Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» Ажардың әжесі

0
9178

Қазақ  әдебиеті  5- сынып
Қысқа  мерзімді  жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Отбасы құндылықтары

Мектеп:  266 мектеп-лицей

 

Күні Мұғалімнің аты-жөні:
Бодыкова Индира Еркебаевна
СЫНЫП: 5 Қатысқандар :  20 Қатыспағандар: 0
Сабақтың тақырыбы: Нұрдәулет Ақыш «Нағыз әже қайда?» Ажардың әжесі
Осы сабақта қол жеткізілетін   оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)

5.Т/Ж 3 Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

5.Т/Ж 4 Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу,жатқа айту.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Шағын,көлемді үзінділерді мәнерлеп оқиды.Әңгімеден көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесін таба алады.
Оқушылардың  басым бөлігі:
Шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеттерін анықтайды,кейіпкерлер бейнесін ашады.                                                                                               
Кейбір оқушылар:
Шығармадан шағын үзінділерді мәнерлеп жатқа айтады,диалог құрастырады.
Бағалау критерийі 1.Көркем шығармадан кейіпкерлердің іс-әрекеті арқылы образын суреттейді.
2.Көркем  шығармадағы шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп  жатқа айтады.
3 Үзінділерді пайдалану арқылы диалог құрастырады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады:
Жаңа сабақ мазмұнын ашып,тақырыпқа сай тапсырмалар орындайды.
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
Ажардың әжесі. Райхан,Ая,Азат,Жолдастың жұбайы,Жолдас
Ұршық,кимешек,қасиетті,кейуана,ірімшік,құрметтеу

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

1.Не себепті жазушы әңгіменің атын «Нағыз әже қайда?» деп атаған?
2.Ая мен Райханның түсінігі бойынша нағыз әже қандай болу керек?
3.Тұрақты сөз тіркестері Құмарта қалу,табан астында,үстірттеу ұғу,күйкі тірлік,мәсілі қария,суыртпақтай отыру,зиялы қауым,бүйректен сирақ шығару,төрелік айту, «шын әже»

Құндылықтарға баулу Көркем шығармадағы кейіпкерлер бейнесіне талдау жасау арқылы қамқорлық жасау мен мейірімділікті ұғынады.Айналадағыларға қамқорлық жасау туралы ақпараттары кеңейеді.
Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, Өзін-өзі тану, бейнелеу өнері

 

Алдыңғы оқу Ақын туралы ақпараттар әзірлеу
Сабақ барысы  
Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

 

Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин

 

2мин

 

3 мин

 

Ұйымдастыру кезеңі

1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру
2.Сын есімдер арқылы «Нағыз әже» қасиеттерін жазу арқылы топқа бөлу.  

I топ «Асыл әжем»
II топ «Ақ әжем»
III топ «Аяулы  әжем»

 

Қима қағаздар арқылы бөлу

 

Сабақтың ортасы

34 мин

 

5 мин                 

10 мин.

 

 

 

 

5 мин

5 мин

3мин

 

Топтық тапсырма

     Көркем  шығармадағы кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті арқылы образын төмендегі кесте бойынша суреттеп сипаттаңыздар

 

Жолдастың  жұбайы
туралы жазушы ойы

 

 

Менің  ойым (суреттеп,сипаттап)
– Әй, мына Азаттың қыздары мүлдем басынайын деді ғой, ей! Біздің бабушка сендерге немене, ойыншық па еді сонша. Жоқ, бұрынғының ертегіші кемпірі ғой деп пе едіңдер, өтірік-шынды қиыстырып соға беретін. Кісінің мазасын алмай, ойнаңдар ана балалармен.  

 

     Азат  туралы
жазушы ойы
Менің  ойым (суреттеп,сипаттап)
Бір-екі рет басына жаулық салған, мәсілі қариялар көшеде де ұшырасты. «Әже деген, міне, осындай болады», – деп, жол-жөне­ кей асығыс көрсеткеніме, екі қыздың көңілі көнши қойған жоқ. Олардың ұғымындағы әже бейнесі, менің сипаттауым бойынша, әлдеқайда биігірек болатын. «Әже – сендер сияқты балалар­ дың папалары мен мамаларын өсірген кісі, – дейтінмін өзімнің олақтау тіліммен. – Өзі мейірімді де ақылды адам. Ешкімге ешқашан ұрыспайды, ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрсады. Үні де, қолы да, көзқарасы да жұмсақ, жұрттың бәрімен: «Қарағым, айналайын», – деп жылы сөйлесетін иманжүзді қария. Өзі ылғи шаруа істеп, күйбеңдейді де жүреді. Тіпті, ештеңе істемеген күннің өзінде ұршық иіріп отырады…»

 

 

Райхан  туралы жазушы ойы Менің  ойым (суреттеп,сипаттап)
– Жоқ, папа. Ол – әже емес. Ол – жай ғана бабушка. Өйткені бәрі «бабушка» деді ғой. Мен білем, әже деген ондай болмайды. Өзің айтқансың.

 

 

 

 

 

 

 


Дескриптор
1. Шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекетін анықтайды.
2. Кейіпкерлердің образын суреттеп сипаттайды.

Қалыптастырушы бағалау «Бір ауыз сөз» әдісі арқылы Өзін-өзі бағалау.
Ұнады, қажет, пайдалы, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым.

Жеке тапсырма. Сараланған тапсырма
Қима  қағаздардағы  үзінділерді оқып  шығып, мәнерлеп  жатқа айтады.

«Өзі мейірімді де ақылды адам. Ешкімге ешқашан ұрыспайды, ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрсады. Үні де, қолы да, көзқарасы да жұмсақ, жұрттың бәрімен: «Қарағым, айналайын», – деп жылы сөйлесетін иманжүзді қария. Өзі ылғи шаруа істеп, күйбеңдейді де жүреді. Тіпті, ештеңе істемеген күннің өзінде ұршық иіріп отырады…». «Ұршық деген немене?» – дейді Ая сөзімді бөліп. Менің әңгімемде сәбилер түсіне бермейтін жайлар көп. Мен сонда да сөзімді әрі қарай жалғастыра түсіп, әжейдің үстіне қамзол, басына киме­ шек, шылауыш киетінін айттым.

Дескриптор
1.Берілген  мәтінді мәнерлеп  жатқа айтады.
2.Өз ойларындағы әже портретін салыстыру арқылы визуальды түрде бейнелейді.

Қалыптастырушы бағалау

Сараланған тапсырмада үйренгенін бағалау

Ұнады Неліктен? Қиын болды Неліктен?
       

Ширату жаттығуы « Нағыз әже »
1-қадам Нағыз әженің жүріс-тұрысы мен қимылын визуальды түрде жасау.
2-қадам  Нағыз әже болып сөйлеу

 

Кесте үлгілері

Кесте үлгілері

 

(Сабақтың соңы

 

 5 мин

4  мин

3 мин

 

Жұптық тапсырма.

1.Диалогқа түсу.

 I топ «Асыл әжем»  Райхан мен әкесі

 II топ  «Ақ әжем»       Азат пен Жолдас

III топ «Аяулы  әжем»

 Жолдастың  жұбайы мен Жолдас

Дескриптор

1. Диалогқа  түседі

2. Диалог  арқылы кейіпкерлердің іс -әрекеті арқылы портретін сомдайды.

Қалыптастырушы бағалау Мадақтау арқылы жұптық жұмысты бағалау. Мысалы:Сіздің көзқарасыңызда терең ой бар!

Рефлексия парағы
Сабақ соңында оқушылар төменде көрсетілген кестелерді толтырып,топпен немесе сыныппен талқылау жасауына болады.

Сабақтағы жетістіктерім Оның себептері Сабақтағы кемшіліктерім Оның себептері
 

 

 

   
 
Қосымша ақпарат      
Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға  тапсырманы күрделендіруді  қалай жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың  үйренгенін  тексеруді қалай жоспарлайсыз?

 

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

 

1.Топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушылар оқу үшін шығарма бөлімдерге бөлініп беріледі.

3. Оқиға желісі бойынша суреттермен жұмыс ұсынылады

4. Кейіпкерлердің іс-әрекетін сомдау арқылы диалогке  түседі.

1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау, өзара

Ұсыныс айту бойынша жетістіктерін айқындау.

3. Кері байланыс (ауызша)

4. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолдану.

 

 

Сергіту  жаттығуы
 

Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?

Төмендегі бос ұяшыққа  сабақ туралы  өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы  Сіздің сабағыңыздың  тақырыбына  сәйкес  келетін  сұрақтарға  жауап беріңіз.

Оқушылар  тақырыпты игерді.

 

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Сыныптағы ахуал тапсырмаға сай әр түрлі болып отырды.

 

Мен жоспарлаған саралау шаралары  тиімді болды ма? Жоспарланған саралау шаралары тиімді болды.
Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Берілген  уақыт ішінде үлгердім.

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер  енгіздім және неліктен?

 

Сабақ үстінде жоспарыма түзетулер  енгізген  жоқпын.

Қорытынды  бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды  да, оқуды  да ескеріңіз)?

1.      Топтық  жұмыс
2.      Жеке жұмыс

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды  да, оқуды да ескеріңіз)?

Жұптық жұмыс
Ширату  жаттығу

Сабақ барысында  мен сынып  немесе жекелеген  оқушылар туралы менің келесі  сабағымды  жетілдіруге  көмектесетін  не білдім?

1.      Бағалаудың  түрлерін жетілдіру керектігін білдім.
2.      Тапсырма  түрлерін  жиі пайдаланып,үздіксіз қолдану керектігін білдім.

                 

 

Басқа да материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ