білген ғой. Бірақ, бұл жәй ғана балалық шақтың бал кезіне деген сағыныш шығар.

Төртінші орында: «Гринч — Рождестволық ұрлықшы». Жасыл Гринчті шетелде жақсы таниды, ол қатігез әрі адамдардан көңілі қалғандықтан, балалардың мерекесін ұрлап жүреді. Фильмде оның рөлін Джим Керри сомдайды, оның мимикасын резіңке бетперден де байқауға болады. Бұл фильм Гринчьтің балалық шағында алған өмірлік қиындықтарынан қатігез болып, мейрімділік пен таңғажайыпқа сенбейтінін көрсетеді, ал мейрімді балалар оны жақсы жаққа өзгертеді.

Ал, соңғы орында Арыстан Патша  2019 жылғы американдық анимациялық фильм. Режиссері Джон Фавро және сценарий авторы Джефф Натансон және Walt Disney Pictures шығарған. Достық пен ата – анаға деген махаббаттың ең үздік көрінісі бейнеленген.

Көретін көріністеріміз тәрбиелік мәні бар сюжеттен құралған болса, саналы ұрпақтың да саны көп болар еді, қарапайым мәнсіз tik – tok контенттерін тамашалағанша үздік фильім көріп демалыңыздар.

 

Хайдарова Сара Есмағамбетқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ